Оқу-үйретім
(үйренім). Тарихи даму барысында еңбек фор-
малары үздіксіз жетілуде жэне күрделенуде. Осыдан еңбектік іс-
әрекетке қажет білімдер мен дағдыларды еңбек үдерісінің өзінде
игеру анағұрлым қиындықтарға соктыруда. Сондықтан адамды
алдағы еңбектік іс-эрекеттерге дайындау мақсаты осы іс-әрекет-
тің ерекше түрі — оқу-үйретімнің өз алдына бөлініп шығуын
керек етті. Бұл еңбек түрі — басқа адамдардың өткендегі жинақ-
таған
тәжірибесінің
қорытылған
нэтижелерін
үйренуге
бағытталады. Адамзат бұл үшін өсіп келе жатқан әулет өмірі-
нің ерекше кезеңін белгілеп, оқу-үйретімнің арнайы да негізгі
іс-эрекеггігін танытатын жағдайларды жасады.
Әрбір адамның өмір бойы бірізді ауысып отыратын іс-әре-
кеттерінің ортасында оқу-үйренім өз орнын иелеп, ойыннан
кейінгі, еңбектен алдыңғы үдерістік мағынаға ие болады. Оқу-
үйренім ойыннан түбегейлі ерекшеленіп, еңбектік іс-эрекетке
жақындады. Оқу-үйренім барысында еңбек үдерісіндегідей
адам тапсырмалар орындайды, талаптарға бойсынады, міндет-
термен байланысқа келеді. Оқу-үйретімдегі жалпы нұсқаулар
мен талаптар енді ойындық емес, еңбектік сипатқа ие болады.
Сонымен, бұл реттегі негізгі мақсат — бұл адамды болашақтағы
дербес еңбек қызметіне дайындау, ал міндеті — өткен эулет
тэжірибесінің жалпыланған нәтижесін ұғу, игеру. Оқу-үйретім
білімді үсыну жэне игеруге бағытталған екі тарапты үдеріс
бола түрып, шэкірт пен ұстаздың өзара ықпалды іс-әрекет-
терінің байланысынан құралады. Оқу-үйренім — ұстаз ұсын-
ған білімдерді енжар қабылдап қана қою емес, оларды са-
налы еңбек үдерісінде өзіндік қүрал дәрежесінде пайдалану
үшін белсенді игеру.
Оқу-үйренім құрылымы келесі бірліктерден тұрады: төңі-
ректегі заттар мен құбылыстардың қасиеттері жөніндегі ақпа-
раттар, яғни
Достарыңызбен бөлісу: