Р. А. Қадырқұлов, У. А. Ғайыпбаева



бет10/28
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#121248
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Informatika Metodika 5 kl Kaz

Талдау сатысында берілген оқу материалын терең түсініп, оларды зерделейді, құрылымын анықтау үшін тұтас бөліктерді құрамдас бөліктерге бөледі, оларды ажыратады, өзара байланыстарды айқындайды.
Жинақтау сатысында оқушылар өз ойларын тұжырымдап, оқу материалын талдау нәтижесінде алған білімдерін жаңашыл сипатта қорытады, өз идеяларын немесе үлгілерін, жобаларын ұсынуды үйренеді. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын өзгеше ретпен хабарлау (баяндау, пікір таласу), жұмыс жоспары, схемалар, жобалар түрінде ұсынуды қарастырады.
Бағалау сатысында берілген оқу материалының информатика саласында және күнделікті өмірде пайдалануының маңызын анықтайды, ол туралы өзіндік пікір ұсынуды, ойын білдіруді үйренеді.
Оқулықты меңгеру оңай болу үшін әр тақырып спиральдік білім жүйесі бойынша қарапайымнан күрделіге қарай ауысып отырады. Берілген практикалық тапсырмалар оқулықпен бірге және өз бетінше орындауға қолайлы етіп құрастырылған.
Оқулықпен жұмыс жасау барысында оқушыларда төмендегі көрсетілген дағдылар:

  • оқулықта берілген теориялық материалдар мен практикалық жұмыстарды талдау, жинақтау және бағалау негізінде берілген тапсырмаларға топта және жұпта «жобалау» жұмыстарын жасау;

  • ақпараттық үдерістердің қоғамдағы рөлін түсіну және оған сындарлы баға беру;

  • ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдалану мәселелерін түсініп, анықтау;

    • ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану;

      • талдау, модельдеу мен программалау тапсырмаларын шешу;

      • ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

      • технологиялық ғылыми тілді меңгеріп, пән бойынша тілдік дағдыларды дамыту мақсат етіледі.



Практикалық жұмыстарды орындау Практикалық жұмыстар бөлімінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан қарастырып, компьютерде жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Оқушылардың қабылдауына оңай болуы үшін теориялық материалды практикалық тапсырма арқылы түсіндіру әдісі қолданылған. Оқулықты оқушылар мұғалімнің
көмегінсіз де өздері оқып, түсінеді. Тапсырмаларды өз бетінше орындау ыңғайлы болуы үшін практикалық бөлім екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде практикалық тапсырмалар толық түсіндіріледі, ал екінші кезеңде оқушылар алдыңғы кезеңде алған практикалық білімдерді қолдана отырып, өз бетінше орындауына тиімді болатындай жасалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет