Сана - ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.
Секіріс – сан өзгерісінің сапа өзгерісіне өтуі, сан өлшемнің шегінен асып, басқа сапаға жеткізуі.
Сенсуализм– (лат. sensus – сезім) философиялық ағым, танымның көзі – сезім (түйсік) әрі ақиқаттың өлшемі деп санайды.
Субстанция – (лат. sudstantia – мән, негізінде не жатыр деген сөз) кейбір бастама немесе алғашқы негіз, обьективтік нақтылық, оның өзіндік дамуындағы барлық түрлерінің ішкі бірлігі.
Славянофильдер– Ресейдің тарихтағы жолын уағыздайтындар, оны халықтың діншілдігі, ұжымдылығы және өнегелік құндылықтарға ұмтылысымен негіздейді.
Скептицизм – (гр. skeptikos – құрастырушы, зерттеуші, сынаушы). Обьективтік шындықты танып-білу мүмкіндігіне сенбейтін, күдікке орын беретін философиялық концепция.
Соборлық– шешім қабылдау, қоғамның даму жолын таңдауды ұжым болып талдауды қажет ететін сананың, әрекеттің біріктіруші бастауы.
София – әлемнің даналығы, болмыстың рухани өзегі, құдаймен бірге туып, әлемді жасауға қатысады.
Субстрат– (лат. sub – түпкі және tum - құрылыс) құбылыстың жалпы материалдық негізі. Әлемдегі бар құбылыстар мен процестердің субстраты, қозғалыстағы материя.
Сапа – обьектінің тұрақты, негізгі қасиеттерінің жиынтығы, оның басқалардан айырмашылығының көрсеткіші. Сонымен қатар, ұқсас обьектілерді сипаттайды.