Ұрықтану дегеніміз не? Оның биологиялық маңызы неде?
Табиғи, жасанды ұрықтанбай өрбу дегеніміз не?
Эмбриогенез дегеніміз не? Оның қандай сатылары бар?
Эмбриогенездің әр сатысына сипаттама бер.
Бластула, гаструла дегеніміз не?
Гаструляция дегеніміз не?
10 тақырып: Тілтіс, омыртқалы ганоидтар және қосмекенділердің дамуы.
Мақсаты: Олардағы сарыуыздың мөлшеріне, әрі онда балаңқұрт сатысы болатындықтан эмбриогенездің күрделенуін және ерекшеліктерін түсіну.
1 тапсырма. Мына суреттен тілтіс жұмыртқаклеткасының бөлшектенуіндегі бір ізділікті (I-VI): 1-бластомералар; 2-амфибластула; 3-бластоцель; 4-бластодерма; 5-бластуланың төбесін және 6-түбін көрсетіңіз де, олардың бейнесін дәптерге салып алып, атауларын жазыңыз.
2 тапсырма. Қосмекенділер эмбриогенезін сипаттап, суреттерді дәптерге салып алып, төменгі белгілерді қойыңыз.
I -амфибластула; II-III-гаструляция; IV-нейрула; 1-эктодерма; 2-энтодерма; 3-желі; 4-мезодерма; 5-жүйке тақташасы; 6-бластопордың жоғарғы және 7-төменгі ерні; 8-бластопор; 9-гастроцель; 10-жүйке түтігі; 11-жүйке өзегі; 12-бөлімденген мезодерма; 13-бөлімденбеген мезодерма; 14-сарыуызды энтодерма (сарыуыз тобы).