Психология


тұлғалық қатынастар психологиясын



Pdf көрінісі
бет90/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   322
тұлғалық қатынастар психологиясын 
үздіксіз 
үйрену арқылы жетілдіре, дамытып болады.


6.2. Адамдардың бірін-бірі цабылдауы мен түсінуі
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, 
олардың бірін бірі қабылдай алуы, түсінуі жэне бағалауына 
байланысты, яғни ортақтасу нәтижесінде бір адамның екінші- 
сінің кейіпі жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның 
тұлғалық кейіпін оның сырт пішіні мен психологиясын жэне 
әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал 
психологиялық бейне (кейіп) эр адамның қажетсінуінен, қылық 
сеп-түрткілерінен, мінез бітістерінен, эрқандай өмірлік жағ- 
дайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрі- 
неді. Бүлардың бэрі қазақтың «Ат кісінескенше, адам сөйлесіп 
кенше» дегеніндей эңгімелесу барысында назарға алынып, са- 
нада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге 
негіз болады.
Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған бол­
тан қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық 
ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Адамды жөнімен 
танып, дүрыс бағасын беріп, оның әрекет-қылығының мақсат- 
тары мен сеп-түрткілерін айқындап, ол тарапынан болып қалар 
жауапты әрекеттерді күні бұрын болжастыра, біз бұлардың бэрін 
өз қажеттіктеріміз жэне мүдцелерімізбен салыстырамыз, әңгі- 
мелесудің қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екі 
тарапқа да ортақ ниетгерді табумен тұлғалар арасындағы 
қызметтік қатынастарға кірісеміз. Сонымен, қызықтырған адам- 
ның мінез бітістерін біліп алып, енді оған бағытталған өз әрекет- 
қылығымызды таңдаттырамыз. Қайткенде де, біз таңдаған 
әрекет-қылық түрі ол адамның даралық қасиеттеріне сәйкес 
болғаны жөн. Өсының нәтижесінде екі адам ортасында толық 
өзара түсінім, жайлы да берік аралық қатынастар орнығады.
Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, біз оның 
нақты көңіл-күйіне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, терең- 
дете түсуге мүмкіндік аламыз жэне өзіміздің, оның жэне төңі- 
регіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психология- 
лық ықпал етудің жолдарын іздестіріп, пайдаланамыз. Егер біз 
қатысқан адамдарымыздың эртүрлі түрмыстық жағдайлардағы 
әрекет-қылығын күні бүрын болжастыра алсак, оның мінез-құ-


лығын қажетті бағытта басқаруға жэне онымен ұнамды адам 
аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкіндіктерге ие 
боламыз.
Бөгде адамның тұлғалык дәрежесі жөнінде біз оның дене 
кұрылымы, психологиялық жэне қылық-эрекеттік белгілері 
бойынша топшылаймыз. Бұл белгілер адамның сырт көрінісінен, 
киімінен, эрекет-қылығынан, сөзінен, бет әлпеті мен ым-иша- 
расынан байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық 
бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен, 
бұлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Әрқандай 
адам жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы сырт келбет 
пен сөз, қылық көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам 
мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дэ- 
лелдеген (Э. Кречмер, У. Шелдон т. б.). Дене кұрылымы ерекше 
бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсамас. 
Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пик­
ник. атлетик. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет