Р. А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова информатика



бет13/68
Дата24.12.2023
өлшемі2,34 Mb.
#198918
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
информатика 7 сынып кмж (1)

Қысқамерзімді жоспар



Бөлімі:

1-бөлім. «Компьютерлік жад және ақпараттың өлшем бірліктері»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

1.4 Файлдардың мөлшері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.2 әртүрлі форматтағы архивтарды құру және шешу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Файлды архивтеуді және архивтен шығаруды біледі.
Файлдардың көлемін өзгерту үшін архивтеуші программаларды қолданады.

Бағалау критерийлері

Файлды архивтеуді және архивтен шығаруды біледі.
Файлдардың көлемін өзгерту үшін архивтеуші программаларды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:
Архивтеу, сығу, шығару, WinRar, 7Zip немесе WinZip

  • файлдың кеңейтілімі - расширение файла - file extension

  • файлдық жүйе - файловая система - file manager

Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Архивтеуші программаларда архивтеу жұмыстары қалай жүзеге асады?

  • Файлдарды кеңейтуге сәйкес программа аттарын дәптерге жазу.

  • Қатқыл диск немесе флэш тасымалдаушыда бос орындарды қалай көбейтуге болады?

  • Компьютерде сақталған файлдардың немесе тасымалданатын файлдардың көлемін кішірейтуге бола ма?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Файлдардың мөлшері.







Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурста р

Сабақтың басы

2 мин.



(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

  3. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.




4. Топтастыру: Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, 1, 2-ге саналу арқылы екі
топқа бірігеді. І топ. ІІ топ.





(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім
мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интерактивті тақтадан көрсетіледі.

  • Архивтеуші программаларда архивтеу жұмыстары қалай жүзеге асады?

  • Файлдарды кеңейтуге сәйкес программа аттарын дәптерге жазу.

  • Қатқыл диск немесе флэш тасымалдаушыда бос орындарды қалай көбейтуге болады?

  • Компьютерде сақталған файлдардың немесе тасымалданатын файлдардың көлемін

кішірейтуге бола ма?

Бағалау Мұғалім оқушылар-ды
«Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды.
Жарайсың! Жақсы!
Талпын!




5 мин

Жаңа сабаққа кіріспе Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
«Insert/Түртіп алу» әдісі Жұмыс дәптерінде орындайды.

Білу кезеңі:

  • Көлемді файлдардың өлшемін қалай кішірейтуге болады?

  • Архивтеу дегеніміз не және оны тұрмыста не үшін қолданады?

  • Компьютерде архивтеудің қажеттілігі неде?

  • Қандай архивтеу программаларын пайдаландыңдар?

  • Ақпаратты архивтеу қандай кездерде туындайды?

  • «Көптомдық архивтер» дегеніміз не?

Түсіну кезеңі:

  • WinRar программасының мүмкіндіктерін сипаттап бер.

  • Архивтеуші программа көмегімен файлды құпиялауды қалай жүзеге асыруға болады?

  • Желі арқылы үлкен көлемдегі ақпаратты тасымалдау қиындығы мен уақыт пен қаражатты

үнемдеу жолдары қалай шешіледі?

Дескрип- тор:

  • Оқулықта- ғы мәтінді оқиды.

  • Білу және Түсіну деңгейін- дегі берілген сұрақтарға жауап жазады.



Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды.
Жарайсың! Жақсы!
Талпын!




Сабақтың ортасы 21 мин.

Компьютерде практикалық жұмыс
(Т)
1-тапсырма

Дескриптор:

  • WinRAR

программасының жұмысымен танысады.

  • Файлды архивтен шығарады.

Бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірін
«Мадақтау сөздері» әдісі

7-сынып оқулығы.







  1. Файлды архивтеуді үйрену үшін архивтеу программа- ларының бірін таңдаймыз. Бұл орайда ең көп пайдаланыла- тын тиімді программа WinRAR программасы- ның жұмысымен танысайық.

  2. Файлды

архивтен шығару.



Бағалау
Жұптағы оқушылар бір- бірін «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы!
Талпын!

арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы!
Талпын!








(Д) 2-тапсырма Өзің отырған компьютердің Жұмыс үстеліне
«Менің құжатым» деген атпен қапшық
жаса. Сол қапшықтың ішіне компьютердің басқа қапшықтарынан 1 данадан .docx,
.jpg, .avi, .mp3
.txt, .gif, .pptx кеңейтілім функциясы бар файлдарды көшіріп, орналастырың- дар. Бұл
файлдарды жекелеп жоғарыда көрсетілген
1 немесе 2-әдіс
бойынша архивтеңдер.

Дескриптор:

  • Жұмыс үстеліне жаңа бума ашады.

  • Жаңа бумаға 1 данадан

.docx, .jpg, .avi, .mp3 .txt,
.gif, .pptx кеңейтілім функциясы бар файлдарды көшіреді.

  • Файлдарды WinRAR программасының көмегімен архивтейді.

Бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірін
«Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды.
Жарайсың! Жақсы!
Талпын!

Информа
-тика.

7-сынып оқулығы.






Сабақтың соңы
7 мин
Рефлексия

Сабақты бекіту Диалогті ұйымдастыру ауызша немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:

  • Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?

  • Сабақтың қай бөлігі түсініксіз болды?

  • Файлдар көлемін сығу және қалпына

Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды.
Жарайсың!













келтірудің практикалық маңызы неде?

Жақсы! Талпын!








Үй тапсырмасы:

  1. Интернеттен WinZip архиваторлық программаcын үйдегі компьютерлеріңе көшіріп, орнатыңдар.

  2. Интернеттен ірі көлемдегі архивтелген файлдарды бөліп-бөліп көшіруге көмектесетін программаларды анықтаңдар.

  3. Қосымша зерттеуге:

Интернеттен «Архиватор программаларында архивтеу қалай жүзеге асады?» сұрағына жауап іздеңдер. Маңызды мәліметтерді дәптеріңе жазыңдар.

ҚМЖ-ға ҚОСЫМША
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың
«Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың «Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың
«Қарқын» тәсілі.
Құндылықтарға баулудағы мақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады.
Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл -күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.
Топтастырудағы мақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
«Миға шабуыл» әдісін қолдану мақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін «Диалогтік әңгіме» әдісі арқылы оқушы өзінің қысқаша қорытынды ойын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет