«Миға шабуыл» әдісін қолдану мақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың
барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі
оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу
мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін
«Диалогтік әңгіме» әдісі арқылы оқушы өзінің қысқаша қорытынды ойын айтады.
Үйге тапсырма беру мақсаты: Үйде мұғалімнің көмегінсіз өтілген
сабақты өздігінен орындап, тақырыпты пысықтайды. Бұл оқушының өздігінен үздіксіз оқып-үйренуіне, білім алуына бағытталады.