Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары


дәріс. Психологияны тереңдетіп оқу мативациясын қалыптастыру



бет17/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы

12 дәріс. Психологияны тереңдетіп оқу мативациясын қалыптастыру.
Жалпы алты-жеті жастағы балаларға еске сақтау процесінде өз-өзін қадағалау тән болып келеді. Осы жастағы балалардың көбі көру арқылы қадағалау процесін жеткілікті дәрежеде жүзеге асырады. Өз-өзін қадағалау – оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да педагог мнемикалық әрекет процесінің осы қабілетті дамыту арқылы баланың есін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар оның мінез-құлқының ырықты болуын қалыптастырады.
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі.Баланың ойлауы оның білімдерімен байланысты болады. Мектепке дейінгі балада білімдердің қалыптасуы жайлы Н.И.Поддьковпен қызықты мәліметтер анықтаған. Бұнда бір-біріне қарама- қайшы келетін екі тенденция анықталған.
Біріншісі- ойлау әрекеті процесінде баланың қоршаған орта жайлы білімдері нығая түседі. Осы тұрақты білімдер баланың танымдық аймағының ядросын құрады.
Екіншісі - ойлау әрекеті процесінде болжам ретінде болатын анық емес білімдер де қалыптасады. Осы дамып келе жатқан білімдер де қалыптасады. Осы тенденциялардың әректтесуі нәтижесінде анық емес білімдер азайып, анықталған білімдерге айналады. Сондықтан да балада анықталған білімдер жүйесін ғана қалыптастырумен шектелмей, анық емес білімдер жүйесін нығайтып отыру керек.
Тапсырмаларды шешкенде, заттар арасында байланыстарды қалыптастыру кезінде алты-жеті жастағы балалар ересек адам қолданатын ойлау әрекеттерін қолданады. Олар : көру-әрекеттік, көру – образдық, сөйлеу –логикалық ойлау түрлері .
Заттық әректтен байланысты және онымен әрекет жасауға бағыттылған, заттармен шынайы әрекет жасау кезінде жүзеге асатын көру- әрекетін ойлау балада ерте кезде қалыптасатын алғашқы ойлау түрі болып табылады. Бірақ алты-жеті жастағы балалар өзі шешуге тәжірибесі жектелген тапсырмада ғана ойлаудың осы түрін қолданады.
Бала тапсырманы шешуде заттардың өзін емес олардың образдарын қолданатын жағдайда ол образдық ойлау түрімен пайдаланады. Кіші мектеп жастағы балалардың образдық ойлауның мазмұнын анық образдармен шектеліп қоймай көру- сызбамен ойлаудың жоғарғы дәрежесіне ауысады. Бұл арқылы заттарды бөлек қасиеттердің емес, олардың арасындағы байланыстар анықталады. Бала үшін көру- сызбаның ойлау түрін меңгеру өте маңызды болып келеді. Өйткені бұл оған затардың сыртқы байланыстарын анықтауға көмектеседі.
Балада танымдық қызығушылықтардың дамуына баламен тәрбиеші арасындағы жағамды эмоцианалдық қарым-қатынас өз үлесін тигізеді. Өйткені бұл балада өзін-өзі бағалауын жоғарлатуға, өзінің қабілеттерін тануға мүмкіндік береді. Ал бұл өз алдына қоршаған ортаға қызығушылықты арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет