Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Амнион қатпары қандай ұрық жапырақшаларынан тұрады, ол қай жерде пайда болады?
2. Хорион дегеніміз не, оны сипаттап, маңызы неде екенін түсіндір?
3. Ұрықтың қай жерінде алғашқы қан тамырлары пайда болады?
17 тақырып. Қағанақ, оның жіктелуі.
Мақсаты: Әртүрлі жануарлардың қағанақ түрлерімен танысу, олардың ерекшеліктерін, жіктелуін ұғып алу. Қағанақтың ұрықтық, аналық бөлімдері қалай қалыптасатынын анықтау. Олардың құрылысын, атқаратын қызметін меңгеру.
1 тапсырма.Эпителиохориалды қағанақ препаратын қарап, суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-аналық бездегі бүрлер, 2-ұрықтық дәнекер ұлпа – бүрлер негізі, 3-ондағы ұрықтық қылтамырлар, 4-хорион эпителийі (цитотрофобласт), 5-аналық эпителий, 6-эндометрийдің дәнекер ұлпа негізі, 7-ондағы қан қылтамырлары.
2 тапсырма. Мына қағанақ: I-эпителиохориалды; II-десмохориалды; III-эндотелиохориалды; IV-гемохориалды түрлерін салып алып, 1-хорион бүрі; 2-жатыр кіріккі эпителийі; 3-жатыр кілегейлі қабығының дәнекер ұлпасы; 4-жатыр кілегейлі қабығындағы қан тамырлары жүйесінің қабырғасы; 5-қан жүйесінің аралығы; 6-қан жүйесінің эндотелийін белгілеу керек.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Қағанақ дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіз.
Қағанақты не құрады және олар қандай қызметтер атқарады?
Қағанақтарды қандай белгілеріне қарап, шашыраңқы, ыдысша, шеңбер, диск тәрізді деп жіктейді? Ондай қағанақтар қандай жануарларға тән болатынын түсіндір.
Гистологиялық жіктеуге сай аталатын қағанақ түрлерін атап, олар қандай жануарларда болатынын баяндау қажет.
Қағанақтың аналық бөлімін не құрады?
Қағанақ тосқауылын құратын ұлпалар құрамбөліктерін ата.
20 тақырып. Білікті ағзалардың қалыптасуы.
Мақсаты: Уақытша ағзалардың кімдерде, қалай пайда болуын түсініп, оны баяндай алу.
1 тапсырма. 38 беттегі 3 тапсырманы орындау керек.
2 тапсырма. 41 беттегі 4 тапсырманы орындау керек.
3 тапсырма. “Адам амнионы” құрылысын еске алып, оның аттарын білгеннен кейін оқу дәптеріне қандай ұрық жапырақшаларынан қалыптасатынын жазып алып, оларды жақсы меңгеріп алған жөн.
4 тапсырма. “Хорион бүрі”, “Дене қатпары” препараттарын “МБИ”, “Биолам” микроскоптарына қойып, препараттарды әр объективте көріп, бейнесін дәптерге салып, белгілеу қажет.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
1. Білікті ағзаларға не жатады? Олардың қайсысы алдымен қалыптасады?
2. Аллантоис қандай ұрық жапырақшаларынан түзіледі?
3. Сүтқоректілерде ғана болатын қағанақ қабығы неден түзілетінін атап, қандай қызмет атқаратынын түсіндіру қажет.
Жаттығу тестлері
Трофобласт, ненің бөлігі:
(А) эпибласт
(Б) ішкі жасуша массасы
(В) гипобласт
(Г) эмбриобласт
(Д) бластоциста
Арқа жақ эктодерманың туындыларын көрсетіңіз:
(А) тер бездері
(Б) жұлын
(В) жатыр эпителийі
(Г) бүйрек эпителийі
(Д) түктер
Жұмыртқакелткасының ұрықтануы мынада жүреді:
(А) құрсақ қуысы
(Б) жатыр қуысы
(В) жұмыртқаклеткасы жолы
(Г) жатырдың мойын бөлімі
(Д) жатыр мойыны аймағы
Сүтқоректілер бөлшектенуі:
(А) толық біркелкі
(Б) толық біркелкі емес
(В) жартылай
(Г) толық асинхронды біркелкі емес
(Д) жартылай асинхронды
21 тақырып. Омыртқалы жануарлардағы ұлпалардың дамуы.
Мақсаты: Ұлпалар дамуының ерекшелігін, олардың қалыптасуын зерделеу.
1 тапсырма. “Тауық ұрығы” (жаппай кесілген) препаратын көріп, бейнесін дәптерге салып, белгілеу керек.
2
Достарыңызбен бөлісу: |