Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Топтың барлық қатысушылары шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



бет124/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

47 жаттығу

Топтың барлық қатысушылары шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Мен қазір кейбіреулеріңізге (барлығына) текшелер таратамын. (Жаттықтырушы топ мүшелерінің үш, алты, тоғыз және он екісіне текшелер таратады.) Әрбір текшеде біреуіміздің есіміміз және дене қимылы, бетқимылы және пантомимика деген үш сөздің біреуі жазылады. Текшелерді алған адамдар, (есімдер мысал ретінде келтірілген) Дәурен, Арман, Талшын- бірінші үштік, Болат, Қарлығаш, Лаура – екінші үштік, олар текшеде есімі жазылған адамның біреуі – дене қимылы сипаттамасының, екіншісі – бет қимылының, үшіншісі- пантомимикалық сипаттамасының көріністері туралы біраз уақыт ойлануы керек. (үштік әртүрлі қатысушыларды бейнелейді.) Одан кейін, олар бір мезгілде, үнсіз күйде текшеде жазылғанды бізге көрсетеді.

Алдымен бірінші үштік, одан кейін екінші үштік көрсетеді. Басқаларының міндеті – бұл дене қимылдары, бет қимылы немесе тұрыс кімдікі екенін түсіну. Үштік бізге қайсы бір қатысушыны бейнелеу кезінде, біз тек бақылап тұрамыз. Үштік өз жұмысын аяқтағаннан кейін ғана әркім өзінің пікірін айтады. Барлығыңызға түсінікті ме? Қанекей бастайық».

Жаттығуды талқылау барысында жаттықтырушы айтылған пікірлерді топтастырады, одан кейін бірдей пікір айтқан қатысушыларға, пікірлеріне түсіндірме жасауын өтінеді. Талқылау барысында жүргізуші: «Сіздің көргеніңіздің қайысысы анықтағыш болды?», «Сізде жауаптың басқа түрлері болды ма?», «Неліктен сіз ол жауаптардан бас тартыңыз?» деген сұрақтар қоя алады. Пантомимикалық көріністің «иегері де» талқылауға қатысады. Жаттықтырушы оған: «Сені таныды ма?», «Қайысысы тек шамаланып, ал қайысысы тура берілді?» деген сұрақ қоя алады.

Талқылау барысында басқа адамның қалыптасқан бейнесі мен оның бейнеленуі, деталдардың маңыздылығы, оның вербальды емес көріністерін бұрмалау арсында қарама- қайшылық туралы ой туындайды.

Жаттығу бақылампаздықты жаттықтырып, өзінің басқа адамдар туралы түсінігін нақтылауға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет