танымдық, ө)
жалпы еңбектік, б)
қүрама-техни- калық, в)
үйымдастыру-технологиялық, г)
қызметтік-ба- қылау (Е.А. Милерян).
Қандай да бір эрекетті орындауға байланысты жай ептіліктер
кездейсоқ еліктеуден қалыптасуы мүмкін. Ал іс-әрекет неғүр-
лым күрделенген сайын ептіліктердің
пайда болуы білімге,
нысан мазмұнына, нысан жэне тұлға арасындағы әрекеттік бай-
ланыстарды танып, салыстыра алуға тэуелді.
Автоматтанған әрекеттердің жэне бір түрі — бұл
әдет. Дағды
мен әдет арасындағы негізгі ерекшелік: дағды эрекетті сана
қатысынсыз үйреншікті қалыптасқан қимылдар арқылы іске
қосу, ал әдет — қандай да бір эрекетті орындауды қажетсіну
немесе адамдық қасиетке айналдыру. Мысалға, баланың қол
жуу, сәлемдесу ж. т. б. әрекеттері. Әдет адамды қандай да эре-
кет түрлерін тұрақты орындап жүруге бейімдестіреді, олар пай-
далы да зиянды болуы мүмкін. Сондықтан балада алғашқыдан
пайдалы әдеттер қалыптасуы үшін белгілі бағыттан ауытқы-
май, тұрақты талаптарға негізделген тэрбие жұмыстарын үзбеу
қажет.
Адамда әрқилы іс-эрекет түрлерінің пайда болуы мен дамуы
күрделі де ұзаққа созылған үдеріс. Бүкіл өмір барысында бірін
бірі ауыстырып, өзара тығыз байланыста жүріп отыратын үш іс-
эрекет түрі бар: