Психология



Pdf көрінісі
бет281/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   322
Қ орқы ны ш
— субъектте өз тіршілігіне тікелей немесе бо- 
луы мүмкін қатер жөнінде ақпарат алумен бірге пайда болатын 
сезімдік құбылыс.
¥ я т
— субъекттің ез қылық-эрекетгері, ниеттері жэне сырт 
келбетінің басқалар күткендей не өз ұстанымына орайлас бол- 
мағанын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз сезім түрі.
Сезімдік толғаныстар бір текті болмайды. Бір нысанның өзі 
біріне бірі кайшы келген әрқилы сезімдік күйді пайда етеді. 
Бүл қүбылыс 
амбивалентті
(екі ұшты) деп аталады. Амбива- 
лентті жағдай адамдағы тұрақты қалып пен нақты оқиғаға 
байланысты оның сезімі арасындағы қайшылықтан туындайды: 
мысалы, махаббат жэне қызғаныштан болатын өшпенділік екеуі 
бірге жүреді.
Өте күшті сезімдік әрекет көрінісі — 
аффект
қысқа да қар- 
қынды өтуімен ерекшеленеді. Бұл сезім құбылысы субъект үшін 
өте қажетті болған өмір жағдайларының кенеттен өзгеріске 
түсуінен болады. Аффектте адамның қозғалыс әрекеттері ұста- 
мсыз күйге келіп, ішкі ағзалар қызметі күйзеліске үшырайды: 
тілден қалады, жүрегі ұстайды, есінен танады жэне т. б. Бүл 
қорыққаннан да, қатты қуаныштан да болады.
Дені cay адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есінен тан- 
байды. Адам бойында қаншалықты ашу-ыза болғанымен, оны 
долылыққа жеткізбей, аффектті ауыздықтап, ерік күшіне ба- 
ғындыруына болады. Осы орайда, халық даналығында «Ашу 
дүшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос» деген мақалдың тағы- 
лымдық маңызы зор.
Адамның көңіл-күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі пси- 
хологияда 
ф рустрация 
(көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге 
аспай қалуы) деп аталады. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақ- 
саты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырып, адам оған рен- 
жиді, көңілі құлазып, қайғырып, күйзеледі, ашуға булығады. 
Қанағаттанбаушылық сезімінен жан дүниесі қиналады. Адам- 
ньщ сезімі жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағ- 
дайда көңіл өшпенділік, кейіс пен қаһар тудыруға бейім келеді.


Э м патия 
— кайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылық- 
тарға ұшыраған өзге адамдарға жанашырлық білдіріп, солар- 
дың ауыр халі өз басына түскеңдей сезіну.
Қ үм арлы қ. 
Құмарлық көрінісі анық, ұзак уақытқа созы- 
лады. Ол эрқашан белгілі бір затқа бағытталады. Құмарлық, — 
адамның белсенді іс-эрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды 
жэне ұнамсыз жақтары бар. Мысалы, ғылым-білімге деген кұ- 
марлық адам қабілетін тэрбиелейді, мэдениетін дамытып, өмір- 
дегі мақсат-мүдцесіне жеткізеді. Ал ұнамсыз құмарлық адам- 
ның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей-берекет- 
сіздікке ұшыратады. ¥лы Абай «Асық ойнаған азар, доп ойна- 
ған тозар...» деп бекер айтпаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет