«Информатика» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процесін ұйымдастыру және тиімді жоспарлау мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесіне дер кезінде түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі мерзімде оқу блогы аяқталғанда жүргізіледі, оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету үшін пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою барысында қолданылады.