Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда



бет34/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

Атасы: – А-а-а!

Оқушы: – Зейін салдың ба?

Бар әріптің алдында

Неліктен «А» тұрады? (көпшілікке қарап)

Тыңдаңыздар,

Атам менің сауатты, .

Қазір беред жауапты.



Атасы:

  • Е, балам, балам,

Тыңда болма алаң;

Ана,


Ата,

Ақыл,


Ар,

Адам –


«А» дан басталар «А» ның алда тұрғаны Содан, балам, болар.

Оқушы:

  • Дұрыс, дұрыс, ата, Жоқ, мұнда қата.

(Көпшілікке қарап) Жолдастар ұқтыңдар ма?

Мұндай сабақты ойын түрінде өткізу үшін оқушылардың қазақ тілі грамматикасын оқу ынтасын арттыра түсті.



3. Сөз таптарының айтысы ойыны арқылы тыныс белгілер туралы дағдыларын қалыптастыру. [7].

Қорытынды

Қорыта келе айтарымыз: пунктуация - жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория. Сол себепті де бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі сабағын жүргізу барысында тыныс белгілерін оқытуға кеңірек көңіл бөлген дұрыс. Мұнда, ең алдымен, тыныс белгілерінің қолданылу орнына оқушылар назарын баса аударған дұрыс деп есептейміз. Өйткені, қолдану орны жағынан алғанда,тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунктуация да сөйлеуге, сөйлемге, яғни синтаксиске, байланысты қолданылатын категория болып табылады. [2].

Пунктуация бастауыш сынып оқушыларына жазылған мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп оқуға мүмкіндік жасайды. «Пунктуацияның негізгі қызметі – сөйлемді жазуда ойды беруге қатысты бөліктерге бөлуді нұсқау», - деген белгілі орыс ғалымы С.И.Абакумовтың пікірін орынды деп санаймыз. Яғни пунктуация тілдің басқа элементтері сияқты жазуда ойды дұрыс беруге қызмет етеді. Пунктуацияны игеру – адамның сауаттылық мәдениетін арттырады. Бастауыш сынып оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту оқыту әдістемесі қарастырады.

Пунктуация – адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқаратын жазу тілінің маңызды бір саласы. Сондықтан жалпы тіл, қала берді жазу тілі сияқты, пунктуация да жалпы халықтық болып табылады. Оны қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы халық таныған заң, ережелер басшылыққа алынуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, пунктуацияның әрбір белгісінің мәнін, атқаратын қызметтері мен қолданылатын орындарын тануда, білуде жазушылар мен оқушылар арасында бірлік болмаған жағдайда, тыныс белгілері өзінің қатынас құралы қызметін атқара алмайды. Егер ол жазу практикасында орныққан, көпшілікке танылған заң, ережелерге сай болмай, теріс қолданылса, оқуды, түсінуді жеңілдету былай тұрсын, қайта оны қиындатады, теріс ұғымның, теріс түсініктің тууына себепші болады. Мұнда бастауыш сынып оқушыларының жазғанды, айтқан ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн. Өйткені, сөздерді дұрыс орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасақ, айтайын деген ойың теріс беріледі. [23].

Сөз соңында белгілі түрколог, қазақ тілінің қайнар көздерін зерттеуші В.Радловтың мына пікірін келтіре кеткенді жөн көрдік: «Тілді үйренудің маңызы зор. Барлық ғылымды тіл арқылы, әсіресе ... ана тілі арқылы үйренеді. Тіл жағынан білімі неғұрлым терең болса, басқа пәндерді меңгеру сондайлық жеңілденеді».

Сонымен, қорыта айтқанда, пунктуация – сөйлемді және мәтінді коммуникативтік единицаларды жазуда мағыналық бөліктерге бөлудің графикалық тәсілі. Осыған орай пунктуациялық норманы теориялық тұрғыдан меңгерудің маңызы зор. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу – сауаттылықты арттырады, әрі синтаксисті жете меңгеруге көмектеседі. Тұжырымдағанда, оқушылардың орфографиялық сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мектептегі ең өзекті мәселенің бірі ретінде саналмақ. Яғни тыныс белгілерді дұрыс қоя білу – сөйлемді, мәтінді дұрыс оқи білу – оқушының жалпы мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін дамытады, жетілдіреді. [22].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет