2.2. Пунктуациялық дағдыны қалыптастыруда диктант жүргізудің әдіс-тәсілдері...
2.3. . Пунктуацияны игертудегі ойын элементтерін қолдану.............................................
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................
КІРІСПЕ
Өзектілігі: Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Білім беру жүйесінің негізгі және бағдарлы мектеп сатыларындағы «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым-қатынастың біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерліктерді меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп анықталған . Ал бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді белгілейді:
« - оқушыларға әдеби тіл нормаларын меңгерту;
-оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру» [1].
Негізінде, мектеп оқулығында орфографиялық білім, білік пен дағды беру тіл мәдениеті мен стилистикамен байланысты қарастырылған. Мәселен, «Тіл мәдениеті: Ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениеті. Ауызша сөйлеу мәдениетіндегі орфография қағидалары... », -деп көрсетілген. Ал тыныс белгілерді «Стилистика және пунктуация қазақ әдеби тілінің стильдері, олардың тілдік ерекшеліктері.
Тыныс белгілерінің түрлері, қызметі», -деп қарастырылған[1].
Нақтылағанда, орфография, пунктуация жазбаша сөйлеуге байланысты қарастырылады. Ал жазбаша сөйлеуді «Қазақ тілі терминдерінің сапалық ғылыми түсіндірме сөздігінде»: «Жазбаша сөйлеу – жазбаша мәтіндер арқылы вербальдық (сөздік) тілдесу», -деп анықталады
Дұрыс жазу орфографиялық қағидаларға негізделеді. Қазақ тілі энциклопедиясында: «Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже... . Кейде орфография кең түрде емле мағынасында қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді», -деп нақтыланған.
Бұл пікірлерді негізге алғанда, орфография, пунктуация сөйлеу әрекетімен байланысты. Ал сөйлесім әрекеті – белгілі бір ойды, хабарды немесе мәліметті баяндау, яки екінші біреуге жеткізу арқылы онымен түсіністікке жету мақсатындағы қатысымдық әрекет. Тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекеті бес түрлі формада жүзеге асады: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім [2].
Жазылым – тілдік тұлғалардың жүйесіне негізделген, лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдардың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдарды, ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасқа мүмкіндік жасайтын әрекет. Басты шарт тілдік нормаларды меңгеру. Демек, оқушылардың тілін дамыта оқыту үшін орфографиялық және пунктуациялық білім, біліктілік пен дағдылар жүйелі нормалық түрде қалыптастырылады.
Қазақ тіл білімінде тыныс белгілері жөніндегі алғашқы ережелерді тұжырымдауда А. Байтұрсыновтың еңбегі басым болды. Мұнда: «үлкен сызықша (-) жинақтау белгісі, бытыранды ұғымдарды шоғырландырып, жалқыланған ұғымдарды жалпыландырып, теңерлік нәрселерді теңеп, балап айтатын орындарға қойылады», - деп, «Қасқыр-аң, көк шалғын, ағаш, бұтақ - бәрі жақсы» сияқты мысалдар береді. Жазу тілінің дамуына байланысты қазір сызықша қойылатын басқа орындар да бар. Бұл еңбекте сонымен қатар ноқат (нүкте), үтірлі ноқат, теріс үтір (, ) қос ноқат (:), сұрау, леп белгісі, көп ноқат, қабат үтір, қос тырнақша (« ») тәрізді тыныс белгілері және олардың қойылатын орындары көрсетілген [2].
Тұжырымдағанда, оқушылардың орфографиялық сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру – өзекті мәселенің бірі. Өйткені қазіргі мектеп оқушыларын оқыту арқылы тілдік білімнің әрі оқушылардың лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі олардың тәжірибелік іскерлікдағдыларының базасы ретінде қызмет етуіне негіз қалайды. Мұның қай-қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, яғни сөйлесім әрекетінің түрлеріне қатысты машықтарын шыңдап, сапалы білім беруге септігін тигізеді.
Мектептерде оқушылардың сауатын арттыруға мән беріледі. Өйткені жазу - адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық пен сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бірбірімен жазбаша қарым – қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады. «Мектептерге дәстүрлі әдістер мен тәсілдерден гөрі тиімділігі жоғары, жаңа сападағы дидактикалық құрал қажет. Дүние жүзі педагог ғалымдарының пайымдауынша, мұндай құрал болып оқытудың педагогикалық технологиясы болып табылады. Сол себепті қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде құру - педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа, болашағы мол бағыты болып отыр», - дейді педагогика ғылымдарының докторы Ж.Қараев [9].
“Тыныс белгілер, пунктуациялар” –айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу үшін, баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі. Бұл – тыныс белгінің ең басты қасиеті. Тыныс белгілерін тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Сондықтан сауатты жазудың негізі – емле ережелері. Қазақ тіліндегі емле ережелері негізінен бір ізге түсіп, қалыптасқанымен, әлі де қиындық туғызып жүрген мәселелері аз емес. Солардың бірі тыныс белгілерді дұрыс қою. Пунктуациялық жинақталған білім беру 9-сыныпта қарастырылған, бірақ тыныс белгілер туралы білім мен дағды бастауыш мектептен-ақ берілу талап етілгенімен мектеп бітірушілердің жұмысында тыныс белгілері бойынша кемшіліктер кездеседі. Себебі: біріншіден, жазу мен тыныс белгілерімен емлесін оқытуға байланысты арнайы зерттеу жұмыстары және әдістемелік құралдар жоқ. Екіншіден, оқулықта берілген ережелер мәселенің табиғатын толық аша бермейді. Мысалы, «біріккен сөздер бірігіп жазылады, үтір сөйлем арасына қойылады» деген ереже оқушы үшін ешқандай жаңалық емес. Үшіншіден, тыныс белгілер мен емлеге байланысты оқулықта жаттығу өте аз беріледі және оның өзі оқушының сауаттылығын қалыптастыратындай мазмұнда емес. Төртіншіден, мектеп мұғалімдері оқулықпен шектеліп, емле тыныс белгі туралы ғылыми ізденістерге, оқытудың тиімді жолдарына, белсенді әдістеріне көп мән бере бермейді. Сондықтан тыныс белгінің қойылуы бойынша әлі де шешімін таппаған мәселелер аз емес. Осымен байланысты бұл жұмыстың өзектілігін осы мәселелер айқындай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |