Психология


Пикник  типтес адамдар — көңілді, үйіршең, әңгі-  мешіл, эрқандай қиыншылыққа жасымайды;  астеник



Pdf көрінісі
бет91/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   322
Пикник 
типтес адамдар — көңілді, үйіршең, әңгі- 
мешіл, эрқандай қиыншылыққа жасымайды
астеник 
адамдар 
— көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып 
жүреді; ал 
атлетиктер 
— ұстамсыз, дүлей келеді.
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын 
көрінеді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз 
ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу үдерісіндегі тыныс- 
тары мен жеделдігіне орай тұлғаның ерекшеліктерін байқай- 
мыз. Адамның сөйлеу мэнерінің біразы туа беріледі де, көбі 
тэлім-тэрбие барысында пайда болады.
Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық 
бейнесі түрақты келеді де, көбіне ауыспалы болады. Адамның 
сырт көрінісіне орай оның кейіпі біршама өзгеріссіз сақталады. 
Осыдан біз адамды көпшілік ішінде ажырата білеміз. Жэне бір 
тұракты сақталатын қасиеттер адам мінезі, қылық-әрекеті мен 
әдеттері. Осылар бойынша санамызда жасалған кейіптер арқы- 
лы біз көп заманнан ажыраған адамымызды танимыз.
Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты 
болып көрінеді. Ал сөйлесе келе, оның әрекет-қылығына мэн 
бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, 
алғашқыда танымасақ та, адамның мінез бітістерінен, эрекет-


қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақында- 
суға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейне- 
сінде үлкен мэн ойнайтын мінез бітістері, екінші орында адам- 
ның сырт көріністері.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер 
— адамның кажетсінулері, эрекет-қылық ұмтылыстары мен 
қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, 
бірақ бұл үшін аталған белгілерді сол адамның сырт көрінісі 
мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал 
енді адам өзін-өзі сарапқа сала алады ма, жоқ па деген сұракка 
жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер 
адам өзін-өзі түк танымаса, онда оньщ қауым ортасындағы 
әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, 
түрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мүндай адамның 
қатынас кылығы мен іс-эрекеттері ақыл оралымынан алшақ, 
төңірегіндегілердің ісімен сэйкестік таппайды. Егер адам өз 
әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-қадамдары кей- 
бір жағдайларда оғаш көрінеді. Егер де адам бала сияқты был- 
дырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстамдығын 
танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге алады, 
не сайқымазаққа телиді.
Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бэрін біле берсе, онда 
өмірге деген қызығушылықтың да қажеті болмай қалары сөзсіз, 
себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға 
деген жоғары ынта-ықыластан нэр алады. Адамның қалыпты 
өмірі үшін өзін-өзі біле алмастық та, аса көп білу де сиыспай- 
тын құбылыстар.
Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің 
мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл 
мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдау- 
ларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік 
талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-қылығының сеп-түрткі- 
лерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жатқан немесе 
моральдық тыйымдарга байланысты санаға жат психологиялық 
бітістерін тіпті де білмейді..


Адам өзі жөніндегі шындыкты басқалардың оның іс-әреке- 
тіне болған қатынасынан байқауына болады. Өз әрекеттері мен 
сол әрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жана- 
ма түрде өзі қасиеттері мен сапаларын болжастыруына болады.
Іс-әрекетте нэтижеге жетісе, мақтау алып, не сәтсіздікке ұшы- 
рап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен эр 
тұлға өзінің қабілет деңгейін сезеді. Өмірде жетіскен ісіне 
қанағаттануын, болмаса қанағаттанбауын ішкі, ниетті пси- 
хологиялык бейнемен салыстыра алса, адам өз қажетсінулері 
мен сеп-түрткілерінің оң не теріс бағытын дұрыс та толық тани 
алады.
Есте ұстайтын жайт, өз бағаңды қорытындылауда толығы- 
мен басқалар пікіріне кұлай түсуге болмайды. Себебі өзіңіз 
үнамды қатынастағы адамдар сізді асыра мақтауға дайын 
тұрса, қалай да жек кәретін адамдар — сізде бірде-бір ұнамды 
қасиет көре алмауы мүмкін. Сонымен бірге, эр адам өзінің шектен 
тыс долылық афферент жағдайындағы әрекетін тіпті де біл- 
меуі мүмкін, себебі мұндай саналық басқарудан айрылған 
кезде, адам өзіне деген басқалардың көзқарасына баға беріп, 
эрекетін байқастыру қабілетінен айрылады.
Адамның өзін-өзі тануы төңіректегілердің қабылдауы мен 
бағасына тығыз байланысты, кеңірек айтар болсақ, барша 
адамдардың өзара түсінісуіне тэуелді. Күнделікті тұрмыстық 
қатынастар, ортақтасу негізінде адамның психологиялық бей- 
несін түзу үшін келесі тэсілдер қолданылады: бітіс таңу, алғашқы 
әсерлену, жаңалықты эсерлену, ықтималды болжай әсерлену, 
асыра сілтей эсерлену, тұлғаның бітістерді біріктіре эсерленуі 
(Р.С. Немов).
Адам кейпін жасаудың ең көп тараған тәсілі бұл бітіс танѵ. 
Оның мәні: адам төңірегіндегілерді өзіне тэн қасиеттер мен 
сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші 
біреулерге таңады, оның қылық-әрекетін түсінгісі келіп, өзін 
сол адамның орнына қоя салады. Мұндай тәсіл бір адамға біткен 
мінезді екінші адамға таңа салуда да көрінеді. Осылайынша, 
басқалардың мінез, әрекет-қылық бітістерін өзімізді қызықтыр- 
ған адамға таңу арқылы да нақты тұлға жөнінде бір жөнді 
психологиялық мәлімет топтастыруымызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет