Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет161/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

Міне, сонда тазалық!
Қандай болар тазалық,  
Енді соны жазалық. 
Киім таза болғанмен
Жүректе болмай арамдық
Қоғамға қол сұқпаса – 
Міне, сонда тазалық! 
Шын тазалық – жүректе, 
Шын сұлулық – еңбекте. 
Көптің малын ұрлама. 
Ынтымақты болсаңдар, 
Сырттан жау кеп алар ма! 
Досыңа да адал бол, 
Сезімін сатып пұлдама – 
Міне, сонда тазалық! 
Ескі әдетті тастаңдар
Жаңа жолға бастаңдар – 
Міне, сонда тазалық! 
Қоғам мүлкін қорғаңдар
Сенімді бол бар жанға. 
Адал болса жүрегің –  
Жұрт ілеспей қалар ма! 
Жауыңа да әділ бол – 
Міне, сонда тазалық. 
(К.Әзірбаев)
 
264-жаттығу.  Тыныс  белгілерінің  қойылуы  мен  қандай  қызмет  атқарып 
тұрғанын талдап айтып беріңіздер. 


 
183 
Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз. Бірақ 
құр  бай,  таза  деумен  ғана  тіліміз  өздігінен  сақталып,  әдебиетіміз 
өрбіп  кете  ала  ма?  Қай  жұрттың  тілі  болса  да  түу  басында  біздікі 
секілді  таза  да,  бай  болған.  Бірақ  олар  көрші  жұрттардың  сөздері 
қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза 
болса  да  бұл  кезде  басқа  жұрттармен  араласа  бастадық,  басқа 
жұрттардың оқуын оқыдық. 
Бір  жағы  Бұхар,  бір  жағы  Мекке,  Медине,  Стамбұлдарда  оқып 
қайтқандарымыз да бар. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында 
шет  жұрттардың  тілі  аңқып  тұр.  Бұлар  елге  келіп  жас  балаларды 
оқытады.  Сөйтіп,  шет  тілдер  елдегі  жас  балаларға  жұғады.  Жас 
балалар – келешектегі бір буын халық. Бұрынғы қазақ арасына тарап 
жүрген  қисса-хикаялардың  бәрі  ноғайша,  арабша  аралас  тілмен 
жазылған. Орысша оқығандарымыздың көбі екі сөздің біріне орысша 
қатынастыруды  үйреніс  қылып  алған.  Осыдан  топшылауға  болады, 
таза деген қазақ тілі де күн бұрын сақталуына қас қылмасақ  – бірте-
бірте бұзылып кететіні. Қазақ тілінің мұндай жолмен бұзылып кетуін 
көбіміз сезбей де қаламыз. 
(М.Дулатұлы) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет