Психология



Pdf көрінісі
бет160/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   322
А.А. Смир­
нов 
жэне 
П.И. Зинченко 
естің саналы іс-әрекетпен байла- 
ныстылығы жөніндегі жаңа эрі мэнді зандарын ашып, жадта 
қалдырудың алға қойылған мақсатқа тэуелді болатынын дәлел- 
деп эрі күрделі материалды есте қалдырудың тэсілдерін белгі- 
леп, ұстаз тағлиматын одан эрі толықтырды.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына 
қарамастан, естің физиологиялық тетіктері мен өзіндік табиғаты 
көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті 
«материянын жалпы қасиеті» деуден аспады. Кейінгі 30 жыл 
ішінде ғана бүл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс бер­
ді. Бұл кезендегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау


жэне жаңғырту тереңде жатқан биохимиялык өзгерістермен 
байланысты екені анықталып, оның РНҚ (рибонуклейн қыш- 
қылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін био- 
химиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.
Ақырында, ес іздерін сақгауға қажетті ми аймағын табуға 
жэне есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік тетіктерін ашуға 
ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес үдерісін 
тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіз- 
дердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі — біртекті 
қарапайым қызметтен құралмайтыны 
белгілі 
болып отыр. 
Оның қүрамы саналуан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет