Қр білім және ғылым министрлігі


Өзін - өзі бақылау сұрақтары



бет7/14
Дата31.01.2018
өлшемі3,74 Mb.
#36359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Бөлшектенудің жалпы сипаттамасы, оның биологиялық маңызы неде?

2. Бөлшектену түрлері, оның жұмыртқа құрылымына байланыстылығы неде?

3. Бластула түзілуінің жалпы сипаттамасы, оның биологиялық мәні неде?

4. Қандай бластула түрлерін білесіз?

5. Бөлшектенуде, бластула түзілуінде жасушалардың ерекшеліктері бар ма?

6. Бластомерлерді бөліп алудағы, оны алмастыруда, ядролардың белсенділігін жоюда ядро мен цитоплазманың рөлі қандай?

8 тақырып. Гаструляция.

Мақсаты: Гаструла түзілуінің маңызын, тәсілдерін, ерекшеліктерін, оның қалыптасуын зерделеу.

1 тапсырма. “Бақа гаструласы” препаратын көріп, бейнелерін дәптерге салып алып, белгілеу керек.

2 тапсырма. “Алғашқы жолақ” препаратын мұқият қарап, ұрық жапырақшаларын ажыратып, бейнелерін дәптерге салып алып, белгілеу керек.

3 тапсырма. Түрлі-түсті суреттерді ықыласпен қарап, ерекшеліктерін көріп, дәптерге салып алып, белгілеу қажет.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Гаструляция процесін сипаттаңыз.

2. Бластопордың маңызы және тағдыры туралы не білесіз?

3. Алғашқы, соңғы ауыздыларда мезодерма негізі қандай тәсілдермен қаланады?



  1. Гаструляция түрлерін атаңыз.

  2. Гаструляцияның маңызы неде?

9 тақырып. Білікті ағзалардың қалыптасуы.

Мақсаты: Уақытша ағзалардың кімдерде, қалай пайда болуын түсініп, оны баяндай алу.

1 тапсырма. 38 беттегі 3 тапсырманы орындау керек.

2 тапсырма. 41 беттегі 4 тапсырманы орындау керек.

3 тапсырма. “Адам амнионы” құрылысын еске алып, оның аттарын білгеннен кейін оқу дәптеріне қандай ұрық жапырақшаларынан қалыптасатынын жазып алып, оларды жақсы меңгеріп алған жөн.

4 тапсырма. “Хорион бүрі”, “Дене қатпары” препараттарын “МБИ”, “Биолам” микроскоптарына қойып, препараттарды әр объективте көріп, бейнесін дәптерге салып, белгілеу қажет.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Білікті ағзаларға не жатады? Олардың қайсысы алдымен қалыптасады?

2. Аллантоис қандай ұрық жапырақшаларынан түзіледі?

3. Сүтқоректілерде ғана болатын қағанақ қабығы неден түзілетінін атап, қандай қызмет атқаратынын түсіндіру қажет.



9 тақырып: Ланцетниктің дамуы.

Мақсаты: Бөлшектену және гаструла түзілуінің ерекшеліктерін, бластуланың құрылуын және гаструланың қалыптасуын зерделеу.

1 тапсырма. Ланцетник жұмыртқаклеткасының бөлшектенуіндегі бірізділікті (I-VI) көрсет: 1-жоғарғы беті (полюс); 2-төменгі полюс; 3-жиналған сарыуыз; 4-целобластула; 5-бластодерма жасушалары.





2 тапсырма. Ланцетниктің эмбриогенезінде мыналарды белгіле: 1-целобластула; II-IV гаструляция: 1-эктодерма; 2-энтодерма; 3-желі; 4-мезодерма; 5-жүйке тақташасы; 6-бластопордың жоғарғы және 7-төменгі ерні; 8-бластопор; 9-алғашқы ішек қуысы; 10-екінші ішек қуысы; 11-целом.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет