Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәрістер жинағы 1 дәріс. Оқытушы – оқыту іс-әрекеті негізінде ұйымдастырушы-ақпараттандырушы Жоспары


дәріс. Колледжде және мектепте психологиялық пәндерден өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары



бет18/19
Дата20.10.2023
өлшемі82,6 Kb.
#187021
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
психологияны оқыту әдістемесі дәрістер жинағы

13 дәріс. Колледжде және мектепте психологиялық пәндерден өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
14 дәріс. Психологиялық ғылыми әдебиеттерді оқу және олармен жұмыс жасау. Оқытуды басқару.
Сабақ - оқуды үйымдастырудың басты формасы. Форма сөзі латын тілінен аударғанда сыртқы көрініс дегенді білдіреді. Оқыту түрі әдістерге, амал-тәсілдерге, құралдарға және оқушылардың іс-әрекеттеріне тәуелді. Оқытуды ұйымдастыру оқушылардың саны, құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы болып жіктеледі. Ал, оқыту түрі: жеке, жеке-жұптық, жеке-топтық, өзара бірлесіп оқу (беланкастер), саралап оқыту (Мангейм жүйесі), «Винетка-жоспар», «Трампа жоспар», кіші топтық (микро топ) және т.б. тұрғыда бөлінеді. Оқыту түрінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮІІ ғасырда Богемия, Украина, Белоруссия елдерінде дамып, күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетуде. Бұл жүйені теориялық тұрғыдан негіздеген Я.А.Коменский. Дәстүрлі класс – сабақ түрлерінің негізгі белгілірі ол : біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері ; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте мұғалімнің басқарушылық ролі және т.б.
Сонымен ,оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл класс сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқытудың концептуальдық негізін жасай отырып, Я.А.Коменский педагогикалық принциптерін де анықтаған: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік теорияның практикамен байланыстылығы , жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Оқыту процесінің авторитарлығы іс-әрекетті регламентациялаудан көрінеді; оқытуды атқару тәртібінің ықтиярсыз істелінетіндігі (“мектеп тұлғаны даралайды”); бақылауды бір орталықтандыру; орташа оқушыға бағыттанушылық (“мектеп талаптарды өшіруде”) . Онда оқушы позициясы ықпал етуге оқыту объектісіне бағынған , оқушы “тиісті” оқушы әлі толықанды. Тұлға емес, рухсыз “винт” ретінде көрінеді. Ал мұғалімнің позициясы – ол командир, жалғыз инциативті адам, төрешісі (“әрқашанда ол дұрыс айтады”) жас үлкен адам (ата - ана) оқытады; пәнмен балаға , “жазалаушы оқ” стилі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет