Практикалық педагогикалық диагностика-педагогтардың кәсіби іс-әрекетінің өте қиын және жауапты саласы. Ол сәйкес білімді, кәсіби шеберлікті қажет етеді, ол адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Оның негізінде медициналық немесе сот-педагогикалық диагноз қойылады, оның негізінде жұмысқа іріктелу жүргізіледі. Осыған байланысты педагогикалық диагностикаға және педагогикалық диагносттарға бірқатар әлеуметтік – этикалық талаптар қойылады. Оның жартысы практикалық педагогтың этикалық кодексіне енгізілген. («білім алу психологиясы», 28-парау), қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Оның ішінде – педагогикалық диагностика құпияларын сақтау, педагогикалық диагностика әдістемелердің ғылыми негізделуі, зерттеу нәтижелерінің ашықтығы, қорытындылардың объективтігі және ұсынылатын нұсқаулардың тиімділігі.
Құпия сақтау принципі. Зерттелетін адамның рұқсатынсыз зерттеу нәтижелерін жарияламау. Біріншіден, бұл нәрсе кәмелет жасқа жеткендерге қатысты. Егер кәмелет жасқа толмағандар туралы айтатын болсақ, онда олардың ата-аналарының немесе басқа олардың орнындағы адамдардың рұқсаты керек. Егер зерттеу эксперимент ретінде өткізілсе, онда аты жөндері өзгертіліп жазылу керек.
Ғылыми негізделу принципі педагогикалық диагностиканың валидты болуын, сенімді нәтижелерді талап етеді.
Зерттелетіндерге зардап келтірмеу принципі. Педагогикалық диагностикадан өтетін адамға нәтижелер ешқандай зиян келтірмеу керек. Бұл принцип нәтижелердің ашықтығы принципімен қатар қолданылады.
Қорытындылар объективтігі принципі нәтижелер ғылыми негізделгендігін талап етеді, яғни тест нәтижелерінен шығу керек, ол тесттерде мықты, сенімді және валидтық әдістемелер қолдануы керек, тест өткізетін адамдарға тәуелді болмауы керек.
Ұсынылатын нұсқаулардың тиімділік принципі. Нұсқаулар міндетті түрде зерттелетінге пайдалы болу керек. Пайдасы жоқ тест нәтижелерінен ешқандай нұсқау ұсынуға болмайды.
Педагогикалық диагностикамен айналысатын адамдарға ерекше кәсіби талаптар қойылу керек. Мыналар негізгілері:жақсы теориялық дайындық, педагогикалық диагностика әдістемелерді өте жақсы білу сәйкес әдістемелердің практикалық қолданудың жеткілікті тәжірибенің бары.