5-сынып «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылы бойында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны бағдарламаның пән бойынша оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды.
Оқыту мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушыны бағалауға, сонымен қатар оларды әрі қарай оқыту кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
«Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 5 бөлімді қамтиды:
Ақпаратты ұсыну;
Компьютерлік графика;
Роботтехника;
Роботтардың жарысы;
Компьютер және қауіпсіздік.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныбына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар