Қр білім және ғылым министрлігі «Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебі»ММ


«Сиқырлы таңбалар» логикалық есептер



бет3/3
Дата07.05.2020
өлшемі1,13 Mb.
#66416
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Баяндама Нартай Матенов

3. «Сиқырлы таңбалар» логикалық есептер. Бұрыннан белгілі логикалық есеп түрлерінің бірі. Теңдік дұрыс болатындай етіп таңбалар, жақша қою керек.



4.Сьюжетті логикалық есептер. Мұндай есептер сөйлеммен беріледі. Сол сөйлемдегі мәліметтерді саралап, тұжырымның ақиқаттығы немесе сұрақтың жауабы табылады. Оқушылардың дедуктивті ойлауын дамытады.

Мысалы: Орманда 6 түрлі ағаш өсіп тұр:қарағай,жөке,шырша,терек,үйеңкі және сексеуіл.Жөке теректен аласа,шырша сексеуілден биік,қарағай үйеңкіден аласа,шырша жөкеден аласа,қарағай теректен биік екені белгілі.Ағаш аттарын ұзыңдық өлшемдерінің кему ретімен жазыңыз.



5. Жаңылыстырушы логикалық есептер.  Алғашқыда көбіне оңай көрінеді, бірақ адамды арандататын және екі ойлы жағдайға тап қылатын есептер. Мысалы:

Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше перзенті бар?

6-қабатты үйде бірінші қабаттан екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ ұзындығы бірінші қабаттан алтыншы қабатқа көтерілетін баспалдақ ұзындығынан неше есе кіші?

10 метрлік 8 бөренені 2 метрлік бөліктерге бөлу үшін неше рет кесу керек?



Әрине жоғарыда көрсетілген есеп түрлерінен басқа көптеген логикалық есеп түрлері бар. Осындай логикалық тапсырмаларды өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артуда. Тапсырмаларды бір рет қана пайдалануға емес үнемі пайдалануға ыңғайлап жасаған дұрыс. Қазіргі технологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, логикалық тапсырмаларды қызықты және сапалы қылып жасап, дайындау әр мұғалімге сабақ барасында көп көмегі тиеді деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет