¥зақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған
оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте
сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ
мерзімді ес — жадта сақтау жүйесінің маңызды да эрі күрделі
түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте
шектелген: біріншісі — шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі
— материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетгі. Ал
ұзак мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше
минуттан артық сакталғанның бэрі ұзақ мерзімді еске кіреді.
¥зақ мерзімді еске байланысты киыншылық — бұл санадағы
ақпарат іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі
мәліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін
емес. Солай болса да, сана қорымыздан қажетті деректер дер
кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды.
Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймак көлемінің шегі барын
мойындамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты.
Ғылымда дэлелденгендей, ми 10 млрд. нейроннан түрады, ал
эрбір нейрон аса көп санды ақпарат сақтауға кабілетті. Бірақ
эрбір тұлға миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның
биологиялық, әлеуметтік дамуына тәуелді.