Р. А. Қадырқұлов, У. А. Ғайыпбаева



бет1/28
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#121248
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Informatika Metodika 5 kl Kaz

Р.А. Қадырқұлов, У.А. Ғайыпбаева


ИНФОРМАТИКА


Әдістемелік нұсқау


Жалпы білім беретін мектептің
5-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған

АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ




Қадырқұлов Р.А., Ғайыпбаева У.А.


Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау / Р. А. Қадырқұлов, У.А. Ғайыпбаева. Алматы: АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ, 2020 – 109 бет; суретті.
© Қадырқұлов Р.А., Ғайыпбаева У.А. мәтіні, 2020
© «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2020

Алғы сөз


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелестік қа- білетімен айқындалады делінген. Әрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерді игеруі қажет екенін жіктеп көрсетеді. Солардың бірі – компьютерлік сауаттылық.


Компьютерлік сауаттылық – адам қызметінің барлық салаларында, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақпараттық технологияларды табысты қолданатын тұлғалық сапа.
Білім алушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту – оқыту мен оқу үдерісінде, ғылымның әртүрлі салаларын игеруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік нұсқау 5-сыныпқа арналған «Информатика» пәнін оқытуда мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Әдістемелік нұсқауда жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай дайындалған оқулықты үйлесімді пайдалану үшін әрбір тақырыпты тиімді жоспарлау, оқыту және бағалауды ұйымдастыру барысында мұғалімдер қауымына арналған бағыт-бағдар берілген.
Сонымен қатар «Информатика» пәнін оқытудың мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері, оқушы жетістігін бағалау, оқытудың әдістемелік ерекшеліктері, оқулық мазмұнының құрылымына түсіндірме, ұзақмерзімді және қысқамерзімді сабақ жоспарлары қамтылған.
Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық сұрақтар, өз бетімен түсінуі үшін теориялық ақпарат, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу, жобалау және үй тапсырмалары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп беріледі.
Қазіргі оқу-әдістемелік кешеннің заманауи компоненттерінің бірі білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар қолданатын интернет-ресурстар (bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz), жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады.
Сіздерге ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен авторлардың жинақтаған тәжірибесі негізінде жасалды.

«Информатика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет