Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
|
деректердің типін
пайдаландыңдар?
|
|
|
10 мин.
|
Жаңа сабаққа кіріспе Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
Жаңа ақпаратты топта бірін-бірі үйретіп, түсіну үшін
«Insert» әдісін
қолдану.
(Т) Білу кезеңі және түсіну кезеңінде төмендегі сұрақтарға жауап іздей
отырып, жаңа білімді игеру.
|
Білу кезеңі:
«Шартты форматтау» дегеніміз не?
Шартты форматтау құралдары қандай бөлімдерден тұрады?
Шартты форматтау бөліміндегі қандай қызмет түрлері бар және олардың қызметтері қалай сипатталады? Түсіну кезеңі:
«Таңбалар жиынтығы» (Набор значков) бөлімінде ұяшықтарға таңбаларды қою әдісін түсіндіріп беріңдер.
Бірінші және соңғы мәндерді іріктеу
ережесін түсіндіріп беріңіз.
пайдаланушыға қандай пайдасы бар?
|
Дескриптор:
-
Оқулықтағы мәтінді оқиды.
- Білу және Түсіну деңгейіндегі берілген сұрақтарға жауап жазады.
Бағалау Топтағы оқушылар бір- бірін
«Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
|
7-сынып оқулығы.
|
Сабақтың ортасы
16 мин
|
(Ж) Практикалық жұмыс
1-тапсырма
«Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі» бөліміндегі «Больше...» (Үлкен) батырмасының қолдануын зерттейміз. 2-тапсырма
«Бірінші және соңғы мәндерді іріктеу ережесі» батырмасының қолдануын зерттейміз.
тапсырма
«Гистограмма» батырмасының жұмысымен танысамыз.
тапсырма
«Набор значков» (Таңбалар жинақтары) -
батырмасы қызметін зерттеу.
|
Бағалау Топтағы оқушылар бір- бірін
«Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
|
7-сынып оқулығы
Компьютер
|
|
(Т) Жинақтау Топта пікір алмасу. Ортақ тұжырымға келу.
Шартты форматтау әдісін қолдануға екі нақты мысал құрастырып, ұсыныңдар.
Шартты форматтау бөлімін
пайдаланудың
|
Дескриптор:
Екі нақты мысал құрастырып, ұсынады.
Шартты форматтау бөлімін пайдаланудың жетістіктерін атайды.
|
Бағалау Топтағы оқушылар бір- бірін
«Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
|
А4, А3
қағаздары, маркер, стикерлер
|
|
жетістіктерін
атаңдар.
|
|
|
|
Сабақтың соңы
7 мин
Рефлексия
|
Сабақты бекіту Диалогті ұйымдастыру ауызша немесе жазбаша тарату арқылы жүргізіледі.
|
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:
Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды?
Маған ... қызықты болды.
Маған түсінуге ... қиын болды.
Мен ... түсіндім.
Сабақ маған тұрмыстағы/техникадағы
... түсінуге мүмкіндік берді.
қосымша ізденуді қаладым.
|
Бағалау: Топтағы оқушылар бір- бірін
«Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
Үй тапсырмасы
«Жеңіл атлетикадан жарыс»
Жүгіру мен ұзындыққа секіру жарысының қорытындысы кесте түрінде берілген (6-кесте). Жүгіру мен ұзындыққа секіру жарысының үздік нәтижесін анықтаңдар. Жүгіру бойынша жеңімпаздың аты-жөнін қызыл түспен ерекшелеңдер. Ұзындыққа секіру жарысының жеңімпазының аты-жөнін көк
түспен ерекшелеңдер.
|
ҚМЖ-ға ҚОСЫМША
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жүргізіледі. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың
«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.
Құндылықтарға баулудағы мақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге талпыныс пайда болып, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады. Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл -күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.
| Достарыңызбен бөлісу: |