— жаңалықты әсерлену тэсілі іске кіріседі, яғни талдауға түс-
кен адамның кейіпі ол жөніңдегі ең соңғы мәліметке орай
қүрылады.
Ықтималды болжай әсерлену деп келесі кұбылысты тү-
сінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру
қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын,
қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспар-
лайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөлектері бойынша ойда
белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере
алады.
Оқиғалар мен құбылыстарды дэл болжастыру кажеттігі
адамдардың өзара түсінуі мен бірін-бірі қабылдауында өте ка
жет. Мысалы, адамға тэн белгілі бітістері бойынша оның элі
белгісіз, бірақ онда болуы тиіс қасиеттерін де анықтауымыз
мүмкін: батыр адам эрқашан ад ал да аңғал болатынына ешбір
күмэнданбаймыз, совдай-ақ, қорқақ эрдайым өтірікші, мәде-
ниетті — ой-әрісі кең, кайырымды — үйіршең, сенгіш, өшпенді
адам — эрқашан тұйық, күмэншіл келеді. Егер өмір жағдай-
лары адамның элі белгісіз қасиеттері жөніндегі біздің болжамы-
мызды растайтын болса, онда болжастыруға деген біздің сені-
мімізді бекіте түседі не керісінше де болуы мумкін. Адамның
болжастыру кабілетіне өмірлік тәжірибе өзі түзетулер енгізіп,
нақтылап барады.