Р. А. Қадырқұлов, У. А. Ғайыпбаева



бет7/28
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#121248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Informatika Metodika 5 kl Kaz

Осы тәсілдер:


  • топпен жұмыс барысында оқушылар жалпы жобамен жұмыс істеуді көздейді. Жобамен жұмыс іс-әрекетінде бірлесіп жұмыс істеу маңызды рөл атқарады, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз үлестерін қосады;

  • ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру – практикалық міндеттерді шешу үшін теорияларды, әдістер мен қағидаларды пайдалану және аналитикалық, практикалық, коммуникациялық дағдыларды дамытуына ықпал ететін нақты оқыту мысалдарын игеру болып табылады;

  • мәселелі-бағдарлы оқыту – мәселені ойлап шығару мүмкіндігі;

  • ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан ойлауды қолдану – тек «жоғары сапалы» ақпаратты пайдалану мүмкіндігі;

  • жобалық жұмыс – әрі қарай жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, тәжірибе жүргізу, істелінген жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау және бағалау, сонымен қатар өз жұмыстарын қорғау мүмкіндігі;

  • алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталандыру;

  • шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап ететін ашық мәселелерді қоя білу.

  1. «Информатика» пәнінің қолданбалық сипатын көрсету мақсаты басқа білім беру салаларымен кіріктірілген міндеттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) қолдану құзіреттiлiгі.

  3. АКТ-ны қолдану дағдыларын оқушылар курсты меңгеру барысында көптеген құрылғылар мен қосымшаларды пайдаланып, ақпаратты іздеу, құру және өңдеу, ынтымақтастық, ақпарат және идеялармен алмасу, өз жұмысын бағалау және

жетілдіру арқылы дамытады.

  1. «Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы келесі әрекеттерді қамтиды:

  • өмірлік оқиғалар мен жүйелерді имитациялау үшін компьютерлік модельдердің қолданылуы және дамуы, сонымен қатар оларды одан әрі қарай зерттеу;

  • практикалық міндеттерді шешу үшін мәтінді, кестелерді, суреттерді өндеуде, анимация құруда, аудио және видеоны өңдеуде бағдарламалық жабдықталуды пайдалану;

  • логикалық және есептеу қабілеттерін талап ететін жоғары деңгейдегі бағдарлама әзірлеу;

  • практикалық міндеттерді шешуде және деректерді сақтау мен ұйымдастыруда АКТ құралдарын пайдалануда шығармашылықты қолдану;

  • белгілі бір тақырып бойынша біріккен топтық жұмысты ұйымдастыру үшін электрондық құрылғылар көмегімен ақпарат жинау және тәжірибе алмасу;

  • өздігінен және кәсіби оқу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту;

  • плагиат, вирустар, компьютерлік тәуелділік және т.б. мәселелерге қатысты жеке көзқарастарды есепке алып, тұлғалық құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарды нығайту;

  • әртүрлі дереккөздерден алынған материалдарды саралауды қажет ететін коммуникативтік дағдыларды дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет