П. Линдсей мен
Д. Норман естің бір-бі-
ріне ұксамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсер-
дің тікелей, нақты ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.
Сезімдік әсердің тікелей, накты ізі. Бұл ес жүйесі біздің
сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық эрі дэл
сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған
орта ақпараты жадымызда өте кысқа мерзімге ғана орныгын,
0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.
1. Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін одан келген
сезімнің қалайша өшетініне мэн береңіз: қағу тоқтағаннан соң
да болған қағылу сезімі біршама уақыт сақталып барып, соң
жойылады да, кейін тек қағу әрекеті болтаны ғана есіңізде
қалады.
2. Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сол мезетте ашумен,
қайта жұмыңыз. Ашып-жұму арасында қас-қагымда көрген
заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақ-
талып, кейін жайымен жойыла бастайды.
3. Қалам не сұқ саусагыңызды көз алдыңызда онды-солды
жүргізсеңіз, қозгалган затқа оның бүлдыр сагымы ергенін
байқайсыз.