Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік
маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп
ұйымдастыру, оның ӛнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман
аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады.
Инженерлік психология – еңбек психологиясы бӛлімдерінің бірі. Ол адам
мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді.
«Адам-машина» саласындегі әрекеттерді тиімді етіп ұйымдастыру,
ақпараттарда сақтау, ӛңдеу оны жобалау үлкен орын алады.
Арнайы психология – адамның психикалық қызметінің әр түрлі
формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе
психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған,
психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін
зерттейді.
Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды
тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куәләр психологиясын зертеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себептен жасалғанын зерттеп отырады. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын бөлімдерден тұрады. Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, тергеу ісін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайлардың психологиялық жақтарын қарастырады. Қылмыс психологиясы кылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады.Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін
қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісн зерттейді.
Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының
айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.
Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан өсіп,жетілгенге дейінгі даму жолын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |