«Қорытынды»,«Диалогжәнеқолдаукөрсету»,«Бағалау»,«Тапсырма»,«Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың
«Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың «Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.
Құндылықтарғабаулудағымақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша
«Жалпығабірдейеңбекқоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым - қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады.
Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат:Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.
Топтастырудағымақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
Бұл жерде саралаудың «Жіктеу»тәсіліқолданылады.