Психология



Pdf көрінісі
бет67/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   322
ңогамдық-тарихи
категория. Шынында да, қалаған 
жеке іс-әрекет қоғам қызметімен тығыз байланыста, эрбір тұлға 
— басқа адамдармен қарым-қатынаста. Жеке іс-әрекет қоғамдық 
іс-эрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарасты- 
рылады. Қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс жеке, 
дара іс-эрекет жасалмайды. Жеке іс-эрекет қоғамдық іс- 
әрекеттің курылымды бөлігі болғандықтан, оны зерттеп талдау 
да осы жеке эрекеттің қоғам өміріндегі мэнін білуден бастал-


ғаны жөн. Сондықтан жеке іс-әрекет белгілі қоғамның кезең- 
дік тарихи даму сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдык 
қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.
Қоғамдық қатынастар тұлғалардың іс-эрекетінен тыс болуы 
мүмкін емес. Керісінше, іс-эрекеттің қайсысы болмасын қо- 
гамдық қатынастардың іске ауысуын байқататын негізгі 
формалардың бірі. Белгілі қоғамдағы іс-әрекет түрлері сол қо- 
ғамдағы өндірістік күштердің даму деңгейі жэне қалыптасқан 
қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Іс-эрекетте ғана 
адам 
қогамдьщ тұлга, азамат
болып танылады.
Іс-әрекет эрдайым міндетгі түрде психика қатысуымен 
түзілетін субьекттің объектпен байланысы. Қандай да бір іс- 
әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, 
есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет 
желісінде оның қандай да көңіл-күй шарпулары (эмоция) туын- 
дап, ерік сапалары іске қосылады, ниет ұстанымдары (уста­
новки) мен қатынастары ж. т. б. қалыптасады. Бұларсыз ешбір 
іс-әрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүр- 
ген адамдардағы үдерістер, қалыптар мен қасиеттердің бэрі 
осы іс-әрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.
Іс-эрекет кырларының ішінде психологияның зерттейтіні іс- 
эрекеттің субъективтік жоспары, яғни эрекетшең адамның дүние 
шындығын өзінше бейнелеу деңгейі, түрі жэне формалары. Бұл 
бағытта психологияны қызықтыратын құбылыстар: сеп-түрткі 
(мотив), мақсат қою, ерік жүмсау, көңіл-күй білдіру ж. т. б. — 
қоғамдық қатынастарды субъектив бейнелеудің арнайы фор­
малары. Субъектке байланыссыз іс-эрекет ешқандай психо- 
логиялық сипатқа ие емес. Ондай қасиет тек эрекет иесі — 
субъектте ғана болады.
Белгілі жағдайда адамды, нақты іс-әрекетке бағыттайтын 
ықпал қандай нәрсе? Адамды барша тіршілік иесі сияқты бел- 
сенді іс-эрекетке келтіретін күш — бүл 
қажетсіну,
яғни 
индивидтің өзінің тіршілік жэне дамуының қажетті жагдайла- 
рына тәуелділігінің көрсеткіші.
Хайуанаттар әлемінде қажеттікті қамтамасыз ету белсенді- 
лікке мэжбүр ететін қандай да бір табиғи затқа байланысты 
(қорек, ін, қарсы жынысты түр т. б.). Ал адам қажеттіктері өн- 
діріс пен мәдениеттің даму салдарынан туындайды. Егер жа-


нуарлар қажетсінуін табиғи (органикалық) деп есептесек, онда 
адам қажеттігі табиғи қажеттіккс үстеме, тікелей заттық мэні 
мен әрекетінен алшақтап, жанама түрге келген құбылыс. Мы- 
салы, сэбидің 
үстел
басында отырып, 
қасықпен
тағам қабыл- 
дауы оның жалғыз-ак тамаққа деген қажетсінуінен емес. Үстел- 
дің де, қасықтың да тіпті керегі жоқ. Бірақ коғамда қабыл- 
данған тәрбие талаптарына орай аталған затгар негізгі табиғи 
қажеттілікті қамтамасыз ету үшін керек болған қосымша қо- 
ғамдық қажеттіктер. Адамның қылық-әрекетінің формасы тіке­
лей қажеттіктен емес, ал сол қажеттікті қанағаттандыру үшін 
қоғам тарапынан қабылданған әдістерге тәуелді.
Адамның өз қажеттіктерін қамтамасыз етуде нақты қоғамда 
тарихи қалыптасқан тәсілдерді пайдалануы осы қажеттікті 
орындаудағы жеке жэне қоғамдық әрекеттің бірігуінен айқын 
көруге болады. Бұл соңдай-ақ эрбір жеке адамның өзінің ең 
қарапайым қажеттіктерін қанағаттандыру үшін (қарын той- 
дыру) қоғамдық еңбек бөлісі нэтижелерін пайдаланады (ша- 
һарлықтар ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруде, жинауда қа- 
тыспайды, бірақ өз өнімдерін айырбастау арқылы ауыл өнім- 
дерін қажеттігіне пайдаланады). Қажетсінудегі жеке жэне 
қоғамдық мүдделердің байланысты болуын эрбір адамның 
жеке қажеттіктерінің өзі араласқан котам, ұжым, топ қажет- 
тіктерімен тығыз байланыста болуынан деп түсіндірген орын- 
ды. Сондықтан да бір топқа саналы біріккен адамдардың қа- 
жеттіктері де бірыңғай келеді (мысалы, отбасында, сыныпта, 
бригад ада).
Қажеттіктерді келіп шығу көзі жэне мазмұны бойынша бе­
луге болады. Өз туындауына орай қажетсінулер табиғи (орга- 
никалық) жэне мәдени сипатқа ие. 
Табиги қажеттілік
адамға 
өз тіршілігін сақтау мен қуаттау жэне ұрпақ жалғасы үшін ке­
рек (тағам, ұйқы, суықтан жэне ыстықтан сақтану т. б.). Табиғи 
кажеттіктер қамтамасыз етілмесе, адам тіршілігі күйзеліске 
түседі не жойылады. Ал 
мэдени ңажеттіктер
объективына 
қандай да табиғи қажеттіктерді іске асыру үшін қолданылатын 
заттар (шанышқы, қасық жэне т. б.), сондай-ақ басқа адам- 
дармен қатынас үшін, қоғамдық өмірге араласу үшін керекті 
мүліктер. Мәдени қажеттіліктер қамтамасыз етіпмеуінен адам 
өлмейді, бірақ оның әлеуметтік болмысы жойылады.


Қоғамдық талаптар да мәдени қажеттіктердің сан алуанды- 
ғына бастау береді. Әр топтарға араласа жүріп, жастар кең 
ауқымдағы мәдени қажетсінулерге ұшырайды: сәнді, заманына 
сай киімнен, кино кейіпкерлерінің суретінен бастап, мэнді әрі 
қызықты кітапқа дейін. Ал енді осы қажеттіктердің ішкі, субъек- 
тив бағасы адамның қүндылық талғамы мен көзқарасына тәуел- 
ді болса, олардың сыртқы, объектив қүны қажеттіктердің адам 
өмір сүріп жатқан қоғам талаптарына сай келуіне байланысты.
Мазмұндық сипаты бойынша қажеттіктер заттасқан құнды- 
лық (тағам, киім, баспана, тұрмыстық мүліктер ж. т. б.) жэне 
рухани құндылық — қоғамдық сана өнімдеріне тәуелдіктен 
шығатын (ой, пікір алмасу қажеттігі, ақпарат қажетсіну, эн-күй 
тыңдап, сұлулықты сезіну керектігі ж. т. б.) құндылықтар бо- 
лып бөлінеді. Адам қажеттіктерінің бэрі өзара тығыз байла­
нысты. Заттық қажетсінулер орнына келмей, рухани қажеттік 
қанағатын таппайды.
Алайда, қажеттілік өздігінен саналы әрекет туындата алмай- 
ды, болған күнде де инстинкттік не ойсыз кылыққа себеп болуы 
мүмкін. Мақсат бағдарлы іс-әрекет түзілуі үшін қажеттілік сол 
қажеттілікті қамтамасыз етуге керек балған затпен сәйкестенді- 
рілуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет