«психологиядағы психобиографиялық Әдістер» ПӘні бойынша


Өзін тексеруге арналған сұрақтар



бет3/4
Дата31.12.2019
өлшемі493 Kb.
#53959
1   2   3   4

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

Проблеманы анықтау.

2.Гипотезаны ұсыну.Гипотезаны тексеруді жүзеге асыру.

3.Нәтижені тексеруді интерпретациялау.

4. Психологиялық зерттеу жұмыстарының этаптарын талдау

Әдебиет:


  1. Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. Изд. Калининградского государственного университета, 2003

  2. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

  3. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2005.

  4. Образцов П. И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. — СПб.: Питер, 2004.



Тақырып 7: Тұлғаның өмірлік жолда дамуының психологиялық механизімдері. Өмірлік таңдау. Биографиялық ойлау. Әлеуметтік ойлаудың келтірілеген өзіндік түрлері

Мақсаты: Студенттерді ғылым талабына сай ғылыми зерттеу жұмыстарын безендендіру тәртібімен таныстыру Ғылыми зерттеулердің әртүрлі формаларына білім беру: ғылыми баяндама, ғылыми статья, тезистер. Өздік жұмыс дағдыларын ғылыми әдібиеттермен бекіту.
Тұлғаның өмірлік жолда дамуының психологиялық механизімдері.

Өмірлік таңдау

Алдыңғы тарауларда біз тұлғаның дамуын оның барлық өмілік ауқымында қарастырдық.Бірақ көрінбейтін тұлғалық өзгерістері тұлғаның психикалық білімі бұзылған немесе нығайған кезде күнделікті жүреді. Тұлға құрылымының «құрылыс материалы» болып , тұлғаның барлық іс-әрекеті мен мінез-құлқына сонымен қатар , оның өмірлік жолында өмірлік іс-әрекетіне қызмет ететін, психологиялық процесстер болып табылады. Тұлға қасиеттерінде процесстердің қарым-қатынас арқылы өтуі теориясын С.Л.Рубинштейн белгілеген. Мотивтер қорытындысы мінез бітістерінің тұрақты көрінуіне, әрекеттер қорытындысы – қабілетке әкеледі (1).

Психикалық процесстердің көкейкестілігі, олардың мазмұны мен бағыттылығы өмірлік жағдайлар сипаты мен құрылымы , сонымен қатар, тұлғаның құрылымы мен мінезіне байланысты болады. Алайда, өмірлік жол контексінде психикалық процесстер жаңа формаға еніп, «не үшін және қалай өмір сүреді? » тақырыбында экзистенционалды қобалжулар дәрежесіне дейін жетеді. Сонда қабылдау пайымдау сапасын иеленіп, ес еске түсіруге, ойлау- толғанысқа, ой- ойлауға, эмоциялар- эстетикалық, этикалық және интеллектуалды қобалжуларға айналады. Осының барлығы тұлғаның ішкі өмірін, оның субьективті әлемінің феноменологиялық суретін құрайды.

Ішкі өмірлік белсендіру тағдырлық және тұлғалық-дамытушы мағынаға ие болатын ерекше жағдайда болады. Ол жағдайлар немесе оларға деген қажеттілктің болуы арқылы шақырылады. Ол үшін адам жағдайды оған адрестелген , оны іштей ақыл-ой арқылы жоспарлап, кейін амалын шешетін өмірлік мәселе ретінде қабылдау керек. Нақтыланған құндылықтарды бекітуге бағытталған, өмірлік маңызды сұрақтардың шешімдерін қабылдап, оларды іске асыру , осылайша өмірлік таңдау іске асады.

Адамның өмірлік жолындағы мәселесі

Қазіргі адамдардың өмірі бұрынғыдан қарағанда, тез өзгеретін жағдайлар арқылы өтіп жатыр. Саяси құрылыстар, әлеуметтік құрылымдар, заңдылықтар, қоғам идеологиясы өзгеріп, жаңа техникалар ал онымен қатар, жаңа мамандықтар, еңбек , қарым-қатынас , адамдардың демалысы үшін жаңа мүмкіндіктер шығады. Қоғам тұлғаға жиі кездесетін оның өзіндік ұмтылысы мен қабілеттеріне жиі қайшы келетін алуан түрлі талаптар қояды. Бұл тұлғаның өмірлік жолындағы имманенттік (имманентную) мәселені білдіреді, яғни ол тез тарихи-әлеуметтік немесе апат жағдайларының қайта құрылуы кезінде көтерілетін деңгей.

Расыменде, нақты тариғи жағдайлар, оладың қатысушылары мен куәгерлері болатын адамдардың дамуы мен өмірлік бөлінуіне қатысады. Әрине, тарихи тектен шыққан өмірлік мәселеден басқада, микроорта жағдайлары арқылы шығатын нақты мәселелер де бар.

Проблемалық жағдайлар тұлға арқылы сезіліп, өз өмірінің негізін және жақын адамдары, сонымен қатар кіші және үлкен топтағы әртүрлі қарым-қатынас арқылы байланысты адамдардың өмірін шыңдау мен нығайту үшін шешімін табуды қажет ететін міндеттер ретінде қарастырылады. Туындаған мәселе осылайша қабылданбауы да мүмкін, осындайда адам соған сәйкес міндеттерді қоймайды, сондықтан ештеңе шешпейді. Ондай жағдайда, ол үшін шешімді оның жақын адамы іздейтіні анық, немесе бұл мәселе уақыт өте келе өмірлік жағдайлардың обьективті динамикасында өзінің маңыздылығын жоғалтады .

Адамдар өмірлік міндеттерді әртүрлі қояды және шешеді:

1) Өмірлік жоспар, жеке өмірлік бағдарлама, жалпы түпкі ойға сәйкес;

2) Әлеуметтік бағдарлама, қоғам ұйғарымына сәйкес;

3) Алдыға қарамастан жағдайлық, нақты жағдайда маңызды қажеттіліктерге сүйене отырып;

4) Кейбіреулері мәселені мүлдем көрмеуді және ештеме шешпеуді ұйғарады.

Тұлғаның өмірлік жолында өмірлік іс-әрекетінің психологиялық механизімдері болып , өмірлік таңдау кезінде өмірлік міндеттерді шешу мен қойылу тәсілдерін іске асыру болып табылады.

Тұлға жалпы «мәселені шешуші» ретінде қатысады. Ол үшін онда бірінші кезекте ойлау мен сана бар. Өмірлік міндеттерді шешуде ол биографиялық ойлау ретінде қатысады. Осындай ойлауда биографиялық (автобиографиялық) ес процесстері, елестету (арман, мұрат), ішкі сөздер( өз өзімен іштей диалог, «ар-ұждан дауысы!») бірігеді. Осының барлығы өмірлік мәселелер арқылы шақырылған қабылдаулар, эмоция арқылы еніп, мотивтермен оқталған, барлық ішкі өмірлік жиынтықты құрайды.
Биографиялық ойлау

«Биографиялық ойлау» термині психологияға жат және жақында шыққан (мысалға, Р.А. Ахмеров диссертациясында, алайда ол онда арнайы дәлелденбеген) (2). Оның қолдануы аналогия бойынша биографиялық (автобиографиялық) ес түсінігімен анықталып көрсетілген.

Биографиялық ойлау- субьектінің өмірлік іс-әрекетіндегі маңызды танымдық қабілеттер, өмірді адекватты түрде түсіну жетістігінің инструменті. Биографиялық ойлаудың тәжіриблік жағы өмірге, өмір сүру іс-әрекетіне және өмірлік шығармашылыққа деген ерік-жігер ретінде көрінетінің ескерген жөн.

Біз биографиялық ойлауды К.А.Абульханованың лабораториясының зерттеу пәніне айналған әлеуметтік әртүрлілілік ретінде қарастырамыз. Ол былай деп жазады: «Әлеуметтік ойлау пәні болып, феноменологиялық жиынтықтардағы және мазмұнды сипаттағы (адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқы, олардың тұлғасы,әлеуметтік процесстері, жағдайлары), сонымен қатар өзіндік өмірдегі , барлық әлеуметтік шындықтар жатады» . Тұлға өмір субьектісі ретінде ондағы ойлау мен қажеттілік қабілетіне ие (3,41).

Дәйексөзде көрсетілгендей әлеуметтік ойлау тарихи-әлеуметтік (тарихи уақиғалардың мағыналары, макроортада қоғамдық құбылыстарды түсіну), коммуникативті-әлеуметтік (тікелей қатынас кезіндегі адамдардың тұлғасы мен қарым-қатынасты түсіну) және биографиялық (өзіндік өмірлік жолын түсіну) аспектіден тұрады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, әлеуметтік ойлаудың осы үш аспектілері оның– тарихи-әлеуметтік, коммуникативті-әлеуметтік және әлеуметтік- биографиялық үш түрлігімен есептеуге болады (4). Әдетте адам қоғамда әлеуметтік-саяси процесстерді терең талдайды, сонымен қоса, болашақта толығымен саяси жағдайлар, қарым-қатынас, кәсіби жұмыстар шеңберіне еліктеп, жақын адамдарының мінезін нашар талқылайды немесе өзіндік өмірлік жағдайларын адекватсыз түсінеді, өзін және өз тағдырын аз ойлайды.

Әлеуметтік әсіресе биографиялық ойлаудың маңызды қызметі проблематизация болып табылады, яғни, нақты орын жағдайы мен уақытта шешім қабылдауға тура келетін өмірлік қайшылықтардың адекватты көрінісімен сәйкес өмірлік міндеттерді қалыптастыру. Қоғамдық және тұлғалық қарым-қатынас «кеңістігі» макро және микроортада нақты жағдайларды ескеріп, мезгілімен және ретті болған жағдайда ғана шешім табысты болады. Егер ақылды шешім нақты әрекет ету уақыты мен орын жағдайында үзінді кезінде қабылданса, онда ол өнімсіз және зиянды болуы мүмкін.

Әлеуметтік ойлау процедурасына категоризация жатады. Ол өз кезегінде – категория деп аталатын ұқсас әлеуметтік құбылыстарды қорытындылау болып көрсетіледі. Олар өздерінің есімдерін алып үлгермей, «бүркеншік есім» арқылы өмір сүріп жатқанда , әсірсе қоғамада түбегейлі өзгерістің болып жатқан кезінде оңай емес.

Әлеуметтік ойлаудың негізгі процедурасы интерпретация болып таылады. Ол көптүрлі қатынастар мен байланыстарды өзіне сіңіретін құбылыстардан, субьектінің өзі жасаған ойлары, жағдайларын соған ұқсас етіп қайта қалыптастырудан тұрады.

Тарихи-әлеуметтік және коммуникативті-әлеуметтікке қарағанда биографиялық ойлауды тұлғалық елігу мен жоғары қызығушылықпен сипатталады деп болжауға болады.

Көп мөлшерде биографиялық ойлау каузальды атрибуцияның қорғаныс механизімдерінің әрекетінде еліккіш, яғни олар иллюзиялық шешімді армандау сезіміне жеткізуі мүмкін. Ойлау нысанының өзгеруі (деформация) қорғаныс механизімдерінің ықпал етуі арқылы, тұлға құрылымында мінез-құлықтың еріктік және қорғаныс балансы механизімдерімен интеллект деңгейіне байланысты болуы мүмкін.

Әлеуметтік ойлаудың келтірілеген өзіндік түрлері

Мен деңгейінің елігуі обьектісінде ғана емес, сонымен қоса ақыл-ой жемісіне де тән. Осылайша, тарихи-әлеуметтік ойлаудың қорытынды жемісі, тарихи процесстер мен қоғам имплициталық теория болып табылады. Коммуникативті-әлеуметтік ойлау тұлғаның адами қарым-қатынасын , имплициталық теорияны орнату үшін қызмет етеді. Биографиялық ойлау процессінде тұлға өзіндік өмірлік жолы концепциясын қалыптастырады. Ол өз кезегінде өмірлік фактілердің категоризациясы, интерпретациясы, проблематизация актерінің көптеген варианттарын көрсетеді және жалпы өмірлік жолдың субьективті суретінің тұрақты ядросы болып табылады.

Өмірлік жолдың субьективті суреті түсінігін Б.Г.Ананьев енгізген. Оның көзқарасы бойынша тұлғаның сана сезімінде өмірлік жолдың субьективті суреті «тарихи- биографиялық күндегі салыстыруға келетін, әлеуметтік және индивидуалды дамуға сәйкес» (5,155) құрылады. Тарихи-әлеуметтік немесе биографиялық дағдарыс жағдайында деформациялануы кезінде тұлға құрылымы бұрмаланады: субьективті болашақ қысқартылады, тез арада болашақ екпінделіп, өткен шақтағы тәжірибелер жоғалады (2,6,7). Өмірлік жол мен субьективті сурет концепциясы негізінде тұлғалық процесстер , олардың әлеуметтік өмірлік іс-әрекеті реттеледі, нақты өмірлік шешімдер қабылданады.

Ойлаудың барлық түрі- ол ең алдымен интеллектуалды процесс. Когнитивті бағыт тұлғаны өмірлік іс-әрекеттің субьектісі ретінде , оның ақпаратты қайта өңдеуі , соның ішінде, өзіндік қажеттіліктері мен потенциалы , шешім қабылдау нәтижесі мен жағдайлары, өмір жағдайлары туралы ақпаратты қайта өңдеуі бойынша , ортақ интеллектуалды қабілеттері, өмірлік шешім қабылдауына байланысты назар аударады.Интеллект қаншалықты жоғары болса, индивидуалдылық соншалықты ықпалданған (интегрирована) болады және адам қажетті ақпараттарды өңдеп, өмірлік міндеттерді табысты орындай алады. Американдық психолог Дж.Зиманның (8) ойы осындай. Германиялық психолог Г.Томэ (10) мен финдық психолог Х. Хурмеде (9) осыған ұқсас ойлайды. Олардың пікірлерінше, тұлғаның мінез-құлқында нақты өмірлік жағдайларда өкілетті болатын, когнитивті құрылым үлкен рөл ойнайды. Осы жоспар бойынша өмірлік жол әрекетінің «жоспарлары» мен «сценарилерінің» инструменталды біліміне байланысты «схемалар», «тақырыптар», «конструкторлар» зерттелінеді.

Б.Г.Ананьев тұлға құрылымындағы маңызды ортақ интеллектінінің орнын ұсынып, кешенді зерттеуде өзінің әріптестерімен бірігіп осы сұрақты зерттеген. Ол тұлға мен интеллектіні дәйексіз өзара жекелену деп есептеген, себебі әлеуметтік қызметтер, қоғамдық мінез-құлық пен мотивациялар ( әлеуметтік өмірлік іс-әрекетті қосамыз- қосымшада. И.Л.) әрқашанда қоғамды, басқа адамды және өзін-өзі түсіну, бейнелеумен байланысты (5,307), ал интеллект көбінесе тұлғаның өмірлік жоспарларының адекваттылығымен анықталады.

Әлеуметтік перцепция саласында зерттелетін, әлеуметтік интеллект деп аталатын байланысты биографиялық ойлаумен байланыстыру заңды сұрақ. Адамдарды түсіну және олармен адекватты қарым-қатынас орната білу – субьект өміріндегі маңызды қабілет, ал қоршаған ортамен қарым-қатынас, серіктесу немесе қақтығысу- әр адам өмірінің маңызды бөлшегі. Биографиялық ойлау мазмұнының бар болуы өзіндік өмір контексінде қоршағандардың мінезі мен адами қарым-қатынастар туралы ойлануды құрайды.

Биографиялық ойлау тұлғалық рефлексияға өте жақын, бірақ онымен бірікпейді. Биографиялық ойлау ол тек қана рефлексия ғана емес, сонымен қатар ол өмірлік міндеттердің шешімі. Бұл құбылыстардың арақатынасы жайлы сұрақ әлі зерттелмеген.
Биографиялық ес

Биографиялық ойлауда ой обьектісі көбінесе биографиялық (автобиографиялық) ес формасында көрсетіледі (11,12). Онда өткен шақтағы аз немесе көп сүрген тірі бейнелер, басқаша- еске түсірулер сақталады. Олар биографиялық ойлаудың сезімдік негізін құрайды. Бұдан басқа, ойлауда қазіргі және болашақтағы бейнелер , сонымен қоса, қорытынды ойлар қолданылады.

1966 жылғы В.В.Нуркованың мақаласын шолуда биографиялық ес табиғатының теориялық көріністері және қазіргі деректері баяндалған. Осы ес түрі XX ғасырдың 80-ы жыл соңында белсенді зерттеліне басталды. Бірақ алғашқы зерттеулер ертеректе жүргізілген, мысалға, 30-ы жылдары П.П.Блонский жүргізген, бірақ ол В.В.Нуркованың мақаласында неге екені белгісіз аталынбайды. Нәтижесінде В.В. Нуркованың әртүрлі зерттеу материалдарын талдай келе, автобиографиялық еске келесідей анықтама береді: «бұл тұлғаның өзара ұқсастығы арқылы анықталатын автобиографиялық маңызды жағдайлар мен уақиғалардың актуализациясы, интерпретациясы мен адамның өмір жолында өткен кесінділерінің субьективті бейнесі» (12,27).

Тұлға өзін және өзінің өмірлік жолын ойлай келе, көрініс түрінде жазылған уақиғалық құрылымды өзінше түсіндіреді немесе түсіндірмейді (неинтерпретирует). Биографиялық ойлау биографиялық еске сүйенеді, бірақ-та биографиялық ес мазмұныда өткен шақтағы шынайы әсерлерді ойша ұқсатуға байланысты. Көп жағдайда олардың құрылымы тұлғаның мотивациялық-қажеттілік сферасына байланысты болғандықтан, олар психо-логикаға бағынады . З.Фрейд заманынан бастап, биографиялық ес процесінде маңызды рөлді психологиялық қорғаныс (ығыстыру, орнын басу, оқшаулау, мойындамау, регрессия) ойнайтыны мәлім , өзін-өзі ақтау, өзін-өзі қорлау, өкіну мотивтері әрекет етеді.

Биографилық ес өмірді нығайтатын (немесе өкінішке орай, өмірді бұзатын) күшке ие. Адам өмірлік шешім қабылдар кезінде таңдау жасауда одан адамгершілік тірегін табу үшін немесе қате жіберіп алмас үшін өз өткен шағына жүгінеді.

Болып кеткен жылдар ішіндегі немесе сол жылдардыға белсенді боялған еске түсірулер адамды қуантады, жұбатады немесе қинайды. Ары қарай өмір сүру күші болу үшін, адам кейде кейбір жарақатталған жағдайларды еске түсірмеуі де жақсы болады. Бірақ жағдайлар өте қатты және маңызды болғандықтан, ол бейсаналық қорғаныс заңдылықтарына ығыстырылмай, керісінше, саналық жабырқауды талап етеді. Онда біз ұмытудың ерекше формасы – естен шығарумен жұмыс атқарамыз. Бұл енді тек қана мнемикалық процесс қана емес, сана мазмұнына бағытталған, моральдық әрекет. Дені сау тұлға өткен шақтан сабақ алып , бастан кешкенін есте сақтай отырып, өзінің өткен шақта «тұрып қалмайтын», невротикалық қабілетімен ерекшеленеді.

Қайта жаңғыру процесі биографиялық есте алауан түрлі.Ол өткен шақта белсенді реконструкция жүріп жатқанда, өткендегі оқиғаларды еске түсіру ерікті мақсатқа бағытталған болады. Еске түсіру қиындығын алдын алу үшін және еске түсіруді растауға қажетті естен басқа, ойлау мен ерік қатысады, онда мнемологиялық іздеу жүреді. Бірақ еске түсірулер ырықсыз, ассоциативті түрде туындауы мүмкін, себебі, биографиялық еске маңызды түйсіктер мен қабылдаулар , сонымен қоса, «екінші дәрежелі» модальдылықтар (кинезтезия, дәм, иіс сезу) қатысады. (Осыған орай, Б.Г.Ананьевтің керемет көрегендігін ескеріп кетпеске болмақ, ол өзінің зерттеулерінде түйсік және қабылдаудың барлық түрлеріне назар аударып, олардың тұлға санасы құрылымындағы маңызын түсінген ).

Биографиялық ес туралы А.Адлерде қарастырған болатын. «әрбір еске түсіру, мейлі ол адам үшін бос болып көрінгенімен, оған ескелерлік дүние болып табылады. Ол оған айтады: « Міне осыны күтуге тиіссін» немесе « Міне осыны болырмау керексін» немесе «Міне өмір деген осы». Осы жерде ескеретін нәрсе жағдайдың өзі емес, сол кездегі күй есте тұрақты қалады және өмірде сол мағынада қолданылады. Әрбір еске түсіру- еске салу» (14.67) А.Адлер ерте еске түсіру әдісін қолданған.

Өткен шақ биографиялық есте тұрақталады және өңделеді. А.Н.Леонтьев жазғандай ,«...субьекнің өткен әсерлері, оқиғалар, және өзіндік әрекеттері оның тәжірбиесінің нәтижесі ретінде көрсетілмейді. Олар оның қарым-қатынас, әрекетіндегі обьектісі бола бастайды, сол себепті тұлғалық өзгеруіне ықпал етеді. Біреуі өткенде ұмытылады, өзінің мағынасын жоғалтады және жай ғана шартқа айналады; ал екіншісі жаңа қырынан танылады және бұрын байқалмаған мағынаға ие болады; әйтеуір өткеннен біреуі субьект тарапынан қабылданбайды, субьект оны мүлдем жоқ деп есептейді, дегенмен ол естің бір қабатында сақталады. Бұл өзгерістер ылғида болып тұрады.

Биографиялық еске қатысты жүзжылдық зерттеулерді жалпылап, қорытындыласақ, оған келесідей мінездеме беруге болады. Ол уақытша, яғни еске түсіру әрдайым нақты уақыт пен күндерге қатысты. Олай болудың себебі, субьектіде бұл уақытта естің тарихи түрі жұмыс атқарады. Өткендегі индивидуаланған бейнелер біздің психикалық «Мен»ді құрайды., жоғары тұрақтылық- осы ес түрінің үшінші мінездемесі. Шынымен, адам көп уақыт бұрын өткен оқиғаларды есіне түсіріп, қайтадан сол күйді кеше алады. Сондай-ақ ол эмоционалдығымен және хабарлығымен сипатталады. Еске түсіру үдерісі өзімен немесе біреумен әңгімелескен кезде өрістейді. Ал бірге өткен жайлы әңгімелер көп жағдайда жүйелі болып келеді, субьект әңгімелеу барысында тағдырының орын алуы немесе болдырмалылығы жайында сөз етпек. Өзінің өткеніне деген қатынасы бүгінгі позициясын және ертеңгі келешегін анықтауға әсер етеді.

Жеке тұлғаның өмірлік таңдауы

Өмірлік таңдау барысында биогафиялық ойлау өңделген түрде пайда болады және процессуалды механизм ретінде қызмет атқарады. Оның одан басқа тұлғалық құрылымға негізделген жалпы механизмдері де бар. Таңдау үдеріснің өзі ерекше әрекетке айналады- тұлғаның ішкілік жұмысы (16). Өмірлік таңдау мәселелеріне қатысты құнды зерттеу диссертациясын Л.С.Кравченко арнаған болатын (17). Кравченко өмірлік ттаңдау түсінгін өмір жолындағы оқиға ретінде қарастырды, артынан өмір белгілі бір бағытта түбегейлі өзгереді деген пікірде болды. Л.С.Кравченко тұлға үшін әртүрлі мағынаға ие 10 биополярлы құндылықты бөлді. Ол: альтуризм-эгоизм, шығармашыл-бейім, күрес- тыныштық, тұрақтылық- жаңашылдық, міндет- тәуелсіздік, гуманистика- дүниеқорлық, гностика- эстетика, праксикалық-гедонистикалық, сыртай өзін-өзі таныту- іштей өзін- өзі таныту.

Әрине, белгілі бір құндылықтарды таңдауда жастық және жыныстық артықшылықтар байқалды. Әйел адамдарға қарым-қатынастық (коммуникативті) құндылықтар тән, ал ер адамдарға-праксикалық.

Бұл құндылықтар жеке тұлғаның өмірлік ұстанымдарын негіздейді. Егер ұстанымдар нақты болса, онда тұлға альтернативсіз шешімдер қабылдайды. Л.С.Кравченко деректері бойынша, көп жағдайда альтернативсіз шешімдерге әйел адамдар бейім: олар ұстанымдарға сәйкес өмір сүреді және оған күдік келтірмейді. Ер адамдар көбінде рационалды шешім қабылдайды, олар болатын салдарды және жағдайларды ескереді.

Өмірлік таңдауға әсер ететін тұлғаның басқа да құрылымдық ерекшеліктері бар. Ол дегеніміз, таңдау тұлғаның құрылымына детермиленген, өмірлік функцияларына және индивидуалдық (жас,жыныс) ерекшеліктерімен байланысты.

Л.С.Кравченко анықтағандай психологиядағы танымал заңдылықтардың бірі- жеке тұлғаға қатысты кері заңдылык, атап айтһнада:

жеке тұлға күндегі ой мен әрекеттерінен бас тартып, басқа таңдау жасауы мүмкін, бұл кезде жеке тұлға өзін еңсеріп, жаңаша шешім қабылдайды.

Демек, индивид құрылымы және сананың жұмыс атқаруы (бастысы интервалды биографиялық ойлау) өмірлік таңдаумен жүзеге асады, ал ол өз кезегінде жеке тұлғаның өмірлік функцияларын анықтайды.

Өмірлік таңдау кері мағынаға ие болған уақытта адам әлеуметтік орта, әлеуметтік жағдайлар туралы жан-жақты сараптай бастайды. Мұның барлығы «Мен» концепциясына, өмірлік мақсаттар мен жоспарларға қатысты Биографиялық ойлау барысында өмірлік жағдайлар және оқиғалар жан –жақты қарастырылады.

Өмірлік таңдау жасау қиынға түседі. Бұл тек түп негізі түсінбеуден немесе ақпараттың жеткіліксіздігінен немесе ой қабілетінің әлсіздігінен емес. Негізгі қиыншылықтар бұрынғы қатынастарға, әдеттенген әрекеттерге, орныққан өмір ортасына және өмірлік таңдауды жүзее асыруға қажет психологиялық, психофизиологиялық және физикалық қысымдармен байланысты.

Адам өмірлік сыңдарды өте бастаған уақытта өмірлік таңдау жайлы ойлана бастайды. Өмірлік таңдау да психологиялық бағаға ие. Адам бүкіл күшін жетістіктің нәтижесін көруге жұмсайды, бірақ ол нәтижесіз болуы мүмкін, берілген өмірлік перспективаларды қолдана алмай қалады. Міне, таңдаудың құны жоғары. Бұл құнды ойласа, ол алдын-ала компромисске баруы мүмкін.

Таңдау кезінде анық аспектілер де байқалады: егер жетістіктің тиімділігі, нәтижелігі аздық етсе, онда субъект көбінде «аспанға қолын созбай, барына қанағат етеді».

Адам өміріндегі басты құндылық- тән мен жанның өір сүруі. Менің ойымша өмірлік таңдаудың мотиві ретінде өзін сақтау - болып табылады, бірақ ол әртүрлі формада көрінеді. Индивид деңейінде- өмір сүру және тіршілік ету қажеттілігі түрінде, жеке тұлға деңгейінде- көппен бірге немесе бірі болу, әлеуметтік қатынаста болу, индивидуалдық деңгейінде-өзімен-өзі болу, өзіне деген адалдықты сақтау, әмбебаптылық деңгейінде- парызға адалдығын сақтау,өзіне жүктелген міндетті атқару.

Биографилық ойлау үрдісі келесі фазалардан тұрады:



  • Мәселені қабылдау (проблематизация)

  • -дайындық фазасы (ақпараттарды жинау, категоризация және интерпретация)

- болжау, шешімді тексеру(мұнда болар жағдайды ойша өткізу).

Өмірлік шешімнің соңғысы – әрекет болып табылады, яғни таңдауды жүзеге асыру. Бұл фаза практикалық сипатқа ие және ерік- күшті қажет етеді.

Өмірлік шешімді жүзеге асырған сәтте субъектінің өмірі түбегейлі өзгереді. Оның қоршаған ортаға,адамдарға деген қатынасы өзгереді. Ендігі ол басқалардан өзіне деген көзқарасының өзгеруін қалайды, өзіне басқаша қарауды міндет қояды. Өмірлік шешімді өзгерте отырып, жеке тұлға өз өмірін басқа қырдан көре бастайды және дамудың жаңа жолдарын іздестіре бастайды.

Шешім негізінде жасалған әрекеттен кейін де адам өз таңдауы туралы ойлай береді. Ендігі ол жеңістің нәтижесінде алынған өмірлік жоспарларды сараптай бастайды.

Өткен және істелген істерді ой елегінен өткізген сәтте біз өмірлік сабақ аламыз, баға жетпес өмірлік тәжірбиеге кенелеміз. Бұ қаншаа жыл өткізген уақытпен, мейлі ол көп жағдайларға толы болсада , салыстыруға келмейді.

Ол- тұлғаның өзімен-өзі жұмысының жемісі, ондағы негізгі рөлді биографиялық ойлау атқарады. Сонымен, дамудың өзара қатыты 2 түрі бар.Бірінші орта жағдайы және әрекеттермен байланысты, екінші сананың автоматты жұмысына қатысты. Осы екінші жолы адам индивидуалды түрде дамыған уақытта ғана мүмкін, оны Б.Г.Ананьев көрсеткен болатын.



Жеке тұлғаның ішкі әлемі


Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Зерттеу жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар

  2. Диссертациялар және ғылыми есептер

  3. Курстық және квалификациялық (дипломдық) жұмыстар

  4. Монографиялар, оқулықтар

  5. Ғылыми статья, баяндама, рецензиялар.

Әдебиет:

  1. Брызгалова С.И. Введение в научно-педагогическое исследование. Изд. Калининградского государственного университета, 2003

  2. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. – М., «Академия», 2008

  3. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования: Учебное пособие для вузов. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2005.

  4. Образцов П. И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. — СПб.: Питер, 2004.

Тақырып 7: Тұлғаның психологиялық уақыты

«Уақыттың өмірде басқа да атаулары бар» - бұл шындық ерте не кеш болса да әркімге өзіндік тәжірибесі кезінде сезіледі. Өмірге деген қарым-қатынас – бұл бірнеше он жылдыққа ғана шектелген өмір уақытына деген қарым-қатынас. Адамға осы қысқа ғана уақыт аралығында өз өмірін сүру ғана емес, сонымен қоса құрауы да күтіледі. Адам өзіне берілген уақыт аралығын қалайша басқарады? Өзінің өмірлік жоспарлары мен ойларын іске асырып үлгере ме? Оған өзінің өте маңыздысын істеп, осылайша тұлға ретінде қалыптасып үлгере ме? Әр адамды айқын қобалжытатын, бұл барлық өмірлік маңызды экзистенционалды сұрақтар. Өмірлік іс-әрекет субьектісі болу үшін, уақыт әміршісі болмаса да, оны басқару мен қолдануда шебер болуы керек. Себебі уақыт өзінің обьективті заңдылықтарына бағынатынын ескеруіміз жөн.

Уақыт материя деңгейіне сәйкес әртүрлі формада болады. Біріншіден, физикалық уақыт бар. Біз оны әдетте еске түсіріп және бұрыннан өлшеуді үйренгенбіз. Физикалық уақыт фундаменталды, оған деген қатынаста басқа уақыт формаларының сипаты беріледі.

Биологияның, әсіресе онтогенез және эволюция теориясының дамуы , тірі материяның өмір сүру формасы ретінде биологиялық уақыттың шындығын айқындаған. Биологиялық уақыт- жалпы тірі табиғат пен ерекше түрдің тіршілік ету уақыты. Ол кері айналмайтын фазалардың тізбегі мен ұзақтығымен сипатталады.

Гуманитарлық ғылымда адам өміріне қатысты тарихи уақыт зерттелінеді. Онда жекелей мезеттер (моменты) – тарихи уақиғалар мен дәуірлер белгіленеді. Оларда дәл солай кері айналмайды: тарихты алдыға айналдыруға болмайды. Әр тарихи дәуір қайта келмейтіндей кетіп және алдағы тарихи даму табалдырығы үшін қызмет етеді.

Психологтар физикалық, биологиялық және тарихқа байланысты, бірақ спецификалық ерекшеліктеріне ие психологиялық уақытпен айналысады.Психология тарихында нақты уақыт модальдылығына сол немесе басқа да ғылыми бағыттың заңдылықтар қызығушылығы белгіленген. Тұлғаны нақты стимулдар аймағынан табу, оның қабылдауы мен мінез-құлқына себепші: осылайша, гештальтпсихология бәрінен бұрын қазіргі уақытпен айналысқан.

Егер де айтып кеткендей, гуманистік психология болашаққа көп мән берсе, онда психоанализ тұлға мінез-құлқының өткен шағын қарастырып, тұлға тарихында неврозбен оның актуалды мәселелер тамырын іздейді. Бихевиоризмге келетін болсақ, онда ол өткен шақ (дағдылар мәселесі) пен қазіргі шаққа (қазіргі мезетте әрекет етіп тұрған стимул реакциясына байланысы) көп назар аударады.

Адам жасы жоспары бойынша психологиялық уақыт мәселесін Б.Г.Ананьев терең ойластырған (1). Ол былай деп жазады: «Индивидтің жасы метрлік және топологиялық уақыт қасиетімен бірігеді : ол өмір сүру ұзақтығы ( )және индивид даму кезеңінің нақты құрылу фазасы » (1,41). Сонымен, жас шамасы өз кезегінде адам дамуындағы биологиялық және тарихи уақыттың табиғи және мәдени қоспасын көрсетеді. Тарихи уақыттың терең енуі индивидуалды – психикалық дамудың ішкі механизімдерінде қолданылады. Б.Г.Ананьев өмір жолындағы алуан түрлікті және сол дәуірдегі жастық шақтың өзгеруін және соған байланысты психологиялық даму аймағында биографиялық әдісті жоғары бағалап, экономикалық-әлеуметтік факторларды зерттеудегі маңызды әсерін ылғи да көрсетіп отырған.

Психологиялық уақыт

Адам психологиясында психологиялық құбылыстардың өлшенетін, обьективті өту уақыты болады. Бұл уақыт өзіндік құрылымы (латенттік және қозғалыс компоненттері) бар сенсомоторлық реакциялар, яғни сұрақтарды құрастырудан, жауаптардың шешімін табуға дейін баратын міндеттерді ойша шешу уақыты. Уақыт кезіндегі психикалық жағдайлар мен қасиеттердің нақтылығы бар. Психика ми қасиеті ретінде, психикалық процесстер фазасының тізбегі, темпі, ритмі мен жылдамдығы түрінде обьективті уақыт параметрлеріне ие. Көбінесе бұл темперамент типі мен жүйке жүйесінің қасиетіне байланысты.

Обьективті психологиялық уақыт, заңдылықтардың жылдамдығы мен фазалар тізбегінің дамуы ретінде индивидуалды психикалық уақытта іске асады. Психиканың жастық ерекшеліктері біріншіден, өмір сүрген жылдарға байланысты. Психологиялық уақыт биологиялық және хронологиялықпен (төлқұжаттық) сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан сол бір адам сол не басқа да мезетте әртүрлі жаста болуы мүмкін және де жыныс мүшілері жетілген мысалға, тұлғалық және ақыл-ой инфантилділігімен үйлесуі мүмкін.

Обьективті психологиялық уақытпен қатар, субьективті яғни , қоғамда, табиғатта, адамның өзіндегі материалдық процесстердің уақытша сипаттардың субьективті бейнеленуі қолданылады. Бұл біріншіден, тікелей қабылдау мен түйсіктің уақытша аралығы, яғни үлгіге сәйкес бағалау мен өлшеу сияқты. Психология адам қабілеттерін уақыт ішінде бағдарлануын , оның темпераменті мен сенсорлық ұйымын, индивид қасиетінен байланысын табуды зерттейді. Бір жағынан үзілістің толуынан уақыт бағасы байланысты екендігі анықталды. Уақыттың толтырылмаған кесінділері өте ұзақ, айқын жағдайлармен , ал әсерлер-қысқа болып қабылданады. Бірақ есте бәрі басқаша: толтырылған уақыт аралығы (интервал) ұзақ болып, ал толтырылмағандар қысқаша, жалықтыратын болып қабылданады.

Адамның уақыт ішіндегі бағдарлануы ол туралы білімге байланысты және тек қана тікелей түйсік пен қабылдаудан ғана емес, сонымен қатар, ойлаудан да көрінеді. Біз ойлаудың көмегімен тарихи және геологиялық уақыттың (Жердің тарихы) тереңдігін түсініп, Әлемнің шексіз уақыты туралы ойлап, өз өмірімізді адамзат тарихы және шексіздікпен философиялық тұрғыда байланыстырамыз. Осылайша, субьективті уақыт – түйсіктен бастап, ойлаумен аяқталатын психикалық процесстерді қамтамасыз ететін, обьективті уақыттағы бағдарлану мен бейнелеу болып табылады.

Бұндай құбылыс шеңберінде, субьективті тұлғалық уақыт немесе уақыт ішінде оның өмірлік жолының тұлға санасында бейнеленуі ретінде, тұлғаның психологиялық уақыты бізді ерекше қызықтырады. Тұлғаның субьективті психологиялық уақытынның нақты формасын Б.Г.Ананьев өмір жолының субьективті суреті деп көрсеткен .

Тұлға өмірлік жолында өзінің өмірлік іс-әрекетін уақыт терминінде түсінеді. Осылайша, ол өмір уақиғалары арасындағы сонымен қоса, мақсаттық-себепші, салдарлы-себепші байланысты құрады. Тұлға уақытын зерттеуші атақты Е.И.Головаха мен А.А.Кроник оларды адамның өмір сүру жолындағы мақсаттық және себепші қарым-қатынас арасындағы жағдайлар, адам қобалжуларының құрылым формасы ретінде анықтайды (2,213). Өмір жолының субьективті суретінде өмір жағдайлары мен болып қойған уақиғалар , сонымен қоса, тұлғаның өмірлік бағдарламасының көрінісі табылып, жағдайлар мен уақиғаларды тұлғалық сезіну негізінде құрылған, олардың оның өмір жоспарына әсері мен болашаққа ұмтылуы бейнеленеді (3).

Өмір уақытының бейнесі айқын аксиологиялық аспектіге ие: адам өмір уақытын қадірлейді, өмір сүрудің барлық қызығын татып, жұмыста бәрін іске асырып үлгергісі келеді. Уақыт құндылығы өмір жолы контексінде сезіледі, осылай уақытқа деген тәжірибелік қарым-қатынастың пайда болуына алып келеді. Уақытты тек қадірлеп қана қоймай, өзінің өмірлік іс-әрекетін ерекше түрде ұйымдастырып, онымен иеленуге тырысады. Сондықтан да психологияда , тұлғалық уақыт – бұл іс-әрекет пен мінез –құлық процессінде анықталған өмір тәсілі арқылы , өмірлік іс-әрекетте іске асатын, адам санасы мен сана-сезімінің тұлғалық психотемптік ұйымдасуы деген көзқкарас бар (4,5).

Өмірлік уақытты басқару мен қарым-қатынас құндылығының бейнеленуі – субьектінің өмірлік іс-әрекетінің қажетті қызметі. Осылардың іске асуы үшін адамда, өткен шақтағы ес , қазіргі шақтағы қабылдау мен болашаққа бағытталу қабілетімен, үш түрлі уақыт модальдылығымен іске асады. Бірақ барлық үш уақыт модальдылығы биографиялық ойлау процесінде ұғынуға енеді. Олар өз кезегінде болашақ, өткен шақ, қазіргі шақтаға бейнелерді қатыстырып, елестету, қабылдау мен қиялдауды біріктіреді. Дәл осы биографиялық ойлау арқылы тұлға өзінің өмірлік таңдауы мен тағдырын анықтайды.

Психологиялық осы шақ

Психологиялық осы шақ деген не? Жалпы алғанда оның өмірлік жолда қандай маңызы бар? (Лев Толстой өмірдің қазіргі уақытына аса маңызды мән берген. «Өткен шақ жоқ, болашақ алі келген жоқ. Осы шақ өткен шақты және болашақты тасушы, бір-біріне жанасушы шексіздік арқылы бар. Осы уақытсыз нүктеде адам өмірінің шындығы Уақыттың жоқтығы болады. Тек қана шексіз кішкентай қазіргі шақ бар. Осымен өмір жасалынады. Сондықтан да адам өзінің барлық рухани күшін бір осы шаққа бағыттау керек.» (5.279-280). Өмірлік жол ауқымында осы шақ – әлі аяқталмаған өмірлік жұмыстармен шұғылданатын уақыт аралығы. Уақытша аралықта осылайша түсіну үшін, түсіну бойынша арнайы ішкі жұмысты жүргізу қажет, яғни болашақта олардың салдары болатындай өмірлік жоспарлар мен мақсаттар көзқарасы бойынша болып жатқан жағдайларды қорытындылау.

Осы шақты қорытындылау, оның өткен шақпен байланысы болмаса мүмкін емес. Басқаша айтқанда, осы шақты қабылдау өмірдің ортақ контексіне байланысты . Бұл контекст өмірлік жолдың субьективті суреті түрінде көрсетілген. Ол өмірлік жолды түсінудің жемісі болып табылады, сонымен қоса өткен шақта болған, қазіргі шақта орны бар, болашақта алдын ала болжанған өмір мезеттеріне тән қорытындылауға негіз болады.

Е.И.Головаха мен А.А.Кроник (6) зерттелушілерден қазіргі шақ туралы көзқарастарын анықтау мақсатында қызықты сауалнама жүргізген. Зерттелушілер 263 (76%) –ы уақыт аралығында (жағдайлар басы мен соңы) даталанған 345 жағдайларды айтқан. Жағдайлардың 263-ін көпшілігі өткен шағын басында айтып, ал болашақты соңында шамалап, яғни іске асыру процесінде болған. Жағдайлардың 18 % -ында басы мен соңы өткен шақта, ал 4 %-ы болашақта болған.

Сонымен қатар, бастапқы және соңғы күннің әртүрлігімен өлшенетін жағдайлардың ұзақтығы бекітілген. Зерттелушілердің ойларынша, жағдайларды 62 %-ы бірнеше айға , ал 40 %-ы жыл және он жылдыққа дейін созылатыны анықталды. Сонымен қоса, жағдайлардың ұзақтығы сағатқа (7%), тәулікке (10%), аптаға (13%), айға (8%) созылатын жағдайларда болды. Осылайша, субьективті қазіргі шақ ұзақтығы бойынша минуттан бастап он жылдыққа дейін тым вариативті.

Қазіргі шақты өмірмен сәйкестендірген кезде, адамдарда болып жатқан жағдайларды есте сақтап қалу үшін, дамыған сезім тарихында өзіндік ұстанымдар жұмыс істейді. Сол кезде біз, арнайы тіркеулер, есте сақтау үшін кинотүсірілім мен суретке түсіру сияқты, еске сақтап қалудың осындай тәсілдеріне жүгінеміз. Осындай тәсілдер арқылы, өмірлік жол концепциясының адекватты субьективті суретін айқын құруға, өткен шақты болашақпен байланыстыруға көмектеседі. Қазіргі шақты қабылдаудың басқа да мәні бар, ол өткенді тарихи растау, яғни ол тек қана субьект өмірі үшін емес, сонымен қоса, жаңа ұрпақ пен адамдар үшін маңызды.



Психологиялық өткен шақ

Психологиялық өткен шақтың екі маңызды қалыптасу формасын белгілеуге болады. Біріншіден, уақыт тұлға құрылымында қатып қалған. Мысалға, білім, ептілік, дағды – субьект іс-әрекетінің құрылымдық тарихын іске асыру, ал мінез – арнайы әлеуметтік қарым-қатынастағы әлеуметтік мінез-құлықтың тарихы. Екіншіден, өткен шақ естің арқасында сақталады. Бұнда биографиялық (автобиографиялық) ес туралы сөз болып жатыр.

Биографиялық ес түсінігімен қатар, эпиэпизоттық ес туралы жалпы гомологиялық түсінік бар. Егер соңғысы белгі түрінде ақпаратты сақтауға бағытталса, онда біріншісі біз өзіміз көзбен көрген, бастан кешірген жағдайлар мен фактілерге қатысты бейнелік ақпаратпен жұмыс істейді. Бұл жағдайлардың барлығы біздің өмірлік жолымызға қатысты емес, бірақ-та олардың ішінде өмір әсерлері мен жағдайлары болып табылатын биографиялық сипаттағыларда бар.

Психологиялық өткен шақ биографиялық ес формасында ылғи да өмірді жоспарлау мен талдау процесі кезінде субьект арқылы қызықтырылады. Ес индивидуалдылықтың маңызды ішкі жұмысына қатысады және тұлғаның уақыт ішінде тепе-теңдігін сақтауда маңызы бар. К.Д. Ушинский былай жазды: «ес жан тарихы , оның үстіне әрқашан қазіргі шақтағы, бірақ өтіп кетпеген тарих. Ес арқылы сақталатын барлық нәрселер жанға әрқашан әсер етіп, оның іс-әрекетінде басқаша қатысады. Мағынада жанда өткен шақ деген сөз жоқ; оның барлық өткен шағы оның қазіргі шағында тірі және біздің балалық шағымыздың жекелей жағдайлары мұрағатқа өткізілген жұмыс емес, керісінше әрқашан біздің қазіргі шақтағы іс-әрекетіміздің тірі мүшесі» (7,270).

Өткен тәжирибенің сипаты оның іс-әрекет процесінде саралануы, құрылымдылығы , түсінушілік пен модальдылығына әсер етеді. Психологиялық өткен шақ қатып қалмағандығын тағы айта кеткен жөн. Ол жас шамасына байланысты тұлға санасында жаңарады , сонымен қатар, жаңа өмірлік жағдайлар мен уақиғаларға байланысты .

Психологиялық болашақ

Өмірлік жолдың субьективті суретінде, субьект болашақ уақытты болжау туралы елестету - антиципация қабілеттеріне ие. Елестету көп жағдайда болашаққа бағытталғаны баршаға мәлім. Бұл ерекшеліктер арман, өмірлік мақсат, өмірлік жоспарлар мен болжамдар сияқты формада көрсетіледі. Өмір жолының субьективті суреті құрамы бойынша, адамдар уақыт болашағының созылыңқылығымен өзгешеленеді. Басқалар болашаққа қатты ұмтылу көрегендігімен ерекшеленеді. (Осындай адамдар қатарына Александр Блокта жатқан. Ол өзінің күнделігінде мынадай жазбаны қалдырған: «Көп жағдайда адамдар қазіргі шақпен өмір сүреді, яғни, өмір сүрмейді, тек тіршілік етеді. Болашақ арқылы ғана өмір сүруге болады» (8,168). Бірақ нақты ертенгі күннен ештеңе көрмей, тек осы бір күнмен өмір сүретін адамдар да көп емес бар.

Психолог-персонологтар тұлғаның өмірлік іс-әрекетіндегі болашақтың рөліне ертеректе назар аударған. Өмірлік жолда тұлға дамуында дені сау, қалыпты шарттармен мақсаттық құрылымдардың бар болуы ескеріледі. Бұндайлардың жоқтығы тұлғаны жүйкелендіріп, табу сауықтырылады.

Өмірлік жоспарлар мен мақсаттардың болмауы, өмірлік жолында трагедиялық немесе жағымсыз жайғайлар арқылы, тұлға дамуында болашақта өзіндік дефектілермен байланысты күңгірт есте сақталады. Осылайша , Е.Ф.Рыбалконың (9) жетекшілігімен Тхай Чи Зунганың диссертациясында, 30-40 жас шамасындағы вьетнамдық соғыс инвалидтерінің психологиялық уақыт ерекшеліктері зерттелінген. Дені сау адамдарға қарағанда, инвалидтерде қазіргі шақ пен болашақ маңызды айқын жағдайлармен әсерленетіні айқындалды. Олардың орташа психологиялық жасы дені сау құрдастарынан қарағанда жоғары. Инвалидтердің каузограммасында болашаққа қатысты потенциалды жағдайлар көрінісі аз.

Басқа жағынан, Тхай Чи Зунгтың мектеп оқушыларын зерттеу мысалында көрсеткендей, интенсивті дамушы тұлға үшін, өмірлік жолдың субьективті суретінің оптималдылығы тән. Соңғысы маңызды өмір жағдайларын адекватты түсінумен ерекшеленеді, ал маңызды еместері психологиялық жасты төмендетеді.

В.С.Хомиктің зерттеуінде, ерте алкогольдікке құмар жастардың уақытты түсінуі мен қобалжуларының ерекшеліктері зерттелінген (10). Оларда өмірлік жолдың субьективті суретінің өзгеруі байқалып, өткен шақ, болашақ, осы шақтағы уақыт «бөлшектенеді». Болашақ суретінде қысқа мерзімдік мақсаттар басым болады. Ерте алкогольдік жағдайда қазіргі шақтағы дезактуализация (адамдар өмірде қазіргі шағын бағаламайды) жүреді. Психологиялық тұрғыдан мұндай девианттар өздерінің хронологиялық уақытынан өздерін үлкен сезінген.

Инвалидттердегі осындай ұқсас суреттерді Р.А.Ахмеров айқындаған (3). Инвалидтер алыстағы перспективаларына шолу жасамайтын қабілеттерімен ерекшеленетіні байқалды. Себебі, Р.А.Ахмерованың көзқарасы бойынша, оларда «биографиялық алыстан көрмеушілік» болады, олардың өмірлік бағдарламалары аз ойластырылған, жағдайлар арасындағы себепші-мақсаттық байланыстар саны көп емес. Автор, егер адам өз болашағына терең үңіліп, ойлауға қабілетті болғанда ғана, онда өмірлік шығармашылық қабілеттері көп байқалады деген ойға келді.

Тақырып 9: Биографиялық ойлау мен үш уақыттық модальдылықтың бірігуі

Психикалық бейнелеудің ең жоғары және бірігу процесі ойлау болып табылады. Оның орны сана құрылымында және өмір уақытының бейнеленуіне қатысты бірігу қызметтері сақталады. Барлық уақытша модальдылықтың бірігуі , яғни ес, қиял, қабылдау процесстері мен басқа да психологиялық механизмдер ойлау процесінде іске асады. Ойлау өмірлік уақыттың барлық модальдылығында адекватты бейнелену құралы болып, қиял (болашаққа қатысты иллюзия), қабылдау (перцептивтік қорғаныс), естің (ығыстыру) қорғанысын жеңіп шығу құралдары ретінде қатысады .

Санада уақыттың қайтымдылығы болуы мүмкін. Ойлау, ес пен елестетудің көмегімен, субьект өткен шағын қайта бастан кешіріп немесе оны болашақтағы көзқараспен бүгінгі күнде қарап не болмаса оны өткен шаққа ығыстыра алады. Санада еркін уақыт ішінде саяхаттау мүмкін және бұл қабілетті психолог В.И.Ковалев трансспективті деп атаған (11). Бұл механизм нақты биографиялық ойлаудың көрінуі болып табылады және қазіргі шақтың бейнесін (оны актуалиспекті деп атауға болады), өткен шаққа қайта оралу (ретроспективті), болашақта болжау (перспективті) мүмкіндігін береді.

Биографиялық ойлаудың уақытша аспекті , қоғам тарихи мен онтогенез аумағында, тарихи және биологиялық уақыт контексінде өзіндік өмір жағдайларының бейнеленуінен көрінеді. Бұл қатынаста тұлға үшін маңызды тарихи білімдері , оның гуманитарлық білімі жаңаша қатысады. Тарих сабағында және тарихи романдарды стихиялы түрде оқу, тарихи фильмдерді көру, ауызша аңыздармен танысу, тарихи уақыт туралы көзқарастардың болуы, тарихи дамуды қалыптастыру, сонымен қоса тұлға үшін биографиялық ойлаудың құралына айналады. Барлық оқылған, бастан кешілген, түсінген тарихтың барлығы тұлға тарихының бір бөлшегіне айналады, бұл оның өмірлік жолының субьективті суретіне енеді.

Адам өз санасында өткен шақты, осы шақты , болашақты қайта жаңғыртқан кезде, дені сау тұлға үшін психологиялық уақыттың толық құрылымы тән болады. Психология мен философиялық ойларда, тұлғаның оптималды даму үшін, кемелдік шақта алдағы өмір фазасының ерекшеліктері сақталғаны пайдалы екендігі айтылған. XX ғасырдың орыс философы П.А.Флоренский былай деп жазған: «Шығармашылық құпиясы- жастық шақты сақтауда. Таланттылық құпиясы- балалық шақтың өмір бойғы конституциясы, балалық шақты сақтау...» (12,128). (Бұл көбінесе, Н.С.Лейтесаның жұмыстарында, ақыл-ой дарындылығы жас шамасы аспектісін зерттеулерінде өз идеясын тапқан ).

Болашақ, өткен шақ және осы шақта табысты бағдарлану, тұлға әрекеттері мен өзіндік өмірлік шешімдерінен көрінеді. Егер тіпті логикалық дұрыс қабылданған шешім,өте ерте не кеш қабылданған жағдайда, онда ол орындалмаған және мағынасыз болады. 80-жылдары өзінің жұмыстарында К.А. Абульханова-Славская субьект өмірінің сипаты ретінде уақытылыққа назар аударған. Бірақ-та бұдан бұрын уақыттылық деген сұрақ жас ерекшелік психологиясы мен педагогикада, индивидуалды дамудың сенситивті деңгейінің мәселесін талқылау кезінде пайда болған. Шыныменде, тәрбиеленушілердің нақты жас шамасы жағдайларын, олардың болшақтағы даму аймақтарын, жас шамалық мүмкіндіктері мен шектеулерін ескере отырып, олар дайын болған жағдайда ғана педагогикалық әсерлер табысты болады.

Өмірлік жол жоспарында тұлғаның уақыттылығы жас шамасының даму перспективаларының өмірлік жоспармен арақатынас жолы арқылы, макро және микроорта қарым-қатынасында әлеуметтік даму тенденцияларымен анықталады. Өмірлік шешімдердің уақыттылығы – бұл тарихи және обьективті жағдайлардың ритімге көшу әрекеттері. Соңғысы, тарихи уақиғалар әрекеттерін белсенді аңғару үшін , өмір субьектісі дамыған тарихи сезімге ие болу керектігін ұйғарады.

Өмірлік уақытқа қатысты басқа да аспекті, уақытша ресурстардың тұлғалық шектелуімен байланысты. Уақыт ешқашан жетпейді, оны жоспарлап, бөліп , үнемдеу керек. Сонымен қоса, өзіндік өмір ритмінің тез болуы тұлғадан және оның қоршаған ортасынан байланысты. Айқын өмір жағдайларын құрай келе, басқа адамдарды осы жағдайға қатыстыра келе, өмірді қарқындатып, уақыт жүрісін үдетеді. Бұндай қабілет, көптеген мақсаттар санын іске асыратын, уақыт бірлігінде үлкен жұмыс көлемін атқаратын, дамыған тұлғада пайда болады. Қабілеттердің (қиын қабілеттердің, жұмысқа қабілеттілердің, интеллект, арнайы қабілеттердің) дамуы уақыт патенциалдылығы дегенді білдіреді. Сондықтанда, осы потенциалдардың көкейкестену процесі кезінде оның ҮНЕМДЕУІ іске асады.

Уақыт потенциалдылығы түсінігін К.А.Абульханова– Салавская ұсынған (13). Ол қабілеттер мәселесін жаңаша жаңартып, уақыт ішінде өмірлік іс-әрекеттің дамыған механизімдерінің реттелу жолдарын көрсетеді. Осындай реттелудің дамыған механизімдері бар адам, уақыт ішінде компетентті болып табылады (А.Маслоу).

Өмір уақытымен үкім жүргізу тұлғаның бағыттылығына байланысты. Тұлға өзінің уақытын қайда жіберетінін, бірінші кезекте қандай жоспарларын іске асыру керектігін, қазіргі уақыт ішінде қаншалықты күш жұмсайтынын өзі шешеді. Тұлға өзінің түсінігі бойынша уақытқа деген қатынасын, өмір мәні мен іс-әрекет мәнімен байланыстырады. Осыдан уақыт ішінде өмірді ұйымдастырудың әртүрлігі айқындалады.



В.И.Ковалев тұлғаның уақыттық ұйымдарының төрт типін белгілеген (14). Бірінші тип - әдеттегі-жағдайлық . Оның күйі жағдайларға байланысты , ылғи да уайымшыл, абыржығыш. Әрқашанда бос емес, бірақ алдағы мақсаттары үшін маңызды өмір сызығын белгілемейді. Күнделікті жұмыстарымен өмір сүріп, өмірлік іс-әрекеттің ағымдағы ескішілікке негізделген міндеттерін шешеді. Былайша айтқанда «Бал арасы» сияқты.

Екінші тип- әрекетті-қызметтік. Сергек, жинақы, іскер. Бірақ оның белсенділігі көп жағдайда әлеуметтік рөлдер шеңберінде ашылады және қоғам қызметімен тапсырылады. Жағдайға қатысты өзм- өзіне сенімді немесе тәуелді. Әлеуметтік қызметтерді орындау кезінде уақытты жақсы бөледі, бірақ оны жалы өзіндік өмір қызметімен сәйкестендірмейді, оның белсенділігінде терең өмірлік мән бар ма деген сұрақ қоймайды. Бұл рефлектенбеген «Прагматик».

Үшінші тип- рефлексивті-пайымдаушы. Ішкі өмірде сүру арқылы бірінші және екінші типтерге қарама –қарсы келеді. Бұл жерде екі вариантта мүмкін. Біріншісі, ол ішкі өмір өзінде толығымен артта қалады, сыртқы өмірмен нашар сәйкеседі және шынай өмірді бейнелемегендіктен маңызды болатын мазмұндарын жоғалтады. Бұны «Армандаушы» деп айтуға болады ( Достоевскийдің «Белые ночи» романындағы батыр, осы типке жақсы мысал бола алады). Бұл типтің екінші варианты, ол ішкі өмірдің шығармашылық және өз беттілігі сипатымен, бірақ аз әлеуметтік белсенділікпен ерекшеленеді. Ол сырттай аз айқындалған, өзінше терең үңілген, терең ойланған, шыдамсыз, бақылағыш. Көп ойланып, өмірін дұрыс бейнелейді, бірақ аз әрекет етеді. Оны «Пайымдаушы» деп атаймыз.

Төртінші тип- саналы-өзгертуші. Өмір жағдайларында жақсы бағдарланып, онда өзінің мақсаты үшін қолданатын негізгілерін белгілеп алады, көбінесе ширақ келеді. Өмір мәнін түсінеді және соған сәйкес өмір сүруге талпынады. Шешуші өмірлік жағдайларда оған іс-әрекеттің әуестенгіш-жігерлі мәнері тән. Өмір жағдайларының қысымына қарамастан, таңдаулы өмір сызықтарын сақтай алады. Ол «Тағдыр қожайыны».

Өмір уақытын ұйымдастыру, тұлғаның уақытша қалаулары деп аталатын байланыспен сәйкес болуы мүмкін. Жалпы динамика бойынша, өздерінің өмірлік шешімдері мен ішкі өмірлерін өткен шаққа, ал кейбіреулері– болашаққа, ал үшіншілері– осы шақтағы мезетке бағдарланған адамдар да бар. (Бұрында біз, Л.Н.Толстойдың (осы шаққа бағдарлануы) мен А.А.Блоктың (болашаққа ұмтылысын) дәлелдейтін уақыт ішіндегі қарым-қатынас туралы айтып кеткенбіз. Ал, И.А.Бунин орыс поэты И.В.Одоевцеваның куәгері ретінде , өткен шаққа ерекше сезімталдылықпен қараған: «Ол өткен шақты ақылға симайтын күш арқылы бастан кешіреді! Ол үшін өткен шақ жоқ сияқты. Ол үшін бұрын болғандардың барлығы қазір, осы жерде болып жатқан сияқты» (15,292). Кейбір негіздерге сүйене отырып, сол не басқада бағдар біріншіден, жас шамасына байланысты, екіншіден, топологиялық сипатқа ие және тұлға құрылымының ерекшеліктеріне байланысты екендігі анықталған.

Осылайша, петербургтік психолог П.И.Яничеваның жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне жүргізген зерттеуі бойынша , 20 %-ы өткен шаққа бағдарланғаны анықталған. Осы бағдар типі қобалжу, эмоционалдық өзін-өзі төмен бақылаумен,бағынушылықпен арақатынасын орнатады. Зерттелушілердің 30%-ы осы шаққа бағдарланғандығы анықталған, олар тұлғалық тұрақтылық пен шынайлылықпен байланысты. Зерттеушілердің 50%-ы болашаққа бағдарланған, олар өзін-өзі жоғары бағалау, өзіндік ұйымдастыру, тәуелсіздікпен корреляцияланады. Осылайша, өмірлік жолдың субьективті суретінде, уақыттың арақатынасы тұлғаның даму деңгейі мен құрылымдық ерекшеліктерімен байланысты болады.

Тұлға санасынды өткен шақ, осы шақ пен болашақтың арақатынасының жастық өзгергіштігі туралы мәліметтер бар. Т.Коттлу (T.Cottle) бойынша, тұлға санасында балалық шақтан жастық шаққа дейін өткен шақ пен болашақтың үлесі арта түседі. Жастық шақта болашақтың уақыты өткен шақпен тең болады. Ал кемелдік жас шамасындағы адамдардың өткен шағына қарағанда, жиырма жастағы зерттелушілерде болашақ туралы диапазондары үш есе көп болады.

Өмір уақытын ұйымдастыруға деген қабілеттілік , тұлға дамуының мөлшері бойынша жас шамасымен өзгереді. Балалық шақта ол минималды, себебі, бала өз уақытымен өзінше басқарудан қарағанда, керісінші, әлеуметтік кесте мен режимге бағынады. Ал кемелдік жаста өмір уақытын ұйымдастыру тұлғаға байланысты, бірақ ол өндірісте және қоғамдық-саяси сферада тұлғаның әлеуметтік қызметі мен оның статусына байланысты іске асады.

Адам көбінесе өз беттілікке, өзінің бос уақытын ұйымдастыру кезінде жетеді. Бірақ бұл жерде де, денсаулық пен қаржылықты қамтамасыз етуге байланысты шектеулер аз емес. Дамыған бай мемлекеттегі зейнеткерлер өмір уақытын өз бетімен ұйымдастырудың кең мүмкіндігіне ие. Болашақта материалдық тұрғыда тәуелсіз және көптеген қызметтік міндеттерді орындауда еркін. Дегенмен, оларда да болашақ өмір уақытының қысқартылу мәселесі бар, ол қарттардың қандай-да болмасын іс-әрекет мәнін , өмір құндылықтары мен өз өліміне деген қатынастарын жояды.

Қарт немесе жас адамдардың өмірлік іс-әрекетті түсінулері экзистенционалды фрустрацияға алып келеді. Өткен шаққа үнделеген экзистенционалды фрустрация бекер өмір сүру ретінде уайымдалады. Осы шақ– құлазыған және шешілмеген қарым-қатынас ретінде болады. Мақсаттар блокталып, адамға өмір біткен сияқты көрінгенде , болашақ туралы фрустрация болады (16).

Бұл жағдайларды Р.А.Ахмеров биографиялық дағдарыс контексінде зерттеген (3). Биографиялық (өмірлік) дағдарыс– бұл тұлғаның өзіндік өмірі , оның өнімділігіне өткір қанағаттанбаулық. Соңғысы перспективсіз сезімде, яғни, адам өмірлік болашағын көрмейді, құлазыған сезім (өмірлік іс-әрекетке деген стимулдың болмауы және күш қуатының жоқтығына алаңдау) мен іске аспаушылық сезімі (бостан босқа өмір сүрдім деген сезім) көрінеді.

Экзистенционалды фрустрация мен биографиялық дағдарыспен күресу, кемелденген жас шамасындағы тұлға үшін, жауапкершілік сезімімен, ерік күші және дамыған биографиялық ойлаудың арқасында оңай болады. Өмірлік жолда қиындықтардың алдын алу , өмір философиясына байланысты, осының негізінде тұлға ерекше «тіршілік ету техникасын» табады, басқаша айтқанда, өмірлік сынақтардан мінез-құлықтың индивидуалды стилін алады (Г.Томэ). Жалпы, дағдарыстың алдын алу индивидуалдылыққа айналған адамдар арқылы іске асады, бұны В.Г.Ананьевта келтірген.

Тақырып10: Жеке құжаттар биографиялық акпараттардың көзі. Автобиографиялық көздер. Биографиялық әңгімелесу немесе сұхбат.
Биографиялық акпараттардың негізгі көзі болып адамның өзі болып табылады.Оның биографиялық сөздері жеке құжаттарда тіркеледі.Жеке құжаттар-күнделіктер,хаттар,өмір сипаттамасы-биографиялық деректерге елеулі үлес қосады.

Кең мағынада биографиялық акпараттардың көзі болып қандай да бір оқиғаны куәландыратын заттар,құжаттар,мәтіндер,адамдар болып табылады.Мәтіннің толық сақталмайтындығынан,жеке көздердің қиын қолжететіндігіне және олардың көбін зерттеуге уақыт тапшылығына байланысты бәрін қамтитын деректану әрқашанда толыққанды бола бермейді.Егер тарихшы ұлы адамның биографиясын зерттесе,онда психолог әдеттегідей қатардағы замандастарға көңіл бөледі.Сондықтан олардың өздері биографиялық ақпараттардың үлкен үлесін тек қана мәтін арқылы ғана емес,зерттеушімен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы бере алады.

Биографиялық көздерді әдебиеттануда,тарихи ғылымда жіктеуге болады,бірақ ол психологияда жоқ.Біз психологиялық зерттеулердің ерекшелігін ескере отырып,олардың төрт тобын құрастырдық.Олардың екеуі зерттелетін адамның өзінен шығады:1)оның өзі туралы куәлігі (автобиографиялық көздері)және 2)оның қызметінің,шығармашылығының өнімдері.Басқа екі топ қоршаған ортамен байланысты: 3)Жеке тұлғаның ресми құжаттары және 4)зерттелетін адамды әр түрлі жағдайларда және оны өмірлік кезеңдерінде бақылап жеке танитын адамдардың куәлігі.

1.Автобиографиялық көздер

а)Күнделіктер

Күнделіктер-тапсырыс бойынша істелінетін құжат емес,оны ішкі дүниесіне байланысты жазады.Күнделіктерде өмірінде өтіп жататын оқиғалар жазылады.Жазбалар тікелей әсердің арқасында жазылады,сондықтан күнделіктерде ұмыту,бұрмалау деген жоқ.Күнделікті жүргізу себептері әр түрлі,бірақ оны адам өмірінің шешуші сәттерінде өзінің тағдырын мен жеке басын түсіну үшін күшейте түседі.Күнделіктің көбі жастық шақта жазылған.

Күнделiктердi ғылымда пайдалануға шектеуді күнделiктердiң қол жетпейтiндiгiмен түсiндiредi.Шағын өкілі (әдеттегідей күнделікті ерекше адамдар-білімді,әсершіл және рефлексияға бейім адамдарбелгiлi бір жас кезеңдерінде және тарихи сәттерде жазады); жазбалардың мәні бөгде адамға түсініксіз.Күнделіктегі мәтіндер өмірді өршітеді, оларға субьективтілік,бағалау,дереу пайымдаулар,дәлелденбеген фактілерді қосу кіреді.

Күнделіктің шындығын бағалай отырып,адамға өзінің қамығушылықтарын жазу қиынға түсетіндігін ескеру қажет.Сонымен қатар моральдық тыйымдар бар,оның үстіне көптеген авторлар жүрегінің түбінде кунделікті жазбалары бөтен адамдармен оқылады деп қорқады немесе үміттенеді.

Көрсетілген кемшіліктерге қарамастан күнделіктер психологияда пайдаланылады және жас ерекшеліктерін мен жеке тұлғаның ішкі дүниесін зерттеуде психологиялық ақпарат береді.

б)Хаттар

Олар психологияда өте сирек қолданылады.Оның басты себебі олардың қолжетімсіздігі мен нашар сақталуынан болады.Бірақ тарихта,әдебиетте,өнерде,ғылымда әйгілі адамдардың хаттары арнайы сақталып,жинақталады және зерттелінеді.Психологияда қарапайым адамдардың жеке құжаттар қорын құру тәжірибесі жоқ.Ресейде мұнымен Н.А.Рыбников,Австрияда Шарлотта Бюлер мен оның ғылыми ұжымы айналысты.

Хаттың ерекшелігі оның басқа адамға жазылуында.Онда автордың күнделікті өмірі туралы фактілер,оның психологиялық жағдайы,қазіргі оқиғаларды талқылау,өз іс-әрекетін түсіндірулер кіреді.Хатқа қарап адамның қарым-қатынас жасауы мен оның ортасы туралы айтуға болады.

Шығармашылық адамның хаттарында оның туындыларында,шығармашылық ойларында,автордың саяси көзқарастарында,замандастардың мәнерлі очерктерінде,суретшінің ішкі дүниесі мен ортасын ашатын пікірлер табады.Сондықтан да көрнекті қайраткерлердің жарияланған хаттары сондай қызықты және оқуға тұрарлық.

"Дженнияның хаты" деп аталатын автордың тұлғалық құрылымын танытатын бір әйелдің 11 жылдық өміріне негізделген,Психологиядағы хаттардың ғылыми зерттеу үлгісіндегі ең танымал жұмыс А.Болдуина болып табылады.

Оның әдiсiнiң мәнi келесiден тұрды.

1)хат өмірлік кезеңдерге жіктелген,ал оның мәтіндері жеке эпизодтарға бөлінген;

2) "тақырыптар" мәтінінің мазмұны категорияларға бөлінді (барлығы 15тақырып);

3)хаттарда "тақырыптар"туралы ескертулер саны есептелді;

4)әрбір эпизод ішінде "тақырыптың" жалпы саны ескерілді және бір эпизодта талқыланған екі "тақырып" автордың санасымен байланысты деп саналды;

5)"тақырыптар" арасындағы байланыстың мәні статистикалық критерий арқылы тексерілді.

в) Автобиография

Адам өзінің басынан өткенін жазатындықтан автобиография барлық жеке құжаттарға тән.Бірақ өз өмірінің сыртқы және ішкі жағдайынжылдан жылға қалыпқа келтіретін жазбаша мазмұнды естеліктер-автобиография бар.Олар зерттеушінің мақсаттарынан тәуелсіз өздігінен болады және зерттеушінің тапсырысы бойынша әдейі жасалынады.Зерттеушінің бағыттаушы әсері әр түрлі. Бұл автобиографияға тапсырыс немесе оны жазуға сұрақтар құрастыру мүмкін. Бізде соңғы жағдайда қолдаңбалы зерттеулерде жиі қолданатын,автобиографияның құрылымдық нұсқасы бар.Методология мен психологияның әдіснамасында оның естеліктерін қажет арнаға бағыттау керек деген пікір кездеседі.

Зерттелінетін адамның мақсат міндеттеріне байланысты оның жан-жақты өмір сипаттамасын жасауын (толық автобиография) немесе өмірінің қандай да бір кезеңің айтуды сұрайды (тақырыптық автобиография).Әлеуметтануда кейде бірдей тарихи оқиғаны басынан өткерген, ұқсас өмірлік тәжірибесі бар адамдардың автобиографиясын жинайды.Мұндай жағдайда биограммалар деп аталатынды алады.

Автобиографиялар мазмұнына қарай ерекшеленеді:кейбірінде объективті оқиғалар мен жағдайлар басым,басқаларында өмір кезеңдеріндегі уайымдауларға,бағалауға,дәлелдерге,мінездемеге көңіл аударылған. Мұнда автобиография-шежіресі,автобиография- өзін-өзі ақтау,мойындау,өзін-өзі талдау ерекшеленеді.

Баяндау сипаты зерттелетін тұлға мен нұсқауларға байланысты болады.Өз өмірін ойлауға бейім адамдар бар.Оларда негізгі фактілер мен өмірлік жолының фактілері,оқиғалар арасындағы байланыстар мен өзінің мінезінің өзгеруі туралы пікір бар.Оларда қазіргі сәтте жазбаша мазмұнда немесе ауызша әңгімеде айтылған қалыптасқан өмірлік жолының субъективті бейнесі бар.

Күнделіктер, хаттар, өмірбаяндар ғылыми мақсатқа арналмаған. Зерттеушілер өздерін қызықтырған жеке құжатты автобиография немесе күнделіктер конкурсын ұйымдастырып,адамдарды өздерінің жеке құжаттарын ғылыми мұрағаттарға беруге түрткі болады.

Биографиялық әңгімелесу немесе сұхбат.

Әңгімелесудің мазмұны автобиографияға ұқсас болып келеді.Мұнда негізі еске түсірумен қатар жүріп отырады.Зерттеуші бұл кезде әңгімені өз мақсатына бұрмалап түсініксіз құбылыстарды өзі ашып алуға тырысыды,әңгімелесу барысында эмоциялық көрінісін бақылап отырады. Осы еске түсіріп ауызша сұхбат беру кезінде жеке тұлғаның жан-жақты көзқарасы,ішкі әлемі және мінез-құлқы анықталады.Әңгімелесу процесі сапалы өнімді болып шығу үшін диктафонды немесе дыбыс жазатын әртүрлі құрылғыларды пайдалану керек.

Әңгімелесу өткізудің ерекшелігі және қателігі оны ұзақ жүргізу болып табылады.Әңгімелесу әдісі бірнеше кезеңдерден тұрады шамамен жарты сағат.Әңгімелесу кезінде жалпы ережеге сәйкес сенімді қарым-қатынас орнату керек.Сондықтан да жеке ісіне,автобиогпафиясына байланысты дұрыс сұрақ қоя білу керек және осы жағдайды нақтылап отыру керек.Респондент немесе әңгімелесуші әңгіме барысында бірнәрсені еске түсіру кезінде қиналып жатса, оған оның жеке істерінен немесе қандайда бір ресми құжаттан алған, сонда жазылған айтулы күндерді есіне салып отыру керек.

Біздің монографиялық зерттеуімізде зерттеуші студенттер алдымен өмірлік жолындағы автобиография жазып,одан кейін психолог жоспары бойынша онымен әңгімелесу жүргізіп,содан соң ғана оның жеке өмірбаянындағы айтулы кездерді жазып қою керек.Автобиографиялық немесе әңгімелесу барысы келесідей кезеңнен тұрады:

1.Отбасы жағдайына мінездеме.

Орташа кірісі,өмір сүру кезеңі,отбасының хал-жағдайы және отбасы мүшелерінің білімі.

Отбасындағы өзара қарым-қатынас,психологиялық атмосфера.Отбасы өміріндегі айтулы жағдайлар.

2.Қарым-қатынас

Достарына мінездеме.

3.Ұйым және топ

Әртүрлі ұйымдарға қатысу.

4.Оқу іс-әрекетіне мінездеме.

Жақсы көретін және ұнатпайтын пәндері.Оқу үлгерімі.Оқуға деген қарым-қатынасы.Ғылыми,ғылыми-әлемдік және қосымша әдебиеттерді білуі.

5.Қызығушылықтары және айналысатын істері.

Өмір сүру барысындағы оқуына мінездеме оқыған кітаптарының көлемі немесе жек репертуарлары.Сүйікті шығармалары және кейіпкерлері.Фильмдері,қойылымдары.Әртүрлі ұйымдарға қатысуы.Кәсіби білім алуындағы оқитын кітаптары мен қызығушылығы.

6.Мамандақ таңдау тарихы.

Нақты таңдау жасағанға дейін үгіттеу болды ма?Мамандағы туралы ақпарат көздері.Нақты таңдау жасауға не әсер етті?

7.Физикалық даму барысы.

Осы кезге дейін ауырған аурулары,жалпы денсаулық жағдайы.

Менің бір зерттелінушіме 5 сағат уақытым кетті,орта есеппен алғанда 1127 ұсыныстар алдым.

в.Биографиялық анкеталар мен сұрақнамалар

Қазіргі заманда зерттеуші психологтар автобиографиялық ақпараттың дәстүрлі түрлерімен шектеліп қалған жоқ.Олар сонымен қатар биографиялық сұрақнамалар ‘инвентарларды’ қолданады,әсіресе топтық зерттеулерге,өмір жолы,әсіресе әлеуметтенуі нақты көрсетілген автобиографиялық анкеталарда.Биографиялық анкетаның ерекшелігі уақытты үнемдеуге өте қолайлы.

Өзіміз жүргізген биографиялық анкетаны мынадай бөлімдерге бөліп қарастыруға болады:

1.Әлеуметтену баспалдақтары:балабақша-мектеп-ЖОО-жұмыс;

2.Қоғамдық іс-әрекеті және ұйымдарда мүше болуы;

3.Даму ортасы:мекен-жайы,оқуы,саяхат жасауы;

4.Қызығушылығы және сүйікті сабақтары;

5.Әртүрлі жас кезеңінде ауырған аурулары;

Біздің зерттелінушілеріміз орта есеррен 70 минут уақыттарын бөлді.

Өзін-өзі зерттеуге объективті тексеру үшін адамның іс-әрекетіндегі әртүрлі тұжырымдамалармен таныса отырып жүргізуге болады.Ол үшін мынадай праксиметриялық әдістер қажет.

2.Іс-әрекеттің өнімділігі биографиялық ақпараттың көзі ретінде.

Шығармашылық қорытынды-жазушының немесе ғалымның ғылыми биографиясының негізгі элементі.Психологияда шығармашылықты зерттеу тәсілі автордың жеке тұлғасын зерттеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, Х.Г. Мак-Гарди ағылшын жазушысы Д.Х.Лоуренстің 13 романына анализ жасап,оның шығармасының кейіпкерлері өзінің өмір жолына ұқсас екенін айтқан.Бұл зерттеудің авторы анализ жасауда мынадай әдеби шығармашылықтарды ұсынған:жазушының барлық романдарын оқу, негізгі кейіпкерлерді типтерге бөлу, әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін өзара байланыстыратын қасиеттерін ашу және осы айтылғандарды Лоуренстің жеке биографиясында пайдалану.

Қазіргі адамның жазбаша шығармашылығы- оның іс-әрекеті өнімінің көп таралған түрі.Олар интеллектің дамуын,эрудицияны,мінезді,іс-әрекетке деген қарым-қатынасын,қызығушылығын және жеке тұлғасының кейбір ерекшеліктерінің көрсеткішін қарастырады.Сонымен қатар осы адамның шығармашылығын мойындаған қоғамның да көзқарасын білу керек,бұл оның дамуын жоғарлатады.

Ф.Олпорттың және де басқа да авторлардың зерттеулерінде студенттер берілген тақырыпқа шығарма жазған.Эксперттер анонимді түрде жазылған шығармалардың қай авторға тән екенін болжап айтқан.Мұнда 50 пайыз дұрыс шыққан.Осындай жолмен олар студенттердің жазған жеке шығармалары арқылы автордың жеке тұлғасы туралы болжап айтуға болатынын айтқан.
3. Куәгердің айғақ беруі.

Қазіргі заман естеліктері автобиографиялық ақпаратпен сәйкес келеді,бірақ олар автордың емес басқа адамның сипат беруіне жатады.Әр затты қабылдау және түсіну куәгердің жеке тұлғасына байланысты.Біздің биографиялық зерттеуімізде куәгерлерге өз зерттелінушісінің өмірбаянын нақты еске түсіргеннен қарғанда,олар туралы жалпы айтқан оңай болады.


Біздің зерттеуімізде нақты мақсатымызға бағытталған ауызша және жазбаша ата-аналарға арналған сұрақнама әдісіқолданылады.Онда мынадай сұрақтар қарастырылған:

-Отбасында өмір сүру жағдайы қалай болды?

-Отбасы мұшелерінің біреуі болсын қатты ауырды ма?

-Сіздер ата-аналар өз қыздарыңызды қаншалықты жиі жазаладыңыз?

-Барлық отбасы мүшелерімен жазғы демелыс ұйымдастырдыңыз ба?Қайда және қашан?

-Отбасында ортақ сүйікті істеріңіз болда ма?болса қандай?

-Қыз баланы тәрбиелеуде әкесі қаншалықты қатысы болды?әкесі онымен бірге уақыт өткізді ме әлде арласпауды жөн көрді ме?

-Отбасында бір-бірлеріңізге өз жұмыстарыңыз жайлы айтасыздар ма?

-Сіздер балаларыңызға өз өмірлеріңізде болған қызықты жағдайларды айтақанды ұнатасыз ба?

-Сізге қонақ жиі келетін ба еді?Олар кімдер?

-Қызыңыздың мектеп кезінде,балабақшада достары немесе таныстары көп болды ма?

-Балаларыңыз өзара достар болды ма?

-Сіздің қызыңыз оқыған мектепке көңіліңіз тола ма?Оның мкетептегі мұғалімдері сізге ұнай ма?

-Сіздер ата-аналар мектепке қызыңыздың үлгерімін білу үшін арнайы бардыңыз ба?

-Қызыңыздың қай кезде сіздің тілегіңізбен енңесіңізге құлақ аспай өз бетінше шешім шығарғанын еске түсіріңізші

-Сіз қызыңыздың өмірінде болған бір келеңсіз жағдайды айта аласыз ба?Кішкентай кезінде немен айналысқанды ұнататын?

-Мұғалім берген тапсырманы орындауға шамамен қанша уақыт жұмсайтын?

-Ол үйде қандай міндет атқаратын еді?Ол оны ықыласпен істеуші ма еді?

4. Ресми биографиялық құжат.

Кешенді биографиялық талдау әдістерінде жеке тұлғаның ресми құжаттарындағы оның өміріндегі айтулы күндерді жазып қою міндетті. Осының арқасында ресми құжаттағы мәліметтер нақты әрі сенімді айғақ болып табылды.

Мұндай құжаттар құрамына түү түралы куәлік,білімі туралы құжат,неке құжаты,марапат қағаздары,жанұя туралы ақпараттар , жұмыс орнынан берілетін анықтама және оқу орнынан немесе жұмыс орнынан мінездеме.

Ресми құжаттарда адамның ішкі әлемі туралы ақпарат жоқ,бірақ айтулы күндер сақталған.Зерттеушілердің өздері автобиография жазғанда нақты айғақтарға сүйенеді,содықтан ресми құжаттар еске түсіру процесін жеңілдетеді.

Биографиялық ақпараттың сенімділігі және беріктілігі.

Жеке бас құжаттарын зерттеуде оның нақтылығы,сенімділігі және беріктілігі туралы сөздер қозғалған.

Биогафиялық ақпараттың нақтылығын құжаттың мазмұнына,оның белгілі бір оқиғаға қатысы бар адамға тән екенін және ол туралы естеліктері бар деп көрсетуге болады.

Биографиялық әдістің сенімділігі жеке тұлғаның мінез-құлқына деген болжамдарына әртүрлі эксперттер берген биографиялық материалдардағы бағасы деп білеміз.

Биографиялық әдістің беріктілігі дегеніміз эксперттер өз болжамдарында айтқан биграфиялық материалдары зерттелінушінің өміріндегі нақты мінез-құлқы немесе тесттік тапсырмаға берген жауабы.

Биографиялық әдістің сенімділігі көрсеткіштер санына байланысты өсіп отырады,мысалы,контент-қорытынысының индексі.Әдістің нақтылығы жеке бас құжаты не үшін құрылғаны нақты,биографиялық ес жүйелі,зерттеуші мен зерттелінушінің қарым-қатынасы жүйелі болған жағдайда жоғарылайды.



Тақырып 11: Жеке тұлғаны толықтай зерттеудегі биографиялық іс-тәжірибе. Жеке тұлғаны зерттеуде биографиялық іс-тәжірибені жинақтау. Жеке бас құжаттары.
Жеке тұлғаны биографиялық зерттеу бұл биография әдісіне әсер етеді.Зерттеу іс-тәжірибесінде тек жеке құжаттары ғана емес сондай-ақ ұзақ уақыт аралығындағы өмір сүру құндылығы қаралады.Сонымен қатар жеке тұлғаны зерттеуде басқада аналитикалық техникалары бар.Оларды квазиэксперимент деп атайды ,ол биографияның айтылу формасын көрсетеді.

Бұл бөлімде жеке тұлғаны биографиялық әдіспен зерттеудегі нақты іс-тәжірибе қаралады.Менің зерттеуімде негізінен жастар болды олар:студенттер,психологтар орта жас ,қарт адамдарда бар.Мен олармен толықтай биографиялық әдістеме жүргіздім.

(Негізгі ақпарат 1973-1999ж жинақталды,толықтай іс-тәжірибе ретінде 1973-1975ж қолданды)

Биография әдістемесі жеке тұлғаны зерттеуде басты ақпаратты құрайды.Басқа бөлімі психодиагностика және эксперименттен тұрады.Синтезде бир адамды зерттеу барысында психологиялық ақпаратты психография негізінде бейнелейді.Сонымен қатар биография жеке тұлға гинезисін крастырады және қосымша ақпарат береді.

Психография іс-тәжірибесі психология ғылымында да танымал.Мысалы:Ананьева мектебінің басшылығымен психографиямен Н.М.Владимирова айналысқан.Ол психологиялық зерттеулердің негізінде адамдар жайлы нақты ақпарат жинаған.Жеке тұлғаны зерттеудегі психологиялық ақпарат әліде қаралуда ал психография дамуды қажет етеді.
Жеке тұлғаны зерттеуде биографиялық іс-тәжірибені жинақтау

Жеке тұлғаны монографиялық зерттеу үшін зерттелінуші психолог-биографпен саналы түрде қарым-қатынасқа түсіп өз өміріне эксперимент болуға келісуі қажет болып табылады.Сондықтан пихолог олармен түсіндірме сабақтарын жүргізеді.Бұл зерттеу оңайға соқпайтынын және тапсырмаларды орындауда қиндықтардың болтыны ескертеді.Әрине ереже бойынша қызығушылықтарын тудырады олар психологтың айтқанын және өздеріне сеніп, өмірінің өткенін есіне алып өзін-өзі реттегісі келеді.

Биографиялық іс-тәжірибелік зерттеуде екі түрдегі әдіс жүргізіледі аналитикалық және синтетикалық.

Нақты әдістер монографиялық зерттеуде қолданылады.(4)



Тақырып 12: Жеке бас құжаттарына арналған әдістемелер.
1.Жеке бас құжаттары

Бұл биографиялық құжатта бекітілген негізгі ақпаратты сақтайды.Мұндағы құжатта бекітілген негізгі ақпарат келесі биографиялық зерттеулерге көмегін тигізеді.

Жеке тұлғаны зерттей отырып хронологиялық кесте құруға болады.Бұл келесі жұмыстарды жеңілдетеді.

Хранология

Факт

Субьектілік жағдай

Мінездеме

Сол шаққа баға беру

Кыркүйек 1996

Жоғарғы оқу орнына түстім

Мен қатты қуандым

Мен сыпайы болдым

1курс бойы -қиналдым


2.Биографиялық анкета

Анкеталық әдіс биография сияқты өзіндік ақпарат береді.Анкеталық әдіс зерттелінушіге сұрақ қою арқылы өткен өмірі жайлы нақты ақпарат ала алады.

Менің биографиялық анкетамда келесідей бөлімдер болды.

1.Әлуметтік саты:Мектеп,балабақша,отбасы, жоғарғы оқу орыны т.б.

2.Қоғамдық орта және ұйымға мүше болу

3.Қоршаған ортаның дамуы:,мектеп ,тұрғылықты жері т.б.

4.Қызықты әрі ұнамды істер

5.Әр түрлі жастағы ауру


3. Автобиография

Біз өмірімізді жолымызды тұтастай елестету арқылы автобиографиямызды бейнелейміз.Оның жазылуы үшін биографиялық анкета схемасы тиімді.Ақпараттың толықтай шығуы бұл зерттелінушіге байланысты.Бірақ биографист толықтай ақпарат алуға тырысады.

Менің парктикамда жазылған автобиогарфия 15 сағат уақыт алды,мәтін көлемі 129дан 451 сөйлемді құрайды,орта есеппен алғанда 263 тең.
4.Биографиялық интервью

Биографиялық интервию автобиографиялық анкетаның схемесына ұқсас.Бірақ көп жағдайда интервию зерттеушілерге бағытталады.Ол зерттеуші адамға жағдайды ашуға ,жұыстың тоқтап қалмауына көмектеседі.Сондықтан психологиялық нақты ақпарат пен дұрыс интервию алу үшін алдын ала бекітілген құжаттардан сұрақ дайындау керек.(анкета,автобиографиялық факт т.б)Психологиялық көзқарас бойынша интервию өте көп ақпарат береді,яғни жеке тұлға өмірінде болып жатқан жағдай,қарым-қатынас,психологиялық дамуына әсері жайлы ақпарат.Бұл клиентпен жекелей өткізіледі.Егер клиент қарсы болмаса әңгіме барысын диктифонға жазуға болады. Бірақ қандай жағдай болмасын оны тыңдап, істі аяғына дейін жеткізген жөн.Менің зерттеуімде әңгіме барысы 2-5 сианстан тұрды.Жалпы алғанда әрбір зерттелінушіден 5сағаттан интервию алдым.



5. Ортамен қарым-қатынас әдісі

Әдістегі тапсырма бұл адамның өмір сүру жолындағы ортамен қарым-қатынасты анқтауға бағыталған.Зерттеушілердің айтуынша адамнын ортамен қарым –қатынасы 44% құрайды.




6. Оқиға әдістемесі

Адам өміріндегі оқиға басты феномен болып табылады және оның бір бөлшегі.Өмір жолында субьективті құрылымын анықтау үшін “оқиғалар немесе ” ”өмір оқиғасының ”қарапайым бирақ тиімді әдісін ұсынады.Жазбаша тапсырмаға сәйкес ,тізімге оқыған күні мен қысқаша өмір фактілерімен ,ол оқиғаларды нақты сипаттау керек.Менің жұмысымда әр адам “өмір оқиға “тұжырымдамасының өзіндік түсінігін берді.

Шараның мазмұны мен нысанына бірегейлігін ескере отырып ,зерттенген белгіленген,біз олардың жеке басының индикаторы ретінде қарастырамыз.Олар айтарлықтай адам обьектілерін оқиғалар мен жағдайлар ,өткені мен қазіргі ,және жеке тұлғаның маңызды әлемін көрсетеді.Мысалы:Біз екі сыныптасты алдық .Екеуіде студенттік ұйымға қатысты бірақ,бірі әсерлі оқиға ретінде атап өтсе екіншісі – жоқ.

Бұл маңызды және оқиғалардың саны болып табылады.Бізге мынанадай адамдар кездесті зерттеушіге сеніп оған қызықсада “өмір оқиғасын “ орындаудан бас тартты,өйткені олардың өмірі бір ағымда өтіп жатты.Өмір жолындағы обьективті анализ ол өмірдегі қарама –қайшылықты көрсетеді.Біздің зерттеуіміздің нәтежесі бойынша үш категорияға бөлдік олар:оқиға ортасы,оқиғаның іс-әрекеті,оқиға әсері.

Оқиға әдісі биографтардың зерттеуінше модификациялық түрде жеке тұлғаның өмір жолындағы обьективті көрінісі мен уақытын көрсетеді. (Р.А.Ахмерова, Л.Ф.Бурлачука и Е.Ю.Коржовой, Е.И.Головахи и А.А.Кроника, (5; 6; 7).Бұл каузометрия әдісінде қолданды. А.А.Кроника и Е.И.Головахи.

Нәтижесінде каузометрия әдісі және оқиғалар сіз өмірдің іс-шара тығыздығы жеке кезеңдерін түсінік беруде деректердің үлкен көлемін алуға болады.




7.Әсер қалу әдісі

Жеке тұлға есі тек оқиғаларды ғана есмес көптеген әр түрлі есте қалған сәттерді және әсерлі оқиғаларды да сақтайды.Олардың сәйкестендірілуіне негізгі әдіс ұсынылады.Ол үшін зерттелінуші әр түрлі әсерлерді,жақсы да ерекше оқиғаларды еске түсіру керек.Әсер қалдыратын оқиғалар бар және ішкі әлемдегі оқиға бар.Бірақ олар көп емес.Олар оқиғаға байлансты болғанымен оқиғалар манызды роль атқармайды.Кейбірөмір фактілерінен құралған оқиғалар бірнеше жылға созылады .Мысалы:Бір қызды алсақ ол өзіне улкен еркекпен көп жылдар бойы қарым –қатынаста болды яғни бұл оқиға,ал күнделікті кездесулер ол қыз үшін ерекше әсер болып табылады.Оның айтуанша үлкен ер адаммен жылдар бойы қарм-қатынасқа түсу бұл оның интелектуалды дәрежесін жоғарлатты.Осы тәжірибенде атап айтқанда біз жеке тұлғаның маңызды ерекшеліктері мен әр түрлі әсерлерінің оқиғалармен байланысты емес екенін факт ретінде жасай алдық.



8.Бағалау

Адамның эмоцоналдық қабілетінде қандайда бір туындына алған әсер ерекше орынды.Біздің зерттеуімізде зерттелінуші өзінің жақсы көретін кітап,кино,музыкаларын кай жылы,кашан,кай кезде осы заттар тыңдалынып қолданылғанын айтып беру болып табылады.Сонымен қатар осы айтылғандардың ішінде қайсысы әлі кунге дейін ерекше орын алып есте ұзақ сақталып келе жатқанын біліп олардың астын сызып қою керек.Айтылған жауаптар мінездеріне сай болды.Мысалы:Людмила лингвистикалық іс-тәжірибесі мол қабілетті адам, ол өзінің жақысы көретін кітаптарының тізімін жасап шығарды,оның ішінде жүрегіне жол тапқан күрделі шығармалар да болды.Ол XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген орыс жазушыларын ерекше атап өтті.Бағалау әдісі бұл әсер алу әдісін толықтырады.


9. Бақытты шақ

Мысалы оқиғадан ерекше әсер алу кезінде адам өткен өмірін қайта бастан өткереді ,соның арқасында өмір жолын құрайды.Ол өзінің өміріндегі өткен жағдайларға кейбір ерекше жағдай ларға баға береді.Cубьектінің биографиялық концепциясына баға беріп өмір жолын табуға бақытты “шақ әдістемесі” қолданылады.Зерттелініші өміріндегі бақытты және бақытсыз сәттерін есіне түсіріп қысқаша айтып беруі тиіс.Осы құрылым негізінде өмірдің бақытты және бақытсыз сәттерін анықтауға болады.Егер адмнаң өзіндік пікірі болса ол оны айтып және соған сүйене алады.Алынған жауаптардың барлығы “субьективті бағалар” храналогиялық кестесіне жазылады.Жауаптарға сүйенсек бақытты сәттер алға қойған мақсаттарына жетуге,өзіңді жан жақты көрсетуге,асыл армандарын орындауға сүйюге және сүйікті болуға үйретеді.


10.Алғашқы естеліктер

Биографиялық әдіс көбінесе есте қалған жағдайлармен байланысты.Жеке тұлғаның еста сақтау бастамасы үш- төрт жастан басталады және жеке тұлғаның дамуымен сәйкес келеді.Бірінші естелік мерзімі психодиагностикалық мәні бойынша санаың қалыптасқандығын білдіреді.Менің зерттеуім бойынша бірінші естеліктер мерзімі екі бір жаста В.К.Анри (2жас) және М.Топоровой (3жас).Л.Толстойдың айтуы бойынша оны бір жасында суға түсіргені есінде.Естеліктердің көрсеткіштері болып көлеміді сөздермен әр түрлі жағдайлар табылады.




11.Өмір жолы(В.Н Куницыной)

Өмірді түсінудің негізі Куницин ұсынған” өмір жолы” графикалық әдістемесінде жатыр.Менің іс-тәжірибемде ол қолданылған жоқ,бірақ оны биографиялық іс-тәжірибеге қосуға болады.Методика бөлшектері әсерді қайталайды ,бірақ субьективті аспектіге сәйкес келмейді.Оның мәнісі зерттеуші горизантальды түрде ерекше күндер мен өткенін,қазіргі уақыт пен болашағын атап өтеді.

Қолдану әдісі:өмірлік жолыңызды туған сәтіңізден бастап өлер шағыңызға уақытты горизанталь сызықпен сызыңыз .Сосын сызыққы екі нүкте қойыңыз,ол сіздің өткен шағыңызды осы шағыңыздан және осы шағыңыздан өткен шағыңызды бөліп түрады.
12.Қоршаған орта куәгерлігі

Куәгерлермен жұмыс істеу және оны бақылуға мүмкіндік алғандар үшін “пікірлер әдісі “қолданылады.Тапсырмасына сәйкес куәгер адмның нақты фактілерін ескере отырып ,оған(жазбаша немесе ауызша)өз пікірін білдіруге болады.Дәлелдемелер толықанды болса олар адмның өмірбаяндық обьективті суретін құрайды.Олармен қарым-қатынасқа түсе отырып олардың пікірін біле аламыз.Көптеген адмдардың пікірі оның беделіне сәйкес келеді.Сонымен қатар ,ол топтағы адамның психологиялық әлеуметтік жай-күйі әлеуметтік ортаның маңызды көрсеткіші болып табылады.Осыны анықтау үшін дәлелдемелерге салыстырмалы түрде талдау жасауға болады:Жеке адмның барлық сипаттамалары жүзеге жазбаша және сипаттамаларын әрбір қарсы аталған респондентттердің санын қоюға болады.Бірақ ең бастысы –өмірбаяндық есептілігінен дәлелдемелер салыстырмалы болып табылады.



12.Пракисиметрия
Менің іс-тәжірибемде биографиялық қызмет ретінде олардың дипломдық жұмыстары ,әдеби шығармалары сызбалары студенттік мазмұндама пайдаланылды.Осылайша өмір баяндық деректер негізінде алынған адам ,анағұрлым обьективті олардың тұлғасының деңгейін мен фокуспен қамтамассыз етуге болады.Осыған байланысты түрлі пәндер бойынша мектеппен жоғарғы оқу орнында деңгейі ескерілді.

Тақырып

3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

Семинар № 1.

Тақырыбы: Тұлғаның психологиялық уақыты

Мақсаты: студенттерді зерттеушінің спецификалық методологиялық мәдениетімен, зерттеудегі рефлексия процесінің мәнділігімен таныстыру Зерттеу іс-әрекетінің этикалық нормалары туралы көзқарастарды ұсыну. Ғылыми әдебтиетпен өздік жұмыс дағдыларын бекіту,психологиялық-педагогикалық зерттеу компоненттерін өңдеу.

Жоспар:

  1. Мәдениет категориясы.

  2. Зерттеушінің методологиялық мәдениетінің спецификсы.

  3. Методологиялық мәдениетін меңгеру.

  4. Зерттеушінің методологиялық рефлексиясы.

  5. Зерттеу іс-әрекетінің этическалық нормалары


Міндеттерді орындау барысында әдістемелік нұсқаулар:

Оқымыстының келесі методологиялық мәдениет критериін бөліп көрсету:



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет