Инженерлік психологияның дамуымен іс-эрекеггі тұрақтал-
ған алгоритмдер сипатындагы кұбылыс деп тану кең өріс алды.
Осыған орай элементтер жөніндегі түсінік те жэне олардың
әрекет, орындау эдістерімен байланысы туралы көзқарас та бас-
қаша болды. Әлбетте, эрекетті алгоритмдік құрылым сияқты
тану іс-эрекеттің орындалу барысын талдауда өте қажет, ал
бірақ
осы эрекеттің психологияны қызықтыратын тарапы, яғни
субъективтік мазмұны мұндай жағдайда назарға ілінбей қалады.
Психологиялық тұрғыдан іс-әрекет өте күрделі, көп өлшемді
де деңгейлі, ұдайы даму — өзгерістегі кұбылыс. Ал осы құбы-
лысты эрқилы ғылыми тұжырымдарға негізделген теориялық
бағыттар, эдетте,
жеке элементерге бөліп, оларды өзара бай-
ланыссыз зерттеуде. Мысалы, бір тұжырым бойынша іс-әрекет
— бірізді өзара ауысып отыратын қимылдар жиынтығы делінсе,
екіншісі — іс-эрекеттің сеп-түрткілік қырына үлкен мэн береді,
ал үшінші бірі -іс-әрекетті реттеп барушы тетікдерді талдауға
көп назар аударады. Іс-әрекетті онымен қоса жүретін физио-
логиялық үдерістермен де байланыстыра
талдау тұжырымы да
жоқ емес. Әлбетте, аталған ғылыми бағыттардың бэрінің де өзін-
дік маңыздылығы орасан, эрбірі өте құнды нәтижеге жеткізіп,
бірін-бірі толықтырып барады. Бірақ олардың әрқайсысы өз
алдына әмбебап сипатқа ие емес.
Сонымен, іс-эрекет — адамның қоршаған дүниемен өзара
ықпалды байланысының жүйесі. Осы жүйеде
психикалык бейне
пайда болып, объектив күйіне енеді, ол іс-эрекеггің саналы қа-
былданған мақсаты болып табылады. Белгілі мақсаттың бо-
луынан эрқандай белсенділікті іс-эрекет деп санауға болады. Ал
іс-эрекеттің бүкіл басқа тараптарының бэрі — сеп-түрткі, іс-әре-
кетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өңдеу, шешім қабылдау
бірде сезілсе, көбіне еске алына бермейді. Алынған күнде де
толық болмауы, кейде тіпті қате де болуы әбден мүмкін. Іс-эре
кет
қай деңгейде танылмасын, саналы мақсат оның қажетті
белгісі.
Тұлғаның әрекеті еңбек іс-эрекетінің қандай да бір көрінісі
ретінде қалыптасқан. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағыттал-
ған әрекет жиынтығы еңбектік іс-әрекеттің белгілі бір түрін
құрайды. Ал еңбектік іс-эрекет әрдайым белгілі өнімге арнала-
тындықтан, адам әрекеті де тиісті нәтижені көздейді. Адам
әрекетінің саналы эрі мақсатты болуы — адамның басқа
жануарлар дүниесінен ажырау белгісі.
Бірақ мақсат қаншама
маңызды болғанымен, оның бір өзі әрекеттің толық мэнін таныта
алмайды. Іс-әрекетке бағдарланған мақсат өзінің біршама
қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған жетем дегенше адам
бір-біріне байланысты, ізбе-із келетін элденеше жеке міндеттерді
орындауына тура келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекет-
тер
амалдар
деп аталады. Әрқандай мақсат көздеген іс-әрекет
орындалу барысының эр мезетіне
орай іске асып отыратын осы
амалдардан құралады. Адам іс-эрекеті әрқилы жэне эр деңгейдегі
әрекеттердің жәрдемімен жүзеге келеді. Ал осы қарапайым бір
міндетті іске асыруға қажет болған біршама біткен іс-әрекеттің
(деятельность) эрбір элементі —
Достарыңызбен бөлісу: