Психологияда бақылау локусы (локус — орын, Д. Роттер)
деген ұғым қабылданған. Осыған орай өз қылықтары мен істе-
рінің себебін тыстан іздеушілер сыртқы бакылаулы (экстер-
налды), ал себеп-салдардың көзін өзінен табуға тырысатындар
ішкі бақылаулы (интерналды) болып бөлінеді. Экстерналды,
яғни сыртқы себептерге жүгінетіндер эрдайым өз қабілеттеріне
сенімсіздікпен қарайды, тұрақсыздық көрсетеді, меңзегенін
кейінге қалдыруға бейім,
жауапкерлігі кем, төңірегіндегілердің
бэрі оны қобалжытады, осыдан ол күмэншіл, шамданғыш,
ызақор. Ал интерналды адамдар өз қылықтары мен істерінің
жауапкершілігін өздері көтеруге қабілетті. Мұндай тұлғалар-
дың өзіне деген сенімі мол, мақсатқа жету жолында бұлар бі-
різділік пен табандылық танытады, өз ісіне талдау жасай алады,
мінезі байсалды, қайырымды, қауымшыл эрі тәуелсіз келеді.
Ерік эрекеттерінің ішкі не
сыртқы бақылауда болуының
ұнамды да кері әлеуметтік салдары бар, сонымен бірге ол тәрбие
барысында қалыптасып, тұлғанын тұракты қасиеттеріне өтеді.
Адам еркі басқа да көптеген қасиеттермен ерекшеленеді.
Олардың і шінде аса маңыздылары:
ерлік, тәртіптілік, іскерлік,
т. с. с. — бұлардың бэрі де жоғарыда аталған ерік сапа, қасиет-
терімен тығыз байланысты.
Еріктің ұнамсыз тараптарының бэрі тұрмыстағы кэдімгі ерін-
шектікпен ұштасады. Еріншекте іске деген құлық, ниет, оны
орындауға талпыныс болмайды. Қызығы, көп адамдар ерін-
шектігін бетіне басқанға «бауыр еті жарылып» өкпелегенімен,
бұл қасиетін «қайтейін, осылаймын»
деп жеп-жеңіл мойындай
салады, өзінің тұрмыстық ебедейсіздігі мен элжуаздығын ақтау
үшін оны психологиялық қорғаныс кұралы ғып пайдаланады.
Барша ерік сапалары мен қасиеттері адамның өмір барысын
да, іс-әрекетке араласуынан қалыптасады. Бұл дамуда әсіресе
балалық шақ үлкен маңызға ие. Әркандай психикалық үдеріс
сияқты ерік те өз бетінен болмай, тұлғаның жан-жақты ке-
мелденуімен бірге әрістейді. Балалык шақта өрбитін ерік қа-
сиеттері көптеген элеуметтік-қоғамдық ықпалдарға тәуелді,
солардың ішінде отбасының орыны ерекше. Балалардағы ерік
қылықтарына байланысты кемшіліктер: өжеттік пен тентектік-
тің көзі ата-аналардың қате тәрбиесінен:
уақытында ұста-
мдылыққа үйретпеген, тілегенінін бэрін қанағаттандыруға ты-
рысқан, белгілі тежеулерге үйретілмеген, т. с. с. Ал, қандай да бір
әрекетте күш сала білуге дайындық өздігінен болмайды, оған
арнайы үйрету қажет, тиісті эдеттерге баулудан сәби ерік күшін
дұрыс та қажет бағытта жұмсауға дағдыланады.
Отбасы тәрбиесінің жэне бір болымсыз қыры — баланы,
әдетте, орындалмайтын, мүмкіндігінен тыс жүктеме, тапсырмаға
жегу. Осыдан белі бекімеген жас тұлғада бастаған ісін аяқтамау
әдеті қалыптасады, жұмыс нэтижесінен қандай да лэззат қуа-
нышына белене алмай, бала түңіледі, бүдан былайғы тапсы-
рыстарға бет бақпайды.
Бала
әрекеті негізінен
еліктеуден
болады. Осыдан ерік ка-
сиеттерінің қалыптасуында ата-ана, тэрбиеші және т. б. өнеге-
үлгісі маңызды келеді. Көркем эдебиет пен кинофильмдердегі
сан-қилы кедергілерді өз батылдығы мен табандылығының
арқасында жеңе білген кейіпкерлер де баланың ерік күшін тәр-
биелеуде орасан жэрдем береді.
Балада ерік тәрбиелеудің жэне бір жағдайы оны
цалтцысыз
тэртіпке
үйрету: жүріс-түрыста, сабақ дайындауда, үй жұмы-
сын орындауда жэне т. б.
Ерік
—
бүл дұрыс ұйымдастырылган
еңбек
деуіміз осыдан. Балалық шағынан қалыптаспаса, ерік кү-
ші болымсыз адам дұрыс
еңбектене де алмайды; шаршаса, дем
алып, қанағат та таппайды.
Ерік қасиеттерін қалыптастыруда баланың
дене тәрбиесіне
мэн беру қажет. Себебі тэн элжуаздығынан жас өспірім өмірдің
қай саласында да қалаған жүктемені көтере алмайды, эйтеуір бір
кедергіден өтуге шамасы жетпей, көңіл күйзелісіне түседі. Дене
жаттығуы мол болып, басқалармен күш сынасуға дағдыланған
бала өз ерік күшін ұстамға алып, оны қажетіне бағыттау
қабілетін игереді.
Жас шақта бала өмірі — негізінен
ойынмен тікелей байла-
нысты. Ал
ойын
— бүл белгілі қалып, ерекше талап. Осыларды
ырықсыз, ойын мазмұнына қызыгумен орындай жүріп, қандай
да еріктік сапаларға дағдыланғанын бала сезбей де қалады.
Ойын баладағы ерік күштерінің арқауына айналады. Ойынға
үлкен мэн берудің қажеттігі осыдан.
Ерік тәрбиесінде
балалар ұжымының
маңызы айтарлықтай.
Ұжымдық өмірге араласа отырып, бала өз кылығын басқалар-
дың
талғамына көндіріп, икемділікке үйренеді. Өз қатарына
карай отырып, бала өзінде табандылық пен батылдық қалып-
тастырады, көпшілік алдында қорқақтығына намыстанып, оны
жасыруға не тіпті жоюға тырысып бағады, ал бұл тырысу-ерік
күшін керек етеді.
Бала еркінің даму көзі — бұл
еңбек.
Әрқандай еңбектік іс-
эрекет ерік қатысынсыз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан бала
белі қажетті дәрежеде бекігеннен, оны өнімді еңбекке қосу —
басты шарт.
Достарыңызбен бөлісу: