Психология



Pdf көрінісі
бет70/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   322
психикалық үдерістердің
нақты іс-эрекет жағдайындағы 
жүрісін, өзгерісін (динамика)
бақылау. 
Осының нәтижесінде 
мақсат сеп-түрткі 
өте жетілген 
әрекет-қылық реттегіші болып қоймастан, сол әрекет үдерісіне 
араласатын психикалық құбылыстарды белгілі жүйеде 
үйым-
дастырушы 
да. Осы мақсат пен сеп-түрткіге байланысты қабы- 
лдаудағы таңдамалылық, зейін ерекшелігі, жадтағы (естегі) 
қажет ақпаратты жіктеп алу т. б. іске асады.
Іс-эрекетті психологиялық талдаудың нэтижесінде сол әре- 
кеттің объективі болган заттар, әрекет шарттары мен құрал- 
жабдықтарының адам миында бейнелік кұбылысқа айналып, 
осы қүбылыс өз кезегінде әрекетті орындауға қатысатын дене 
мүшелеріне қалайша жетекшілік ықпал жасайтыны айқын- 
далады. Іс-эрекетті зерттей отырып, психология шындықты 
субъектив бейнелеудің формаларын, деңгейін жэне қозғалыс- 
өзгерісін (динамика) жэне сол әрекетті психикалық реттеп оты- 
рудың тетіктерін айқындауы тиіс. Сонымен бірге, психология 
эрқандай іс-эрекеттің оны орындаушы субъекттегі психикалық 
үдерістерге, қалыптарга, қасиеттерге жэне жалпы адамазаттың 
дамуына еткен эсер, ықпалын зерттейді.
Жантану мэселелері қатарында өз түсініктемесін күтетін 
мэселе: іс-әрекеттің санадағы жоспары мен оның нақты орын- 
далу үдерісі арасындағы байланыстың іске асуы. Бұл үшін элі 
орындалмаган әрекет нэтижесінің саналық бейнелену табига- 
тын біліп алу қажет. Мұндай таным қоршаған дүниеде орны бар 
қүбылыстар заңдылықтарына орай топталады. Адам осы заң- 
дылықтарды аша отырып, өз іс-әрекетінде қолданады. Бұл жағ- 
дайда сыртқы заттасқан әрекет ішкі саналық әрекетке ауысады. 
Объективға бағытталған заттық эрекет бір сәтке идеалдық 
(психикалық) амалдарға келтіріледі. Сыртқы нақты іс-әрекеттің 
саналық ішкі әрекетке айналуы 
интериоризация 
деп аталады. 
Бүл құбылысты келесідей көрнекілікке келтіруге болады: алды-


мен адам затаен кейбір эрекетке (нақты не идеалды) келеді; бұл 
сырт эрекет (затты қолына алып, олай-бұлай қарастырады); кейін 
эрекет санаға өтеді де, психикалық эрекетке айналады. Эрекет 
бұл жолда қысқарады, біршама жойылады не өзгеріске ұшы- 
райды. Мысалы, баланың есеп-санаққа үйренуі: алғашқыда — 
таяқшаларды ығыстырумен санайды, кейін — алдында жатқан 
таяқшаларға қарап тұрып санайды, ақырында — санақ нақты зат- 
пен де, оған байланысты әрекетпен де қатысы жоқ дерексіз сана 
эрекетіне айналады. Енді эрекет нысаны — сан мен сөз. Интерио- 
ризацияның арқасында адам психикасы накты мезгілде көздің 
алдында жоқ заттармен де әрекеттік байланысқа келе алады, 
яғни адам сезімдік бейнеден саналық бейне түзу дэрежесіне өтеді.
Сонымен, адам іс-эрекетінде сол эрекеттің ішкі жэне сыртқы 
мазмүны тығыз байланысқан. Сыртқы, затпен байланысты — 
қоршаған дүниеге ықпал етудегі адам әрекеті -ішкі (психикалық) 
эрекетпен анықталады да реттеледі.
Сыртқы заттасқан әрекетті эрдайым ішкі психикалық эре- 
кеттің тысқы көрінісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет