Топтастырудағымақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
Бұл жерде саралаудың«Жіктеу»тәсілі қолданылады.
«Миғашабуыл»әдісінқолдану мақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Сөздікпен жұмыс жүргізудегі мақсат:Информатика пәнінде көптеген программалау тілдері ағылшын, орыс тілдерінде ұсынылады. Сондықтан жаңа сабақта кездесетін терминдік сөздермен таныстыру мақсатында «Түртіпалу»әдісінқолдануды жоспарлаймыз. Бұл үштілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді.
Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін сұрқтарға жауап береді.
Үйге тапсырма беру мақсаты: Үйде мұғалімнің көмегінсіз өтілген сабақты өздігінен орындап, тақырыпты пысықтайды. Бұл оқушының өздігінен үздіксіз оқып-үйренуіне, білім алуына бағытталады.