Психология


әрекет  (действие) деп аталады.  Затқа бағдарланған осы әрекет  қимылдар



Pdf көрінісі
бет72/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   322
әрекет 
(действие) деп аталады. 
Затқа бағдарланған осы әрекет 
қимылдар 
(манипуляция) 
бірікпесінен жасалады. Олар — 
алу, орын ауыстыру, босату.
Сапалық жағынан бүл қимылдар дәл-жаңсақ, жылдам-шабан, 
епті-епсіз, бағдарлы-бағдарсыз болуы мүмкін.
Затқа бағдарланған қимылдардан басқа адам іс-әрекетінде 
денені қалыпты ұстау, қозғау жэне тілдесуге қажетті қимылдар 
да болады. Сонымен, эрқандай заттық әрекет белгілі қимылдар 
жүйесімен қамтамасыз етіпеді. Ал бұл қимылдар әрекеттің мақ- 
сатына, заттың қасиетіне жэне әрекет шарттарына байланысты. 
Белгілі әрекеттің орындалуында қатысатын қимылдар өздігінен 
не бір дене мүшесінің қандай да қозғалысқа келуінен емес, 
адамның жеке ниетіне, қозғалысты міндетке орай іріктелуіне, 
орындалатын қимылға деген қатынасына қарай іске аралас- 
тырылады. Ниет өзгерісі де қозғалыс ауқымын бүрып жібереді.
Адам қимылының шын мэні мен жетілгендігі сол қимылды 
қажет еткен саналы эрекетке тікелей байланысты.
Әрекетті құрайтын қимылдар тобы (жүйесі) белгіленген 
мақсатқа орай басқарылады жэне реттеледі. Дэл осы орында­
латын әрекеттің нәтижесі қойылған мақсат түрғысынан 
бағаланады, қажет болса, оған түзетулер енгізіледі. Адамның 
көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбей, ол ендігі 
орындалатын әрекеттің жемісі. Сондықтан, мақсат адам миында 
іс-эрекеттің болашақтағы нэтижелік бейнесі не әрекеттің но-


байы болып із береді. Осы болашақтағы ниет бейнесі эрекеттің 
нақты нәтижесімен салыстырылады.
Әрқандай жаңа іске кірісуде адам істің орындалу тәсілдерін 
білмегендіктен, мақсатқа бағытталған бүтін эрекетті де, оның 
элементтерін де ойланып, саналы барластырып орындауына 
тура келеді. Ал бірнеше қайталай отырып, адам мақсатқа бағыт- 
талған эрекетті енді саналы күш-жігерін жүмсамай-ақ орындау 
мүмкіндігіне жетеді. Саналы эрекеттің орындалу барысында 
кейбір қимыл-элементтердің сана аймағынан шығып, өздігінен 
орындалуы — эрекеттің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет