5.3. Еңбек сипаты
Адамзат іс-әрекетінің тарихи қалыпты түрі —
еңбек.
Еңбек
жалпы — психологиялық емес, элеуметтік категория. Сондық-
тан да оның зандылықтарын қоғамдық ғылымдар зерттейді.
Ал психологиялық тұрғыдан зерттелетін нэрсе жалпы еңбек
емес, еңбектік іс-эрекеттің психологиялық бірліктері. Еңбек
— белгілі қоғамдық мәнді нәтижеге жету үшін бағытталған
белгілі мақсатқа орай ерік күшін қосумен реттелуші мақсат
бағдарлы, саналы іс-әрекет. Басты ниетке байланысты нэтижеге
жету шарасы болумен бірге еңбек — тұлға қалыптасуының не
гізгі жолы да. Еңбек үдерісіңде субъект өнімі ғана пайда бо-
лып қоймастан, сол субъекттің өзі де осы еңбекте кемелденеді.
Еңбектенуден адам қабілеті дамиды, оның мінезі тұрақтанады.
Еңбектік қызметтің психологиялық ерекшеліктері ең алды-
мен оның қогамдық пайдалы өнім жасауга бағытталған іс-эре-
кет болуында. Еңбек үдерісіндегі эрекеттердің бэрі түтасымен
ең соңгы кезеңге, қорытынды нэтижеге тәуелді болуы еңбектік
сеп-түрткілерге өзіндік сипат береді: мақсат іс-эрекеттің өзінде
көрінбей, оның өнімінен байқалады. Ал еңбектің қоғамдық
бөлшектенуі бұл ерекшелікті айқындай түседі. Әрқандай адам
өз қажеттігін қанағаттандыру үшін барша заттарды өңдіре
алмағандығынан, адам әрекетінің сеп-түрткісі оның өз іс-әре-
кетінің өнімімен емес, басқа тұлғалардың қоғамдық қызметінің
өнімімен байланыста болады.
Еңбек желісінде тек еңбек кұралдары (техникасы) ғана емес,
адамның сол еңбекке деген қатынасы да үлкен мәнге ие. Адам
еңбегінің сеп-түрткілері де нақ осы қатынастан. Адамның еңбекке
бағытталған субъектив қатынасы санада бейнеленетін шынайы
қоғамдық қатынастарға тэуелді. Әдетте, еңбек адамның қалыпты
қажеттігі. Еңбек ету — өзінді іс-эрекетте көрсете білу. Әрқан-
дай нақты іс-әрекеттегідей, еңбекте адамның барша қасиетгері
мен сапалары қатысып, көрініс береді. Әрқандай еңбек түрінде
өзіне сай еңбек құралдары қолданымын таба білуі қажет, адам
міндеті — сол құралдарды қолдану тэсілдерін игеру. Ал бұл
ушін жүйелі білім мен дағдылардың мэні күшті. Мұнеыз ешқан-
дай еңбек болуы мүмкін емес.
Баланың эрқандай даму кезеңдеріне сай еңбек эртүрлі бо
лады. Бүгінгі нақты іс-әрект ендігі іс-эрекеттің дайындығы:
тиісті қажеттіктер дамиды, танымдық мүмкіндіктері мен әре-
кет-қылық ерекшеліктері ашылады. Осыған орай психологияда
іс-әрекеттің жетекші түрі ұғымы қалыптасқан. Қай жас кезе-
ңінде болмасын іс-әрекеттің үш түрі де (ойын, оқу-үйренім,
еңбек) өз маңызына ие, бірақ белгілі бір кезенде олардың
эрқайсысына деген қажетсіну әртүрлі, өзіндік мазмұнға ие. Ал
осылардың ішінде жас кезеңіне байланысты бала психикасына
маңызды өзгерістер енгізіп, ондағы танымдық үдерістер мен
тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал жасай алатыны
ғана іс-әрекеттің жетекші түрі деп есептелінеді.
Мектепке дейінгі жастағы бала үшін (оның еңбектенуге де,
оқу-үйренімге де ықласы болғанымен) мұндай әрекет түрі-ойын.
Ал мектепте (бірінші сыныптағылардың ойын-құмарлығы ба-
сылмаса да) оқу-үйренім еңбегі басым келеді. Кемелденген сайын
еңбектің мэні арта түседі. Жетекші қызметпен шұғылдану
барысында субъект дамуымен қатар келесі жас кезеңіне сай жаңа
жетекші іс-әрекет қалыптасып барады. Осы жетекші іс-әрекет
түрімен айналыса, бала өзінде әлеуметтік ортамен болатын жаңа
қатынастарды, жаңа білімдер қоры мен оларды игерудің эдіс-
терін үйреніп, өзінің танымдық аймағы мен психологиялық
құрылымын өзгеріске келтіреді. Бұл түрғыдан іс-әрекетгің бар-
лык түрлері де тендей мэнді де маңызды
|