Психология



Pdf көрінісі
бет89/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   322
альтруистік 
қатынас деп атайды. Альтруист адам- 
дардың барша ойы, іс-әрекеті эрдайым тек жақсылыққа, қай 
жағдайда да жәрдем етуге бағытталады.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші жайт- 
тардың бірі психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік). Көп 
жағдайда адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірін- 
бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айыр- 
машылықтардан өзара қатынастарын қалыпка түсіре алмайды. 
Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар 
арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, 
уақыт өтумен бірте-бірте өрбі түскен арақатынастағы жеке 
психологиялық үйлеспестік олардың ресми байланыстарының 
кедергісіне айналады.
Адамдар арасында қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар 
себеп — бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дами- 
тын әлеуметтік-психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі 
немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орта- 
ларында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен 
өзгерген элеуметтік-саяси жағдай оларды эртүрлі партиялар 
мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мүндай жағ- 
дай жастарда кездесіп тұрады: өзара келісімді жас жұбайлар- 
дың өмірі кенет олармен йсихологиялық үйлесім таппаған жа-


қын туысқандарының ықпалынан кұрдымға кетеді. Мейлі, бұл 
жас жұбайлар арасындағы қатынас кейін ресми бекігенімен, 
тату-тэтті туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты 
жалғасын табуы қиын.
Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне жэне бір 
себепші құбылыс — бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы 
топтаған 
тұрмыстық-элеуметтік 
тәжірибе 
адамға, 
оньщ 
төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигіз- 
бей қоймайды. Жас деңгейі эртүрлі адамдардың бір оқиғаға 
болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жас- 
тық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеуші- 
лік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талға- 
мы үлкендерге үнай бермейтініне бәріміз де куэміз. Бүл жағдай 
эулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз эсерін 
білдірмей коймайды.
Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын 
адам өзі сезе алады ма, не сезбейді ме? Бүл сүраққа жауап бір- 
неше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақгы адамның ой- 
өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама 
жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынасын жақ- 
сы түсініп, дүрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орын- 
ды сезіну жэне бағалау жоғары дамыған рефлекстік кабілетті 
керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигна- 
лдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап 
бере алу).
Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға 
қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не 
біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап 
қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екі үшты немесе 
амбиваленттік жэне өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипат- 
тарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды баға- 
лау күрделірек келеді.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты 
адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас 
адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында 
соғұрлым дэлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегі- 
лермен байланысына аса үлкен мэн берген адамдар, арақа-


тынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім ке- 
леді. Керісінше, кімде-кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам 
ондай да қарсыласын түбелегін түсіре жамандауға ниеттенеді 
де тұрады.
Әрқилы адамдардын өзара қатынастарын тануда көптеген 
жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, пара- 
сатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, 
дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір 
айтуға тіпті өресі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің 
өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана, сезімі 
жетпей калады.
Адам аралық қатынасгар толық қалыптасып, орныққаннан 
былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға 
тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, 
мекеме және топтар — түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлес- 
тіктердін негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақ- 
тылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар 
арасыңдағы өзара байланыстар тұрақтылық дэрежесінің бір- 
шама кемдігімен ерекшелінеді.
Үлкен элеуметтік топтардағы қызметгік, ресми қатынастар 
өзінің күшті мызғымастығымен байқалады, кіші топтағы бай­
ланыстар да біршама осылай. Ірілі-кішілі қауымдастықтардағы 
қарым-қатынастар көптеген өмірлік маңызы зор себептерге 
тәуелді, соңдықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды 
өзгерте бергенді онша кұптамайды. Егер күнара субъекттердің 
ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыраны 
таусылмай кетері баршаға аян.
Жеке адамдар арасыңдағы қарым-қатынастар өте нэзік те 
үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар 
сол қатынас иелерінің кұбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыт- 
тың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақ- 
тала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасын- 
дағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, 
адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, бай- 
ланыстарға кұлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне 
жетеді. Қатынастардың тұрақталуының жэне бір жөні — 
адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көні- 
гіп, өзара үйлесімге бейімделуі.


Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бүдан 
былайғы қатынастардың кай сипатта боларын аңғара салу өте 
қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде 
үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әй- 
теуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен 
қүрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мүңдай жағдайлар 
адамдардың бір-біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен 
кабылдауына байланысты психологиялық зандылықтарға орай 
туындайды.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың 
сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулы- 
ғы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса 
төңірегіңдегілермен қатынас та эп-эдемі, үйлесе түседі. Көңіл- 
күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан эрі беки түседі, ал 
қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасында қатынастар олардың жеке мінез-құлы- 
ғына да байланысты. Әрдайым үнамды арақатынастардың 
орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, 
достық пен ұжымдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, 
күмэншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік — қалыпты 
қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.
Ой-өрісі кең дамыған, жасы бар адамдар өз қатынастарын 
меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе бермейтін іс, се- 
бебі көп жағдайда аралық қатынастардың мэнін соларды тү- 
зуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты 
саналы басқару мүмкін емес.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қой- 
мастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда 
адамға жәрдемге келетін — оның даралық ерекшеліктеріне 
қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынас- 
тарды жеңіл де ұтымды реттейтін — адамдар арасыңда кәсіби 
кызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре эңгіме айта білетін, 
әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: 
саясаткер, мекеме жэне өндіріс басшылары, мүғалімдер, дәріге- 
рлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай 
білу қабілетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет