Р. А. Қадырқұлов, У. А. Ғайыпбаева



бет18/28
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#121248
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
Informatika Metodika 5 kl Kaz

2-бөлім: Компьютерлік графика
2.1. Растрлық және векторлық графикалық редакторлар

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.2.2 растрлық кескіндерді жасау және өңдеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • графикалық редакторларды анықтайды.

Көптеген оқушылар:



  • графикалық редакторларды салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • графикалық редакторларды қолданудың маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология.
Сабақта қолданылатын темин сөздер.




Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі




кескін

изображение

image

цифрлық фотосурет

цифровое фото

digital photo

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау.

  • Графикалық редактор дегеніміз не? Оның қызметі не?

  • Компьютерде сурет, кескін және фотосуретті өңдеуге арналған қандай графикалық редакторларды білесің?

  • Компьютерде қандай графикалық редакторлармен жұмыс жасауды ұнатасың?

Жазу.
Растрлық және векторлық графикалық редакторларды жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Презентациядағы бейне. 4- сынып.

Пәнаралық байланыс

Сурет, Сызу, Ағылшын тілі, Орыс тілі.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс- әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
10 мин

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты пысықтау: «Ыстық орындық» ойыны. Оқушылар бөлім тақырыптары бойынша орындықта

Орындық




отырған оқушыға сұрақтар қояды. Оқушы тез жауап бермесе күйіп қалады.




Сабақтың ортасы
3 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

Оқулық




  • Графикалық редактор дегеніміз не? Оның қызметі не?







  • Компьютерде сурет, кескін және фотосуретті өңдеуге арналған қандай графикалық редакторларды білесің?







Компьютерде қандай графикалық редактормен жұмыс істеуді







ұнатасың?




5 мин


Оқулықпен жұмыс.







Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады.







Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды.







(Бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады.)




8 мин

Жеке практикалық жұмыс орындау







Paint.NET растрлық және Photo Brush векторлық,







графикалық редакторларды кезегімен іске қос.







Компьютерге орнатылған программаларға сілтеме беретін







таңбашалар (ярлык) жұмыс үстелінде немесе Барлық







программалар (Все программы) тізімінде орналасады.




4 мин


Төмендегі тапсырмаларды орында.

  • Екі программада да қарапайым жапырақтың суретін салып, масштабын үлкейт, суретті сақта.

  • Векторлық және растрлық графикалық редакторларда салынған жапырақтардан қандай ерекшеліктерді байқадың? Қай программада салынған жапырақ сәтті шықты?

Дескриптор:

  • растрлық программада сурет салады;

  • векторлық программада сурет салады;

  • растрлық және векторлық графикалық редакторларда салынған суреттерді салыстырады.

Топтық жұмыс







Екі программаның да терезелерін ашып, олардың құрылысын салыстырыңдар. Олардың терезе құрылысында, құралдарының орналасуында қандай айырмашылық пен ұқсастықтары бар екенін салыстырыңдар. Қайсы программаның интерфейсі ұнады? Не үшін? Дәлелді мысалдар келтіріңдер.







Paint.NET расторлық және Photo Brush векторлық
графикалық редакторларының құралдарының мүмкіндігін бағалаңдар?




Сабақтың

Кестені толтырыңдар.

А4 парағы

соңы

Графикалық редакторларға мысалдар келтіріңдер:




5 мин




Растрлық редактор










Векторлық редактор










Фрактал генераторлар







3 мин

Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

Компьютер





Рефлекси я
2 мин

«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді.

Үй тапсырмасы






Тақырып бойынша тест құрастырып келу.




2-бөлім. Компьютерлік графика
2.2. Растрлық суреттерді құру және редакциялау

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.2.2 растрлық кескіндерді жасау және өңдеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • растрлық графикалық редактордың құралдарын анықтайды.

Көптеген оқушылар:



  • PaintNet редакторының құралдарының қызметін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • растрлық графикалық редакторды қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология
Сабақта қолданылатын термин сөздер:
монитордың айырымдылығы – разрешение монитора – monitor resolution түзу сызық – прямая линия – straight line.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау.

  • Сурет және кескіндерді өңдеу дегенді қалай түсінесің?

  • Растрлық графика қалай жасалады? Есіңе түсір!

Жазу.
Paint.NET графикалық редакторында сурет құру алгоритмін жазыңдар.

Алдыңғы алған
білімі

Векторлық және растрлық графикалық редакторлар.

Пәнаралық
байланыс

Көркем еңбек, Ағылшын тілі, Орыс тілі.

Құндылықтарға
баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Өткен сабақты пысықтау: «Анаграмма» таратылады. Оқушылар сөздерді сызып белгілейді.
Анаграмма.

Орындық





Вектор, растр, пиксель, түзу, нүкте, фото, масштаб, түстер, палитра, штамп.


Ауызша мадақтау, ынталандыру.




Сабақтың ортасы
3 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  1. Қағазға салған сурет пен компьютерде салған суреттің қандай ерекшелігі бар?

  2. Сурет және кескіндерді компьютерде өңдеу дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Суреттерді компьютерде өңдеу кезінде адам неге тәуелді болады?

Оқулық

5 мин


Оқулықпен жұмыс
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).







Жеке практикалық жұмыс орындау




10 мин

Қазақтың ою-өрнегі, үй жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Ертеден ою-өрнектер жасауда геометриялық фигураларды қолданған. Ата-бабаларымыз ер-тұрман жиектеріне түрлі геометриялық фигуралардан өрнектер салса, ал аналарымыз тұрмыста қолданылатын заттарға ою-өрнектер салған. Практикалық тапсырмаларды орындау барысында 3-суреттегі геометриялық фигураларды салу құралдарын қолдан.
















Топтық жұмыс




5 мин


Paint.NET графикалық редакторы құралдарының (3-сурет) жұмысын талдаңдар. Әрбір құралдың нақты не істейтінін жазыңдар. Бұл құралдарға тінтуірдің көрсеткішін алып барсаңдар, олардың орыс тіліндегі атаулары шығады. Олардың қазақ және ағылшын тіліндегі аудармаларының баламасын ұсыныңдар.







Дескриптор:

  • растрлық графикалық редакторлардың құралдарын анықтайды;

  • құралдардың қызметін салыстырады.




Сабақтың соңы
5 мин
2 мин

«PaintNet» сөзіне синквейн жасау.
Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

А4 парағы
Компьютер

Рефлексия
2 мин

«Смайликтер» әдісі. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

Үй тапсырмасы




Тақырып бойынша тест құрастырып келу.




2-бөлім. Компьютерлік графика
2.3. Растрлық суреттерді өңдеу

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.2.2 растрлық кескіндерді жасау және өңдеу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • растрлық графикалық редакторда сурет өңдеу құралдарын анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • растрлық графикалық редакторда сурет өңдеу құралдарын салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • растрлық графикалық редакторда сурет өңдеу құралдарын қолданудың ерекшелігін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:
Сабақта қолданылатын темин сөздер.




Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі




қисықтар

кривые

curves







жарықтылық

яркость

bright







Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау.

  • Қолмен салынған суретті қалай түзетіп, өңдейді? Көркем еңбек сабағында алған тәжірибеңмен бөліс.

  • Қағазға салынған суретті қайта өңдеу қиын ба, әлде компьютердегі суретті өңдеу ме? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.

Жазу.
Растрлық суреттерді өңдеу алгоритмін жазыңдар.

Алдыңғы алған
білімі

Растрлық суреттерді құру және редакциялау.

Пәнаралық
байланыс

Сурет, Сызу, Ағылшын тілі, Орыс тілі.

Құндылықтарға
баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Өткен сабақты пысықтау: «Нысана» ойыны.



Шеңбер бөліктеріне сұрақтар жазылады. Оқушылар нысанаға оқ атады, тиген сұраққа жауап береді.

  1. Қандай графикалық редакторларды білесің?

  2. Жаңа файл жасау үшін қандай командаларды орындау керек?

  3. Суреттің параметрлерін басқарудың маңыздылығы қандай?

  4. Графикалық редактордың құралдарын қанша топқа ажыратуға болады?

  5. Графикалық редакторда түстерді қалай басқаруға болады?

  6. Суреттің сапасы қандай параметрге тәуелді?

Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.



Плакат, маркер



Сабақтың ортасы
3 мин

  1. мин




  1. мин

5 мин
5 мин



Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Қолмен салынған суретті қалай түзетіп, өңдейді? Көркем еңбек сабағында алған тәжірибелеріңмен бөлісіңдер.

  • Қағазға салынған суретті қайта өңдеу қиын ба, жоқ әлде компьютердегі суретті ме? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.



Оқулықпен жұмыс.
. Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Жеке практикалық жұмыс орындау

Қоршаған ортаны қорғау тақырыбына байланысты суреттерді өңдеу.


Дескриптор:

  • растрлық графикалық редактордың құралдарын анықтайды;

  • растрлық графикалық редактордың құралдарын қолданады.



Топтық жұмыс

Paint.NET графикалық редакторындағы Эффекты (Әсерлер) бөлімінің ішкі мәзірінде орналасқан әсерлердің түріне талдау жасаңдар. Әрбір әсердің суретті қалай өзгертетінін қағазға жазыңдар. Әсерлердің орыс тіліндегі атауларының қазақ тіліндегі баламасын ұсыныңдар.


Дескриптор:



  • растрлық графикалық редактордағы әсер түрлерін анықтайды;

  • әсер түрлерін салыстырады.

«Эссе» әдісі.


Графикалық редактор көмегімен суреттің сапасын реттеу, оған әсер қосу қаншалықты маңызды?


Дескриптор:



  • графикалық редакторда сурет сапасын реттеуді анықтайды;

  • суретке әсер қосудың маңыздылығын сипаттайды.

Оқулық

Сабақтың соңы
5 мин

«Т» әдісі. Оқушылар коррекция және эффект туралы пікірлерін жазады.

эффект коррекция



А4 парағы
Компьютер







Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.




Рефлексия
1 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Үй тапсырмасы




«Біздің аймақтың экологиялық мәселелері» жобасы
Өзің тұратын аймақтағы экологиялық мәселелерді шешуге қолдау көрсету мақсатында аймақтағы негізгі үш экологиялық мәселені анықтап, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар:

  • Таңдап алған үш мәселе бойынша «Біздің аймақтың экологиялық мәселелері» тақырыбында 3 слайдтан тұратын презентация жобасын жоспарлаңдар.

  • Презентацияның әр слайды бір экологиялық мәселеге арналсын. Әр слайдта мәселенің тақырыбымен, сол мәселені сипаттайтын суретті немесе фотосуретті Интернеттен көшіріп кірістіріңдер.

Paint.NET графикалық редакторында таңдаған суреттеріңнің сапасын түзетіп, әсерлер кірістіріңдер.


2-бөлім. Компьютерлік графика
2.4. Растрлық суреттерді өңдеу. Практикалық жұмыс

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.2.2 растрлық кескіндерді жасау және өңдеу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • графикалық редакторда сурет салу мен өңдеу құралдарын қолданады.

Көптеген оқушылар:

  • графикалық редакторда сурет салу мен өңдеу әрекеттерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • графикалық редакторда сурет салу мен өңдеудің ерекшеліктерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология.
Сабақта қолданылатын темин сөздер.




Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі




құйып бояу

заливка

bucket fill

бұлыңғыр

размытие

blur

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Paint.NET-тің құралдарының арасында ең жиі қолданылатыны қайсы? Себебін түсіндіріңдер?

  • Графикалық редактормен жұмыс істеудің өздеріңе қызықты қандай тұстарын атай аласыңдар?

Жазу.
Растрлық графиканы өңдеу алгоритмін жазыңдар.

Алдыңғы алған
білімі

Растрлық суреттерді өңдеу.

Пәнаралық
байланыс

Сурет, Сызу, Ағылшын тілі, Орыс тілі.

Құндылықтарға
баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі




3 мин

Сәлемдесу, түгендеу.







Сыныпта көңілді ахуал орнату.




7 мин

Өткен сабақты пысықтау

Плакат,




«Біздің аймақтың экологиясы» тақырыбында жасаған

маркер




жобаларын топтасып тақтада қорғайды.




Сабақтың ортасы
3 мин
21 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Paint.NET-тің құралдарының арасында ең жиі қолданылатыны қайсы? Себебін түсіндіріңдер?

  • Графикалық редактормен жұмыс істеудің өздеріңе қызықты қандай тұстарын атай аласыңдар?



Жеке практикалық жұмыс орындау

Оқулықтағы «Сабын көпіршігін модельдеу» тақырыбы бойынша компьютермен жұмыс істеу.


Тапсырмалар:


1 және 2-суреттердегі өзгерістерді алу үшін қандай түзетулер мен әсерлер қолданылған?
1-тапсырма. Алматының заманауи фотосуретін ескі фото- суретке айналдыру үшін түзету жұмысын орындаңдар (9 және 10- суреттер).



Дескриптор:



  • ескі суретті анықтайды;

  • суретті түзету амалдарын орындайды.



2-тапсырма. Нұр-Сұлтан қаласының фотосуретінен
«Бәйтерек» монументін кесіп алып, әсер беру арқылы 2-
суреттегі көрінісін жасаңдар.



Дескриптор:



  • суретке әсер беру командаларын анықтайды;

  • суретке әсер береді.

Оқулық

Сабақтың соңы
5 мин

«Графика» сөзіне синквейн жасау:

  1. Зат есім (бір сөз).

  2. Сын есім (екі сөз).

  3. Етістік (үш сөз).

  4. Қорытынды ой (төрт сөз).

  5. Мағыналас сөз.

Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.



А4 парағы

Компьюте р



Рефлекси я
1 мин

«Бутерброд» әдісі бойынша оқушылар пікірлерін білдіреді. Алдымен графикалық редакторда сурет салу мен өңдеудің артықшылығын айтады, екінші кемшілігін айтады, үшінші т. с. с. артықшылығын айтады.

Үй тапсырмасы

Тақырып бойынша тест құрастырып келу.




2-бөлім. Компьютерлік графика
2.5. Векторлық суреттерді құру

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.2.3 векторлық кескіндерді құру және өңдеу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • векторлық графикалық редактордың сурет салу және өңдеу құралдарын анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • векторлық графикалық редактордың сурет салу және өңдеу құралдарын салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • векторлық графикалық редактордың сурет салу және өңдеу құралдарын қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:
Сабақта қолданылатын темин сөздер.




Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі




қаңқа

каркас

sceletion

қылқалам

кисть

paintbrus

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Растрлық және векторлық графиканың қандай айырмашылығы бар? Естеріңе түсіріңдер!

  • Нүктелердің координата жазықтығында орналасуын қалай бейнелейсіңдер?

Жазу.
Photo-Brush графикалық редакторының негізгі құралдарын жазыңдар.

Алдыңғы алған
білімі

Растрлық суреттерді өңдеу.

Пәнаралық
байланыс

Сурет, Сызу, Ағылшын тілі, Орыс тілі.

Құндылықтарға
баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Өткен сабақты пысықтау

«Ғажайып ұяшықтар» ойыны


Интерактивті тақта арқылы 10, 20, 30 балл жазылған қызыл, жасыл, көк түсті алты ұяшықтан тұратын кесте беріледі.


Оқушылар кестені таңдап ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

  1. Суреттің сапасын өзгертуге арналған программа қалай аталады?

  2. PaintNet программасында суретті өңдеуге арналған қандай мәзірлер орналасқан?

  3. Коррекция бөлімінде қандай функциялар қолданылады?

  4. Әсерлер бөліміндегі Көркемдік әсері арқылы қандай іс- әрекеттер орындауға болады?

  5. Қылқаламның қалыңдығын баптау үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

  6. Суреттің сапасының төмендігі қандай жағдайда туындайды.

Плакат, маркер



Сабақтың ортасы
3 мин
5 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Растрлық графикалық редакторда сурет өңдеу кезінде қандай ерекшеліктер орын алды.

  • Растрлық графикалық редактордың кемшіліктерін айта аласыңдар ма?

  • Осы кемшіліктерді болдырмаудың қандай жолдарын ұсынуға болады?

  • Растрлық және векторлық графиканың қандай айырмашылығы бар? Есіңе түсір!

  • Нүктелердің координата жазықтығында орналасуын қалай бейнелейді?



Оқулықпен жұмыс:
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Оқулық


10

20

30

10

20

30






5 мин
10 мин





Топтық жұмыс

Photo-Brush графикалық редакторы құралдарының (оқулықтағы 2-сурет) жұмысын талдаңдар. Әрбір құралдың нақты не істейтінін жазыңдар. Photo-Brush пен Paint.NET-тің сурет салу құралдарын салыстырыңдар. Ұқсастық пен айырмашылықтарын атаңдар.


Дескриптор:



  • векторлық графикалық редактордың құралдарын анықтайды;

  • құралдардың қызметін салыстырады.



Жеке практикалық жұмыс орындау
1) Қазақстанда Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің бірі – қызғалдақ. Photo-Brush редакторында берілген қызғалдақ суретін кезең-кезеңімен сал. Суретке атау беріп, *.jpg форматында сақта.



Дескриптор:



  • сурет салу кезеңдерін анықтайды;

  • суреттің пішімін анықтайды.

2) Орманды Жер шарының «өкпесі» деп атайды. Ол Жерді оттегімен қамтамасыз етеді. Photo-Brush редакторын пайдаланып, ағаштың суретін кезең-кезеңімен салыңдар.





Дескриптор:

  • векторлық редакторда сурет салу кезеңдерін анықтайды;

  • векторлық суретті өңдейді.



Тапсырма







Қазақстанда Қызыл кітапқа енген жануарлар көп. Солардың бірін есіңе түсіре отырып, Рhoto-Brush-та суретін салып ұсыныңдар. Суретке атау беріп, *.jpg форматында сақта.
Рhoto-Brush-тың құралдарымен суретті салу қаншалықты қолайлы? Бағалаңдар.
Дескриптор:

  • векторлық графикалық редакторда сурет салады;

  • суреттің форматтарын анықтайды.




Сабақтың соңы
6 мин

«Серпілген сауалдар» ойыны.
Оқушылар допты бір-біріне лақтырып, сұрақтар қояды. Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

Доп

Компьюте р



Рефлекси я
1 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Оқушылар тақырыптың жақсы екі жағын, бір жағымсыз жағын айтады.

Үй тапсырмасы




«Векторлық графика» тақырыбындағы зерттеу жобасын орында.

  • Векторлық әдіспен сурет салатын программалар.

  • Векторлық суреттердің қасиеттері.

  • Векторлық суреттердің ерекшелігі.

  • Векторлық суреттерді пайдаланудың тиімділігі.


2-бөлім: Компьютерлік графика
2.6. Қисық бетімен жұмыс

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.2.3 векторлық суреттер жасау және өңдеу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Photo Brush редакторының қызметтерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:



  • Photo Brush редакторының қызметтерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • Photo Brush редакторының қызметтерін қолданудың маңыздылығын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология.
Сабақта қолданылатын темин сөздер.




Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі




ауысу

сдвиг

shift

ескі фотолар

старые фото

old photos

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Paint.NET графикалық редакторларында түстердің сапасы қалай реттеледі? Естеріңе түсіріңдер.

  • Paint.NET-те суретті өңдеу үшін қандай әсерлерді қолдану тиімді болады? Ойларыңмен бөлісіңдер.




Жазу.
Векторлық суретке әсер беру командаларын жазыңдар.

Алдыңғы алған
білімі

Векторлық суреттерді құру.

Пәнаралық
байланыс

Сурет, Сызу, Ағылшын тілі, Орыс тілі.

Құндылықтарға
баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
7 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.


Өткен сабақты пысықтау
«Квест» ойыны. Photo- Brush құралдарының суреттері топтарға беріледі. Суреттің аттары жазылған парақшалар сынып ішінде жасырынған. Оқушылар парақшаларды жылдам тауып суреттерге жапсыруы керек. Бірінші жеңген топ жеңілген топқа өткен сабақ туралы сұрақтар қояды.






Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

А4 парағы



Сабақтың ортасы
3 мин

  1. мин


  1. мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Paint.NET графикалық редактоларында түстердің сапасы қалай реттеледі? Есіңе түсір.

  • Paint.NET-те суретті өңдеуде қандай әсерлерді қолдану тиімді болды? Ойыңмен бөліс.

Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Жеке компьютерде практикалық жұмыс орындау

Оқулық

6 мин



4 мин

Тарихқа бай Түркістан қаласы – Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Түркістан – қазақ елінің рухани жүрегі, қасиетті қала. Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының ескі суреттерінің бірін Интернеттен көшіріп, компьютерге сақтай отырып, өңде (7- сурет, дереккөз: https://nailizakon.com ). Тапсырма:

  1. Photo-Brush-қа музей фотосуретін орналастыр. Фотосурет бетіне Чеканка (Дөңестік) әсері арқылы рельефтік өзгерістер жасап, суретті бұдан да көнерте түс.

  2. Музей фотосуретінің сол жақ жоғары бұрышына жарқыл бер.

  3. RGB Кривые... (RGB Қисықтар ...) командасының көмегімен суреттің түсіне қажетті түзету жаса (8-сурет).


Дескриптор:

  • векторлық графикалық редакторда фотосурет орнатады;

  • қисық командасын қолданып, суреттің түсіне өзгерту жасайды.

Тапсырмалар
1-тапсырма.
Интернеттен немесе компьютерде орналасқан суреттердің арасынан 2 сурет таңдап алып, редактордың жұмыс алаңына орналастыр. RGB қисықтарын пайдаланып, суреттің түсінің сапасына мүмкіндігінше түзету енгіз. Суретті *.jpg форматында сақта.
Дескриптор:

  • суретті векторлық графикалық редакторға орнатады;

  • қисық командасын қолданады;

  • сурет пішімін анықтайды.



2-тапсырма.
Интернеттен немесе компьютерде орналасқан суреттердің арасынан елімізде орналасқан табиғи қорықтардың бірінің суретін көшіріп, редактордың жұмыс алаңына орналастырыңдар. Осы суретке Эффект (Әсерлер) тақтасында орналасқан әсерлер арасынан Искажения (Бұрмалау), Старые фото (Ескі фото) және Неон (Неон) әсерлерін таңдаңдар. Суретке әрбір берген әсерден соң оны қайта атап, сақтаңдар.
Дескриптор:

  • суретке бұрмалау әсерін береді;

  • суретке ескі фото әсерін береді;

  • суретке неон әсерін береді.

Топтық жұмыс







«Венн диаграммасы»
Photo-Brush пен Paint.NET-тің әсерлер беру құралдарын және түсті реттейтін қисықтар жұмысын салыстырыңдар. Ұқсастық пен айырмашылықтарын атаңдар. Қай графикалық редакторда суретті өңдеу қолайлы?
Дескриптор:

  • растрлық және графикалық редакторларда сурет өңдеу командаларын анықтайды;

  • растрлық және графикалық редакторларда сурет өңдеу командаларын салыстырады.




Сабақтың соңы
5 мин

Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

Компьюте р

Рефлекси я
1 мин

«Бағдаршам» әдісі. Оқушылар сабақта не жақсы түсінікті болды – жасыл
түске, нені онша түсінбед і– сары түске, не білгісі келеді – жасыл түске стикерге жазып жапсырады.

Үй тапсырмасы






Қазақстан жері тарихи орындарға бай.
Тапсырма. Интернетті пайдаланып елімізде орналасқан тарихи ескерткіштерден 4 фотосуреттен тұратын альбом құрастыр.

  • Интернеттен көшіріп алған 4 фотосуреттің форматын тексер. Өзгерту қажет болған жағдайда барлық суретті Photo-Brush-та бірдей *.jpg форматына өткіз.

  • Барлық суреттердің RGB қисықтарын тексеріп, сақта.

  • Суретке әсерлер қолданып, өңде.

  • Суреттерді «Тарих» бумасының ішіне атау беріп, сақтаңдар.




2-бөлім: Компьютерлік графика
2.7. Растрлық және векторлық суреттерді салыстыру

Мектеп:

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.2.4 растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • растрлық және векторлық графиканы анықтайды.

Көптеген оқушылар:



  • растрлық және векторлық графиканың қызметтерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • растрлық және векторлық графиканы қолданудың ерекшеліктерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология Сабақта қолданылатын термин сөздер: масштабтау – масштабировать – to scale дөңгелек – круг – round.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Растрлық және векторлық негізде жұмыс істейтін графикалық редакторлардың жұмысында қандай айырмашылықтар байқалды?

  • Қалай ойлайсыңдар, растрлық және векторлық графикаларды біріктіріп, жалғыз графикада істеуге неге болмайды? Ойларыңмен бөлісіңдер.

Жазу.
Растрлық және векторлық графиканың айырмашылықтарын жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Растрлық және векторлық графикалық редакторлар.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, Ағылшын тілі, Орыс тілі.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосымша ресурстар

Сабақтың басы
3 мин
8 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Өткен тақырыпты қорытындылау
«Мен саған, сен маған» әдісі бойынша оқушылар «Тарих» бумасында сақталған жұмыстарын тақтада қорғайды, сыныптағы оқушылар сұрақ қояды.

А4 парағы



Сабақтың ортасы
3 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Растрлық және векторлық негізде жұмыс істейтін графикалық редакторлардың жұмысында қандай айырмашылықтар байқалды?

Оқулық


  1. мин


  1. мин

5 мин
4 мин



  • Қалай ойлайсың, растрлық және векторлық графикаларды біріктіріп, жалғыз графикада істеуге неге болмайды? Ойыңмен бөліс.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).


Жұптық жұмыс

Оқулықта 3-суретте екі автомобильдің суреті берілген. Осы суреттерді торкөз қағазға салыңдар.



    • Қандай айырмашылық байқадыңдар?

    • Бұл суреттердің қайсысы векторлық, қайсысы растрлық?

    • Екі суретті қағазға түсіру кезінде не байқадыңдар?

    • Қай суретті салу оңай, қайсы қиын болды? Не үшін?




Дескриптор:

  • растрлық графикалық суретті анықтайды;

  • векторлық графикалық суреттерді анықтайды;

  • растрлық және векторлық суреттерді салыстырады.



Тапсырма
4-суретте берілген мектеп ғимаратының кескінін Paint.Net және Photo-Brus программаларында орында.
Суреттің сапалы шығуына назар аударыңдар. Түс моделін қадағалап, реттеңдер. Екі программада жасалған суретті *. jpg форматында сақтаңдар.

Дескриптор:

  • растрлық, графикалық редакторда сурет салады;

  • векторлық, графикалық редакторда сурет салады;

  • суреттің сапасын өңдейді;

  • суреттің пішімін анықтайды.




Сабақтың соңы
5 мин

«Эссе» әдісі.

Растрлық және векторлық графиканың компьютер графикасы үшін маңызын бағалап өз ойларыңды жазыңдар.


Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

А4 парағы
Компьюте р

Рефлекси я
1 мин

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін бас бармақтарымен көрсетеді.

Үй тапсырмасы




«Векторлық және растрлық графикаларды салыстыру» тақырыбындағы зерттеу жобасын орындаңдар.

  • Векторлық графика негіздері.

  • Растрлық графика негіздері.

  • Ұқсастық пен айырмашылықтары.

  • Қолдану бағыттары.

  • Тиімділік жақтары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет