Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу. Топ шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



бет33/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

22 жаттығу. Топ шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Өзімізді үлкен жазу машинкасымыз деп елестетейік. Әрқайысымыз клавиатурадағы әріптерміз. (біршама уақыттан кейін, біз әріптерді үлестіреміз, әрқайысымызға алфавиттің үш әріпі беріледі). Біздің машинкамыз әртүрлі сөздерді тереді, және оны төмендегідей жүзеге асырамыз: мен кез- келген бір сөзді айтамын, мысалы «поезд», сол кезде «п» әрпі үлесіне тиген адам, алақанын шапалақьтайды ,одан кейін барлығымыз алақанымызды шапалақтаймыз, одан соң үлесіне «о» әріпі тиген адам шапалақтайды, ары қарай ортақ шапалақ және т.с.с. «Жаттықтырушы әріптерді үйлестіреді! Егер біздің машинкамыз қате жіберсе, біз сөзді қайтадан тере бастаймыз».

Жаттықтырушы топтың барлық мүшелері қатысатындай сөздер таңдап, жаттығуды бастайды.

Жаттығуды орындау барысында, жаттықтырушы тапсырманы күрделендіре түсуіне болады: барлығына әріптердің арасында 2 рет алақаныны шапалақтауды, ал келесі сөзде – дауыссыз дыбысқа – 1 рет, дауыстыға 2 рет шапалақтауды ұсынады, шапалақтауды орнынан тұрумен алмастыруға болады.

Жаттығуды орындаудың нәтижесінде, көңіл-күй көтеріледі. Дәріске қатысушылардың белсенділігі артады. Жаттығу белгілі бір дәрежеде топты біріктіре түсетін, ортақ іс-әрекет процессіне тұрақты түрде араласу қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді.

Түскі үзілістен кейін өткізілген бұл жаттығу қатысушыларға, топты сезіне түсуге, «шеңберге оралуға» жетелейді.

Егер жаттығуды орындау барысында жіберілген қателік көп болса, жаттығу аяқталған соң «Сізде қандай қиындықтар туындады?» деген сұрақты қоюға болады.


23 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады. (Бұл жаттығуды 12 адамнан құралған топта өткізген дұрыс, 13-14 адамнан тұратын топта да өткізуге болады)



Нұсқаулық: «Біздің тобымыз үлкен сағат екен деп елестетейік. Сен (жаттықтырушы өзінің сол жағында отырған топ мүшесіне қарап) сағаттың циферблаттындағы 1 санысың, ал сен «жаттықтырушы сағаттың тілі бойынша отырған келесі топ мүшесіне қарап) 2- санысың, сен -3 санысың ары қарай т.с.с. (Нәтижесінде циферблаттағы барлық сандар топ мүшелерінің арасына үйлестіріледі). Біздің сағатымыз, әрине әр сағатқа тән сияқты, уақытты көрсетеді, біз төмендегідей көрсетеміз: мен уақытты айтамын, мысалы, 15 сағат 20 минут, сол кезде біздің кімге сағаттың кіші тілі тұрған сан бұйырса, сол алақаннын шапалақтайды, ал кімнің үлесіне сағаттың ұзын тілі тұрған сен тисе, ол « бом» дейді. Егер сағат екі тіліде бір санда тұрған уақытты көрсетсе, мысалы, тура 12 немесе 13 сағат 5 минут, онда бір адам алдымен алақанын шапалақтайды, одан соң «бом» деп айтады».

Жаттығуды орындау барысында, жаттықтырушы топ мүшелерінің назары мен белсенділігі өте жоғары деңгейде болуы үшін тез- тез әртүрлі уақытты айту керек. Егер топта 12 қатысушыдан артық болса, онда жаттықтырушы уақытты 13 қатысушымен кезектесіп атайды немесе 13 және 14 қатысушыларға кезекпен уақытты атауды өтінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет