Курстық жұмыстың мақсаты: біз қарастырып отырған мәселе - бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары. Мектептерде пунктуацияны меңгертуге ықпал ету, бастауыш сынып оқушыларының тыныс белгілерін дұрыс қоюын қалыптастыруда тиімді әдіс -тәсілдерін жүйеге түсіріп, мектеп мұғалімдеріне ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- тыныс белгіні оқытуды ғылым негіздеріне, ғылыми ізденістерге негіздеу арқылы сөздердің жазылуын ғылыми теориялық негіздерін айқындау;
- тақырыптың әдістемелік негізін оқытудың жаңа технологиясына негіздеу арқылы әр оқушының өз мүмкіншілігіне қарай өз бетімен жұмыс істеуіне, ізденуіне, сауаттылығының қалыптасуында белгілі бір нәтижеге жетуіне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, интелектуалды әрекет деңгейінің дамуына мүмкіндік жасау.
-Озат ұстаздардың іс – тәжірибелеріне, ғылыми әдіскерлердің еңбектеріне және мектептерде жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін түсіндірудің, меңгертудің тиімді жолдарын анықтау;
- Бастауыш сынып оқушыларына пунктуацияны меңгертудің тиімді жаттығу түрлерін белгілеу;
Достарыңызбен бөлісу: |