Психологияның пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері. Психология


Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері



бет32/34
Дата29.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#177885
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
емтихан дұрысы
болашақ компьютер, қозғалмалы ойындар (копия) (копия)
57. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Олар - өзін - өзі бағалау, талап ету деңгейі тасқа жетудің қажеттілігі, дербестігі, бастамашылдығын (ынталы бастауы) мойындауға ұмтылысын т. б. Жас кезең - сензитивті кезеңінің бастамасы осы жеке адамнық сапалардың маңызды кешенінің қалыптасуы. Айнала қоршаған адамдармен өздерін салыстыруы көптеген балаларда 3 жасар шамасында нақты бір өзіндік бағалау пайда болады. Ол дұрыс қалыптасса (өте жиі кездесетін жағдайлар, мысалы: баланы асыра мақтау немесе сөгу). баланың психикалық дамуына пайдалы болады. Өзіндік бағалауы «төмен» балалар әдетте өздеріне деген сенімі жоқ, сондықтан табысқа жетуге мүмкіншілігі бар жерде талпынысы аз және күш салуға әрекеттенбейді. Ал өзіндік бағалауы «жоғары» балалар керісінше, өз мүмкіншіліктерін асырып онша күш салмайды. Баланың өзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына 1,5 жастан бастап көңіл бөлу керек.
Егер ересектер баланы тәрбиелеуде оның табысына көңіл бөліп сәтсіздіктерге назар аудармаса, онда балада табысқа жету қажеттілігі көбейіп, тұрақталып, қалыптаса бастайды. Мұндай бала белсенді түрде кез – келген жұмыста осы сапалардың қалыптасуында бірнеше адамгершілік қасиеттері пайда болады, мысалы табандылық, мақсатты бағыттылық, жұмысқа қабілеттілігі, өзіне деген сенімі сондай – ақ жауапкершілік пен міндет туындайды. Жас кезеңде баланы өнегелік санасын емес, әңгіме өнегелі сезімін қалыптастыру. Өнегелі сезімді құрайтын эмоциялар жүйесі негізінде игілікті, бекзатты сезімдер бар: адалдығы, мейірімділігі, қайырымды – ықыластығы, ақ пейілдігі және т. б. және игіліксіз сезімдер болады: қызғаншақтық, зұлымдық, қатыгездік, дұшпандық, қастық, өшпендік т. б. Өнегелік сезімдердің тууына балада өнегелі пікірдің , қылықтардың қалыптасуы себеп болады, сондықтан дәл осыдан өнегелі тқасиеттерді қалыптастыруды бастау қажет, балада осы кезеңде айналасында қоршаған адамдармен қарым – қатынас жасауға қажеттілігі жоғары дамыған.
58.Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшықеттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы, барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйкесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады.
Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде балада қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті дамып, түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.
Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі бірден жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады.
Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру деген сияқты түрлері анық көріне бастайды.Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы – ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.
Тіл – ойдың жемісі. Бала тілінің таза, ойының жеткілікті болуына баса назар аудару қажет. Л.С.Выгодскийдің пікірінше, мектепте оқытудың басталуымен ойлау баланың саналы әрекетінің орталығына ығысады. Ғылыми білімді меңгеру барысында жүзеге асатын сөздік-логикалық, пайымдап ойлаудың дамуы басқа да танымдық процестерді құрайды.
Ғұлама ғалым Х.Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу – адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айтады. «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Мектеп пен баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл – шатасқан тіл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет