3.5. Сезім т үрлері
Адам сезімінің көріністері эрқилы: қарқынды да ұзаққа со-
зылған, созылыңқы, бірақ элсіз (қайғы); күшті, бірақ қысқа
мерзімді (қуаныш) — болуы мүмкін. Сонымен бірге, сезімдер
тереңдігі, саналылығы, тектілігі (генетически), пайда болу және
сөну ніарттары, денете әсері, даму желісі, бағыты, көріну тэ-
сілі және т. б. жағынан әрқилы сипатты келеді. Сезімнің ішкі
жайылу аймағы мен сыртқы әрекеті де бірдей емес.
Субъектив толғаныстарга байланысты сезімдер екі топқа
бөлінеді: тіршілік қажеттіктерді қанағаттандырып, рахатқа
бөлеуші ұнамды сезімдер; тіршілік қажеттіктердің орындал-
мауынан қанагатганбау кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдер.
Орындалып жатқан адам қажеттіктерінін деңгейіне орай сезім
дер қарапайым жэне күрделі келеді. Қарапайымдары — ашу,
қорқыныш, уайым, қызғаныш, күндеушілік жэне т. б.; күрделі-
лері — моральдық, эстетикалық жэне отан сүйгіштік.
Көріну әлпетіне орай барша эмоционалдық қалыптар келе-
сідей түрлерге жіктеледі: көңіл-күй, кейіп, эмоция, аффект,
стресс, фрустрация, құмарлык, жоғары сезімдер.
Көңіл (чувственный тон) — субъектке қандай да эмоционал-
ды реңкті сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психика-
льщ үдерістің ерекше сигналдық түрі: кейбір түр-түс, дыбыстар,
иістер өздерінің негізгі мэніне байланыссыз біздің есімізге
түсуден жағымды не жағымсыз сезімдер тудырады. Мысалы,
жаксы ән, тэтті тағамның өзі де ұнамай қалуы мүмкін. Мұнын
бэрі біздің сол сәттегі көңілімізге байланысты. Егер кеңіл ту
ракты жиіркенушілікпен ұштасса, бұл
идиосинкразия
сырқа-
тының белгісі.
Көңілде қоршаған ортадағы заттар мен қүбылыстардың жиі
кездесетін пайдалы не зиянды тараптарының жалпыланган
бейнесі қалыптасады. Осының арқасында көңіл күтілген эсер
жөнінде оны бүрынғы естегі ақпараттармен салыстырып отыр-
мастан, күні ілгері шалт шешім қабылдауға көмегін тигізеді.
Көңіл көбіне субъектив сипатқа ие: қызыкты кітап, сыпайы
сұхбаттас жэне т. б. бір адамда жақсы сезім тудырса, екінші
тұлғага тіпті жақпай қалуы әдеттегі құбылыс. Көңіл сипаты іс-
эрекеттің желісіне де байланысты. Қажетті, бастауында ұнаған
іс, бірақ өзінің ұзаққа созылғандығынан адамды жалықтырып,
көңілсіз күйге түсіретіні белгілі. Сырттай байқала бермейтін
адам көңілін танып, оны орнымен пайдаланса, жеке не қоғам-
дык еңбек, оқу жемісті нәтижесін береді.
Кейіп (настроение) — біраз уақыт бойы адамның көңілін би-
леп, мінез-құлыққа эсер ететін жалпы сезімдік күй. Өмір
тіршілігіңде адамның сезімі бір нысанға бағытталып, оған
қуанады не күйзеледі, біреуді сүйеді, бір нэрседен шошиды.
Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге, себептерге байланысты.
Мысалы, ұнамсыз хабар естіген адамнын, көңілі түсіңкі болып,
оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып, рет-
теле бастаса, оның көңілі тасиды, шаттық лебі ұзаққа созылады.
Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты қүбылмалы бо
лып отырады. Егер адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе,
оның кейпі солғын болады. Ал дені сау, ұйқысы қанық, көңілі
көтеріңкі болса, адам мэз болып, жадырай түседі. Адамның
кейпіне табиғат көрінісі, жыл маусымдары, ауа райы сияқты
құбылыстар да айтарлықтай эсер етеді. Рухани байлығы мол,
мақсат-міндеті айқын адам ауыр жағдайларға да мойын ұсынбай,
өмір сүріп, жұмыс істей алады, өз кейпін меңгеріп, оған иелік
етеді (Ә. Алдамүратов).
Достарыңызбен бөлісу: |