5-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
«Компьютердің құрылғылары». Ақпараттық цифрлық тасымалдаушылар;
«Компьютерлік желілер». Ортақ файлдармен жұмыс (орналастыру, редакциялау, жүктеу);
«Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпаратты әртүрлі объектіде ұсыну: байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштар. Мәтіндік ақпаратты кодтау. Ақпараттың екілік көрінісі;
«Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру». Мәтіндік редактор: беттің параметрлері, алдын ала қарау. Компьютерлік графика: растрлық кескіндерді жасау және өңдеу, векторлық суреттер жасау және өңдеу, растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері;
«Программалау». Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау. Роботты көрсетілген градусқа бұру. Робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигі. Нысанды табуға арналған ультрадыбыстық датчик;
«Роботтехника». Роботты анықтау. Робот түрлерінің үлгілері және оларды қолдану салалары. Робототехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктерінің мысалдары. Гироскопиялық датчиктің жұмыс істеу принципі;
«Денсаулық және қауіпсіздік». Қауіпсіздік ережелері. Біреудің жұмысын көшірудің заңсыздығы. Құжаттарға арналған пароль.
Қазіргі заманда сенімді, жауапты және зияткер тұлға болу қағидасы тұрғысынан алғанда оқушылардың өз-өзінен «оқуы» және жұмыс істеуі, қызығуы білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, мұғалімдерден оқушылардың бойында төмендегі қасиеттерді тәрбиелеуі және дамытуы күтіледі:
оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және оның бойындағы білімін, білігін, дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;
тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;
модельдеу және есептердің шешімін табу мысалдары арқылы оқу материалын оқушыға түсінікті тәсілмен көрсету;
оқыту барысында «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушыларды қолдау;
есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен белсенділігін ынталандыру;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу іс- әрекеттерін ұйымдастыру.