Э. Фрейд, оның шэкірті
К.Г. Юнг ұсынған. Ол бойынша эрқандай тұлға өз алдына жүйе
ретінде танылып, өз ішіне келесідей элементтерді қамтиды.
«Мен» (эго), дара бейсаналық жэне оның бірігімдері, ұжым-
дық бейсана жэне оның бастау негіздері, тек өкілі (персона)
жэне т.б.
Көптеген психолог-ғалымдар тұлғаның кұрылымдық бірлігі
ретінде
«бітіс» (черты,) категориясын ажыратады. Осыған орай
«бітістер теориясын» ұсынған.
Г. Олпорт бұл тұлға элемен-
тін екіге ажыратады: 1)
жалпы тұлғалық бітістер (белгілі
мәдениет шеңберінде жасап жатқан адамдардың көпшілігіне
тэн қалаған тұлғалык сипат); 2)
дара түлғалық бітіс (диспо
зиция-баска адамдармен салыстырып болмайтын, тек бір ғана
тұлғаға тэн болып, оның бірегейлігін танытушы ерекше қасиет).
Тұлға бойындағы психикалық бітістердің бәрі өзара бай-
ланысты, дегенмен өз дербестігіне ие, бір-біріне тәуелсіз эр
адамдағы бітіс екінші біреудің, көпшіліктің таңған ойы емес,
ол нақты адамда нақты көрінетін шынайы кұбылыс (біреудің
өкпешілдігі, екіншінің — даңғойлығы, үшінші біреудің-иман
жүзділігі жэне т. б.).
Тұлға бітістерін әрқилы негізде топтастыруға болады: