Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда


Қазақ тілін сауатты үйрету үшін, игерілетін дағдыларды қалыптастыратын жазба жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар



бет6/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

Қазақ тілін сауатты үйрету үшін, игерілетін дағдыларды қалыптастыратын жазба жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар:

  1. Жазбаша жаттығулар;

  2. Мәтіндер құрастыру;

  3. Диктант, мазмұндама, шығарма т.б.

Оқытудың жүйелі және парасатты ұйымдастырылуы қажеттігіне, нендей материалды қалай оқытатындығын күн ілгері жоспарлап, оны оқушыға қалай игерту әдістерін белгілеуге мұғалімнің жауапкершілікпен қарау керектігін Ы.Алтынсарин баса көрсетеді: «Оқушылардың түсінбеушілігін оқытушылардың өз кінәсі деп білмей, оқушылардың оқуға зер салмайтындығынан немесе топастығынан деп білетін мұндай оқытушылардың қатты адасатыны айтпай-ақ түсінікті. Менің тәжірибемде мұндай оқытушылар педагогтар ұсынып отырған оқу құралдарымен еш уақытта дұрыс танысып алмайды, олардың ешбіреуін аяғына дейін оқып шықпайды, оқушылардың жалпы мінез-құлқына, ақылпарасатына, онымен қатар, орыс балаларына қарағанда, қазақ балаларының ана тілінде өзгешеліктер болатынына, ана тілінің басқалығына зер салмайды, осылардың бәрін еске ала отырып, шындап еңбек сіңірмейді. Мұның аяғы балаларды басы да жоқ, аяғы да жоқ бірдемеге, ешбір тәртіпсіз оқытуға әкеліп соғады», -дей отырып, бұл пікірін педагогикалық тұрғыда былайша жалғастыра түседі: «егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ол – балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек: әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек; мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға ғана түсініксіз болып қоймайды, басқа тыңдап отырған адамдардың құлағына да жақпайды» [6].

Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен, оқушылардың сауаттылығын арттыру мәселесі қойылады. Ал бұл талап пунктуацияны оқытумен байланысты.

Өйткені «тыныс белгілері, пунктуациялар - айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу үшін, баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі», - деп қарастырылған [6].

Тыныс белгілері (пунктуациялар) – айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу мен баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті. Тыныс белгілерін - тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді. Тыныс белгі сөз тіркестері мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл – тыныс белгілернің көмекші қасиеті. Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгісі мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын, ондай ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан өзгеріске түсуі де мүмкін. Мысалы, Бұл келген - сол Есіл бойындағы Қарасарт аулының жиені Жүсіп баласы Қожаш (С. К. ). Бұл сөйлемге қатысты тыныс белгілері дұрыс қойылған. Егер Жүсіп баласы Қожаш дегеннен соң нүкте қойылмаса, сөйлем аяқталмағандай болып, оның ар жағында сөз жалғасы бардай болып көрінеді. Сондай-ақ есімше тұлғалы келген сөзінен соң сызықша қойылмаса, келген сөзі бастауыш қызметін емес, өзге мүше қызметін атқарған болар еді де, нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға нұқсан келер еді.

Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады.

Қазақ пунктуациясы грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады.

Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі – тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлесімді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып, жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп, оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау. Мәселен, нүкте сөйлеуді сөйлемдерге саралайды да, аяқталған жай немесе күрделі ойды білдіреді. Мәселен, егер бір мәтінді алып, төмендегідей сөйлемдердің ара жігін ажыратпай жазсақ, оқушылар оны оқығанда, қатты қиналып, тіпті оның мағынасына да түсінбей қалуы ықтимал: Күн салбырап еңкейген күзге салымғы жылы күн азырақ салқын тартқан орман ағаштарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің құлпырып шашыраған алтын шұғыласымен шағылысады маңайда Хамиттан басқа адам жоқ. (С. Сейфуллин). Ал осы мәтінде Сәкенше төрт сөйлем етіп, араларына тыныс белгілерін қойып төмендегіше жазсақ, ол мәтінді де, ондағы сөйлемдерді де оқушылар қиналмай, мәнерлеп, дұрыс оқи алады және әр сөйлемнің мағынасына саналы түсінеді, өйткені тыныс белгілерінің сөйлемдерді, олардың мағынасын саналы түсінуге жәрдемі тиеді:

Қазақ тыныс белгілері тек қана грамматикалық құбылысты аңғартып қоймайды, сонымен бірге сөйлемнің мағынасын да білдіреді... Мәселен, Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін, әншейін осылардың ызасынан ба? Өзіме өзім ыза болғанымнан ба? Бір бөтен себептен бе? (Абай) деген сөйлемдерде сұрақ белгілері сол сөйлемдердің ара жігін ашып тұрған жоқ, сонымен бірге олардың сұраулық мағынаны білдіретінін байқатады. Осы сияқты көтеріңкі белгісі де сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін және ол сөйлемнің леп мағынасы барын аңғартады. Ал құрмалас сөйлемнің арасына қойылатын қос нүкте оның жалғаулықсыз себепті салалас немесе іліктес салалас екенін, көп нүкте сөйлемде айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіреді. Бұл тәрізді деректер қазақ пунктуациясының сөйлемнің мағына-мәніне қарай та қойылатынын айқындайды. [7]

Бастауыштан соң қойылатын сызықша да пунктуацияның интонацияға сүйенетінін аңғарта алатын тәрізді. Мысалы, Ол –елден келді деген сөйлемде ол сөзінен соң сызықша қойып жазсақ, біреудің (бір кісінің) елден келгенін білеміз. Мұндай жағдайда ол сөзі сөйлемде бастауыш қызметін атқарады да “кім” ? сұрауына жауап болады. Сөйлемді оқығанда, ол сөзінен кейін пауза жасалынады, ол сөзі ерекше интонациямен айтылады. Егер сол сөйлемдегі “ол” сілтеу есімдігінен кейін сызықша қойылып жазылмаса, сөйлемді оқығанда “ол” сөзі ерекшеленбейді. Мұндай жағдайда сөйлемдегі ол біреудің сөйлеушіге я жазушыға ғана белгілі бір елден келгендігі жайлы айтылады және ол сөзі бұл сөйлемде қай? сұрауына жауап болып, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл да кейбір жағдайда қазақ пунктуациясының интонацияға негізделетінін және сөйлемдегі сөздерді өз интонациясымен оқуға көрсеткіш бола алатынын байқатады. Сөйтсе де қазақ пунктуациясы тек қана интонация мен паузаға байланысты деп қарауға да, түсінуге де болмайды. Себебі тілімізде ерекше интонациямен айтылатын сөздерден соң ешбір тыныс белгі қойылмай жазылатын сөйлемдер де бар. Бұлардың қатарына үйірлі мүшелі сөйлемдерді және шылаумен байланысқан ыңғайлас салалас сөйлемдерді атауға болады.

Тұжырымдағанда, қазақ пунктуациясы мағынаға, грамматикаға және ішінара интонацияға негізделеді. Бұл жағдайда қазақ тыныс белгілерінің бір мағынаны білдіруіне және белгілі бір қызмет атқаруына тірек бола алады. [8]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет