Өткенсабақтыпысықтау.«Микрофон»әдісі. Оқушылар үйден өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындап келеді. Микрофон кімнің қолында барлық оқушыларға микрофон арқылы сұрақтарын қойып шығады. Ауызша мадақтау, қолдау көрсету
Микрофон
Сабақтыңортасы 19 мин
Жекепрактикалықжұмысорындау. Төменде роботқа арнап жазылған программаны құрудың толық алгоритмі берілген.
Робот өз осі бойымен айнала қозғалу үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдаймыз. Блоктың жұмыс режімін Включить (Іске қосу) күйіне орнатамыз, «В» портының қуат мәнін 50-ге,
«C» портының қуат мәнін -50-ге теңеп аламыз.
Нысанды іздеу үшін Ожидание (Күту) блогындағы Ультразвуковой датчик (Ультрадыбыстық датчик)- Сравнение (Салыстыру) - Расстояние в сантиметрах (Сантиметрдегі қашықтық) режімінде датчик көрсеткішінің мәнін 50-ге қоямыз (12-сурет). Мәнді бұлай
Оқулық
5 мин
таңдаудан себеп, робот ринг сыртында тұрған заттарды нысан деп қабылдамауы керек.
Робот өз осі бойымен айнала қозғалып ринг ішіндегі нысанды анықтағанда, өз қозғалысын тоқтату керек. Ол үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдап, моторды өшіру режіміне қоямыз.
Кейінгі қадамда робот нысанға қарай жоғары жылдамдықта қозағалу үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдап, блоктың жұмыс режімін Включить (Іске қосу) күйіне орнатып, «В» портының қуат мәнін, «C» портының қуат мәнін 50-ге теңейміз.
Робот нысанға қарама-қарсы келіп, оны ығыстыру кезінде рингтің қара сызықты шегарасынан шығып кетпеу үшін Ожидание (Күту) блогындағы Датчик цвета (Түс датчигі)- Сравнение (Салыстыру) – Цвет (Түс) режімін таңдап, датчиктің анықтайтын түсі ретінде 1, яғни қара түсті таңдау керек.
Робот нысанды ығыстырып, қара сызықты басқанда өзі де тоқтау керек. Ол үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогын таңдап, моторды өшіру режіміне қоямыз.
Роботты USB кабелі арқылы программа жазып отырған компьютер немесе ноутбукке қосқанда, робот порттарына жалғанған датчиктердің жұмысын бақылауға болады. Программаның құрылымы төменде берілген.
Дескриптор:
роботтың өз осі бойымен айналу қозғалысын анықтайды;
нысанды іздеу үшін қолданылатын датчиктерді анықтайды;
робот қозғалысын тоқтату алгоритмін анықтайды;
робот нысанға қарай жоғары жылдамдықта қозғалу алгоритмін анықтайды.
Топтықжұмыс
Робо-сумо жарысының толық ережесімен таныса отырып, сумошы роботқа арналған алгоритм мен программаны салыстырып, талдау жасаңдар. Алгоритмде көрсетілген қадамдар толық орындала ма? Анықтаңдар.
Дескриптор:
робот қозғалысына арналған алгоритм мен программаны анықтайды;
робот қозғалысына арналған алгоритм мен программаны салыстырады.
Сабақтыңсоңы 5 мин
Жұптықжұмыс Робо-сумо жарысының ережелерін есепке ала отырып, сумошы роботқа арналған басқа қандай алгоритм ұсына аласыңдар?
Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.
А4 парағы
Компь- ютер
Рефлексия 1 мин
«Бағдаршам» әдісі. Оқушылар сабақта жақсы түсінгендерін жасыл түске, онша түсінбеген сұрақтарын қызыл түске, мүлде түсінбегендерін сары түске стикер арқылы жапсырады.
Үйтапсырмасы
Суретте берілген ультрадыбыстық датчигі бар робот программасының жұмысын талдаңдар. Программа жұмыс істегенде робот өзін алаңда қалай ұстайды? Талдаңдар.