56 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Шеңбердің ортасында түрлі-түсті қарындаштар, борлар, фломастерлер мен ақ парақтар жатыр.
Нұсқаулық: «Мен «бастадық» деген кезде әрқайысымыз ақ парақ және сол парақта сурет салуға қажетті кез-келген затты алады. Сурет салу үшін біздің 15 секунд уақытымыз болады. Уақытты мен қадағалап отырамын және 15 секундтан кейін әрқайысыңыздың өз парағыңызды сол жақтағы көршіңізге беруіңізді өтінемін. Сіз сурет салған парақты алғаннан кейін, сюжетті кез-келген бағытта дамыта отырып, тағы да бір нәрсе салуға болады. Біз осы қалыпта жұмысты әрқайысымыздың парағымыз өзімізге қайтып оралғанға дейін жалғастыра береміз».
Орындалған жұмысты талқылау барысында жаттықтырушы топтың назарын қатысушылардың күтпеген, қалыптан тыс, таңқаларлық ретінде қабылдаған сюжеттердің жетілу сәттеріне жинақтайды. Талқылау барысында әртүрлі ойлар туады. Қатысушылар стеротиптердің сюжеттің дамуына ықпал етуін («күннің суретін салғым келді», «Асхат теңіздің суреті салды, сондықтан мен кемені салдым»), қалыптан тыс критерилерді анықтағандығы туралы (сәйкес еместердің, оқиғалардың бір қарағанда сәйкес болуы, сюжетті қарастырудың масштабы мен ракурсының өзгеруі және т.с.с.) айтады.
Жаттығу креативтілікті дамыту бөлімінде келтірілгенімен, ол сондай-ақ оның көрінуінің кедергілерін сезінуге де бағытталуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |